7


Онлайн беседа с психологом

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

МКҚК «ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»













Облысытық білім басқармасының ұйымдастыруымен өтетін онлайн конференцияға ұсынылады.





ТАҚЫРЫБЫ:



Балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу













Орындаған: педагог-психолог Р.А. Курмашева

































ОРАЛ-2016



Балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу.

Психологтардың зеттеулері бойынша өз-өзіне қол жұмсау мынандай

жағдайларда кездеседі:

- материалдық қиыншылықтар мен сәтсіздіктер;

- кедейлік пен жоқшылық арасындағы қорқыныш;

- қаржылық қиыншылықтар;

- өмірден түңіліс

- қайғы мен реніш;

- отбасылық кикілжің,жақындарын жоғалту.

- денсаулықтың нашарлауы.

- өзіне-өзі қанағаттанбаушылық.

- сәтсіз махаббат пен некесіз ауыраяқтық.

Бұл жағдайларды атағанда

Біз қандаймыз немесе қандай ата-анамыз, деген сұрақ туады.

Шындығына келсек:

  1. Шамадан тыс қамқорлық жасау

  2. Еркелету

  3. Шамадан тыс үміт арту.

  4. Өз пікір, көзқарасымызға бағыттау

  5. Мораль оқу

  6. Тыйым салу

  7. Салыстыру

  8. Бағындыру (солай етсең, мен ...)

  9. Жүре бара тыңдау, сөйлесу (айта бер...)

  10. Сүйіспеншіліктің жетіспеуі (кемшілігін айтуға уақыт табамыз, ал жақсы жақтарын айтуға сараңбыз)

  11. Қатыгездік таныту (қорқыту)

  12. Өз бетімен жіберу

  13. Зиянды әдеттер (ішімдік, шылым шегу т.б)

  14. Дым білмеспіз (көмек сұрағанда)

  15. Бағасын төмендету (сен үнемі...)

  16. Сенімсіздік білдіру

  17. Шекарадан шығу (бір жаққа жұмсағанда- сен үлкенсің, басқа бір жағдайларда сен кішкентайсың...)

  18. Үйдегі байбалам

  19. Шынайылық танытпау

  20. Ат үсті қарау

Осының салдарынан өзін-өзі төмен бағалайтын бала үйден кетуге, қауіпті топтарға тап болуға, ортадан оқшаулануға, топ көшбасшысы болуға тырысуға, бірақ тіл табыса алмауға бейім болады, бұдан келіп әр түрлі күйзелісте психикасы түңіледі.









Баланың психикасына

1. Ата-ана

2. Мұғалім әсер етеді

Бала өмірге келгенде айналаны тани бастайды, біздің әрекетіміз:

А. Ұстама, тиме, алма-қолын байлаймыз, белсенділігін тежейміз.

Б. Барма, баспа-аяғын байлау

В. Қарама-көзін байлау

Г. Айтпа -аузын байлау

- 1-3 жас аралығында: көру, ұстау,жүру-бір сөзбен ортамен танысуы дамиды.Бұл жаста анасының құшағына бөлену, бұдан келіп-сенімді, таза бала қалыптасады.

  • 3-7 жасында әлемді мейірімді деп қабылдау маңыздылығы. Өмір мен өлім туралы ұғымының қалыптасу маңыздылығы -Әже, ата қайда?

  • Мен өліп қалсам не болады? - менің сенен басқа ешкімім жоқ, сен бізге керексің т.б жауап алу маңыздылығы.

  • Бұл жаста қыз балаға әкесінің махаббаты әсіресе қажет, бұның маңыздылығы, болашақта от басын құрғандабілінеді.

  • 7-11жаста мұғалімнің аса бағалауы, бүгін 3 қоям, ертең бұдан да жақсы етіп оқып келсең жақсы баға аласың.

  • 12-15 жаста қалыпты баланың бағасы түсіп кетеді.

  • Сыртқы түрінің өзгеруінен.

  • Өлім туралы пікір қалыптасады.

  • 15-17 жаста алғашқы махаббат-бұл жаста тұрмыс құру, өкінішке әкеліп соқтыруы мүмкін, сондықтан бұл жаста тұрмыс құруға болмайды.

  • 14-20 жаста 30% -өлім туралы ойлайды. Сыртқы түрінен айыру мүмкін емес.

«Көзбен барлығын көру мүмкін емес, тек қана жүрекпен сезіне білу керек»

деген Экзюперидің ұлы сөзі бар.

  • Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті аяқталған яғни, өлімге соқтырған және аяқталмаған (адамның тірі қалуы) болып екіге бөлінеді. Сондай-ақ ол мақсатына қарай нағыз (өзін-өзі құрбан ету мақсатында) және қыр көрсету, ниетіне жету мақсатында басқа адамдардың әдейі аяушылығын туғызу әрекеті болуы да мүмкін, сондықтан:

  • Үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет

  • Баланы жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап, жақсы көретіндігіңізді сездіріңіз.

  • Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.

  • Баланың сұрақтарына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

  • Көбіне балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз, өз өміріңізде жіберген қателіктермен, тәжірибеңізбен бөлісуден қорықпаңыз

  • Баланы кішкентай жетістіктері үшін де мақтап отырыңыз.

  • Балаға емес, оның іс әрекетіне баға беріңіз.

  • Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаға күш көрсетіп тапсырма орындатпаңыз.

  • Баланың қателесуге құқығы бар екенін түсіндіріңіз, дайын ақылдан гөрі, қателесіп барып сабақ алатыны белгілі.

  • Әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.

  • Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне сондай баға береді, осыны ұмытпаңыз.

  • Баланың орнына өзіңізді қойып көріңіз.

  • Баланың шашылып жатқан бөлмесіне ұрыспаңыз, өзінің бөлмесі немесе бұрышы болуы керек, белсенділігін баспаңыз, жалқаулыққа әкеліп соқтыратын үлкендердің осы әрекеті.

  • Ең маңыздысы баламен қарым-қатынаста мәдениеттілікті, проблемаларды талқылағанда, шешім қабылдауына мүмкіндік беру, қолдау көрсету өте маңызды.

  • Қандай ма жағдай болмасын, физикалық күш көрсету өрескел қате.

  • Балаңыздың сүйікті істерімен айналысуына мүмкіндік туғызыңыз, ұнатқан кітабын алып беру, т.б құралдар.

Егер Сіз өзіңізге жақын адамда депрессия басталғанын байқасаңыз, оның себептерін анықтауға тырысыңыз. Бұл - болатын қауіпті жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді. Осыған орай ұсынылатын психологиялық кеңестер:

- Адамның өзі қызығатын жұмыспен айналысуына ықпал жасаңыз.

- Оның бір өзін қалдырмауға тырысыңыз. Егер ол қарсылық білдірсе, онда жайына қалдырыңыз, мүмкін осылай болғаны жақсы шығар.

- Оның Сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы көретініңізді, оның қаншалықты керектігі туралы көп айтыңыз.

- Оның Сізбен бірге болуы өте қажет екендігін көрсете біліңіз.

- Кеңістікті өзгертіңіз, егер мүмкіндік болса, оның барғысы келіп жүрген жаққа немесе оның жағымды естеліктер қалдырған жерлеріне барып қайтуға тырысыңыз.

-Бірге жүретін саяхатқа немесе қонаққа баруды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл оған көп көмегін тигізеді, себебі ол жақын болашаққа өз жоспарларын құра бастайды, сөйтіп теріс ойлардан арылуы мүмкін.

- Депрессия адамда ауыр өтуі мүмкін. Дегенмен одан сауығып кетуге әбден болады.

- Адам бойындағы стрестік жағдайлар мен жүйкенің шаршауы депрессияға жетелейді, сондықтан бұл жағдайдың қайсысы қайдан шығып жатқандығын біле бермейді.

- Өзіңізге жақын адамдарға көңіл бөліңіз, оларды сүйе біліңіз, сонда ғана Сіз күннің күлімдеп жарқырағанын, құстардың қуана сайрағанын сезінесіз...

















«Психологиялық жасты анықтайық»

Адамның нақты физиологиялық жасы оның психологиялық жасымен бірдей ме? Мамандардың айтуынша адамның шын жасын оның өмір сүріп келе жатқан жылдарының саны емес, психологиялық жағдайы мен өмірде көрген тәжірибесі анықтайды екен. Ал сіздің психологиялық сағатыңыз қандай жасты көрсетеді?

  1. Неше жасқа дейін өмір сүргіңіз келеді ?

    2. Сол санды жазыңыз?

    3. Жазған саныңызды 100 санына бөліңіз

    4. Қазіргі жасыңыздың қанша жылына (%) ризасыз ?

    5. Сол санды 100-ге бөлгеннен шыққан санға көбейтіңіз. (Психологиялық жасыңыз шықты)

  • Осы жас қазіргі жасыңыздан 6 жасқа айырмашылығы болса биологиялық жасыңызға қарамастан, сіздің бойыңыздағы жігер мен күш, өзіңізге деген сенімділік жетіп жатыр. Өз өміріңізді өзгертуге энергияңыз жеткілікті.

    * Ал айырмашылық шамадан артық болса, өмір жолында сіз ерте есейіп, балалық шақтың кейбір қызықтарын жіберіп қойған сияқтысыз.

    Сол жастағы болған психикаңыздың түңілуінен 3 күн тек жағымды, пайдалы нәрселермен айналысып санаңызды бақытты өмірмен толтыруға тырысыңыз !

    3 күн, бір күн артық, бір күн кем емес!



    Есте болсын, жасыңыз қанша екені емес, өзіңізді қанша жасқа сезінетіндігіңіз маңызды.













Технологиялық коледж педагог-психологы Р. А. Курмашева



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал