7


  • Учителю
  • Бала өмірдің - басты құндылығы тренинг 7 сынып

Бала өмірдің - басты құндылығы тренинг 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бала өмірі - басты құндылық» тренинг

</

Мақсаты: Ата - аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру. ата - аналардың педагогикалық - психологиялық білімін көтеру, басты байлығы - баласы екеніне кеңес беру.

Көрнекілігі: үлкен ақ жүрек, кішкене қызыл жүрекшелер, бала тәрбиесіне байланысты ұлағатты сөздерді интерактивті тақтада көрсету, майшам, сүт, ас содасы, уксус, т. б.

Барысы:

Құрметті ата - аналар! Бүгінгі «Бала өмірі - басты құндылық» атты тақырыптағы тренингімізге қош келдіңіздер!

Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. мен сіздерге тренинг басталмас бұрын сіздерге жүрекшелер таратқанмын. сол жүрекшелердің артына сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазуларыңыз керек. Қазір сол жүрекшелеріңіз дайын болса, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жабыстырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады.



Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ж. Ж. Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» - деген екен. Осы дана сөзге байланысты мен сіздерге қарапайым ғана бір тәжірибе көрсетейін. Мысалы: мынау ыдыстағы сүт, бұл аппақ, таза. Бала туғанда осы сүттей ақ кіршіксіз, таза болып дүниеге келеді. Бала біртіндеп өсіп келеді. Балабақшаға барады, мектепке барады. Мектепке барған кезде біз балаға олай жасаған дұрыс емес, бұлай жасаған дұрыс емес деп көптеген тыйымдар жасаймыз. Осы сөздерді мына ас содасы ретінде алайық. Сүтке ептеп себейік, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Енді баламыз біртінде жоғары сыныпта оқып бастағанда, біз бұдан да жиірек, көптеген нәрселерді жасауға болмайды деп, көп нәрселерден шеттете бастаймыз. мысалы: «Сабағыңды оқы!», «ҰБТ - ны жақсы тапсыруың керек!» «Қайтсең де жоғары балл жинауың керек!» деген сияқты сөздермен баланың мазасын алып, жалықтырамыз. Сөйтіп бала жаңағыдай сөздерден жалығып, шаршайды. Ал, біз бұл сөздерді «уксус» ретінде алайық. Енді оны сүтке тамызып көрейік. сүт көпіріп, ыдыстан асып - тасып төгілді. Бала осы сүттің реакциясы сияқты әрекетке баруы мүмкін. бұл әрекетті психологияда «Суицид» деп атайды. (Слайд көрсетіп, түсінік беру)



Қазір өмірдің ағымы өзгерді, айналада болып жатқан нәрселердің интенсивтілігі артты. Болып жатқан барлық нәрселерге адамда үлгере алмаушылық пайда болуда, міне, сол себептерден адамда стресс пайда болады. Үнемі осындай проблемалардан шыға алмауына орай адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің өзіне - өзі қол салулары көбеюде. Ендеше құрметті ата - аналар балаларымызды дұрыс түсініп, ренжітпеуге тырысайық. (экранда кеңестер көрсетіліп тұрады)

1. Баланың алдында ұрыс - жанжалдардан аулақ болыңыз, мұндай жағдайларда балада кикілжіңдік әрекеттер қалыптасуы мүмкін;

2. баланың мектепке дейін және мектепте қалай тамақтанып жүргенін қадағалаңыз, себебі көптеген балалар мектепке аш келеді де, агрессивті әрекеттер көрсетуі мүмкін;

3. міндетті түрде өз балаңыздың қабілеттіліктерін адекватты бағалау керек және оның алдына орындалмайтын тапсырмаларды қоюға болмайды. Орындалмаған жағдайда ол фрустрацияға, өзін - өзі бағалауы төмен суицидтік әрекеттерге алып келуі мүмкін.

Ал енді құрметті, ата - аналар!

Мен сіздерге мынандай сұрақ қойғым келіп тұр:

- Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз не? (Жанұя, жолдасыңыз, балаларыңыз, достарыңыз)

Олай болса, бәріміз мына үлкен үйдің макетіне қарайық. Осы үйдің қабырғасы тең, керегесі кең, шаңырағы биік, шаттыққа толуы үйдің іргетасының дұрыс қалануына байланысты дер едім.

Іргетастың дұрыс қалануы үшін ең маңызды бөлшектерін қарастырайық. Ең бірінші тас салуымыз керек. Одан соң құм мен цементті суға араластырамыз. Осылардың барлығын керекті мөлшерінде қосқан жағдайда ғана үйіміздің іргетасы мықты болмақ.

Ал енді, осы мысалды бала тәрбиесімен ұштастырып көрейік.

«Тәрбие - тал бесіктен» демекші, баланы жасынан дұрыс тәрбиелеу - ата - ананың борышы. Біз іргетас қалаған сияқты балаға жас кезінде жақсы тәрбие бере алсақ, ол сол тәрбиенің жемісін жейді. Дұрыс тәрбие бере алмасаң, түрлі жаман қылықтарға, түрлі қылмыстарға барып жатады. «Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата - ананың абыройы, жаманы - қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - деп бекер айтпаған дана халықпыз.

Олай болса, тас - өміріңіздегі ең басты, маңызды тіреулеріңіз - ол жанұяңыз, жолдасыңыз, балаларыңыз, достарыңыз екен. Соларға көп көңіл бөліңіз. Құм - жеке басыңызға керек нәрселеріңіз. Цемент - күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек нәрселер.

Егер ең бірінші цементпен, құммен бәрін бітеп тастасақ, ешқандай ірі тастарға орын болмай қалары сөзсіз. Сондықтан, өмірлеріңіздегі ең басты тіреулеріңіз - ол жанұяңыз, балаңыз, досыңыз. Балаңызға көп көңіл бөліп, достарыңызбен сырласыңыз демекпін. Өміріңізді ұсақ - түйекке толтырып тастасаңыз, ірі нәрсеге орын болмай қалады.

«Майшам» жаттығуы

Психолог сөзі: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір - бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашан да жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін.

Ақпарлама



Тақырыбы: «Бала өмірі - басты құндылық» тренинг



Мақсаты: Ата - аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру. ата - аналардың педагогикалық - психологиялық білімін көтеру, басты байлығы - баласы екеніне кеңес беру.

Іс -тәжірибеден : Ж.Гылышжанова

Уақыты: 6.04.2016

Қорытынды нәтижесі:

































































































































«Бала өмірі - басты құндылық» тренинг















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал