7


  • Учителю
  • Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес.

Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес

ҰБТ кезінде мектеп бітіруші:

Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;

Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз. Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдарының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;

Ойыңды жинақтау! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналаңыздағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;

Қорықпау! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

Тапсырманы соңына дейін оқу! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;

Тексеру! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.

Назарыңызда болсын! Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, нақты тапсырма бойынша Сіздің апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.

Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес.



1. Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол.

2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан.

3. ҰБТ-ке кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген пәніңнен баста.

4. Тестілеу барысында, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше өзіңе жеңіс картинасын суретте.

5. Сағат 3,5 (үш жарым) сағат уақыт беріледі, сол уақытыңды тиімді пайдалан.

6. Біреуден көмек болар деп жалтақтама, өзіңе сен.

7. Қайта жаңғырту арқылы оқығаныңды есіңе түсір.

8. Жеңілден ауырға деген принцип бойынша, алдымен толық білетініңді белгіле.

9. Тестке барарда өзіңе ыңғайлы киіміңді киін.

Іске сәт құрметті мектеп бітіруші түлектер!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал