7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему: «Айыру белгісі (ъ)»

Открытый урок на тему: «Айыру белгісі (ъ)»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Айыру белгісі (ъ).

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды айыру белгісімен (ъ) таныстыру. Ъ белгісі бар сөздерді жазуға үйрету.

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, әдемі жазуға, дұрыс оқуға машықтандыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, кеспе буындар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Балалар шеңберге тұрады, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

  2. Кіріспе әңгіме.

  • Дауысты дыбыстар нешеу?

  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Сөздерге дыбыстың талдау жасату.

р - дауыссыз

о - дауысты, жуан

я - дауысты, жіңішке (и+а деген екі дыбыстан түрады)

л - дауыссыз

ь - жіңішкелік белгісі

5 - әріп, 5 дыбыс.

II. Негізгі бөлім.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Айыру белгісі (Ъ) дыбыс емес. Өйткені оны дауыстап айта алмаймыз. Айыру белгісі дауыссыз дыбыс пен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: разъезд, подъезд, съезд.

  1. Дәптермен жұмыс.

Подъезд,разъезд, съезд сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы (ъ) айыру белгісінің орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне (ъ) айыру белгісінің сөздің ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша айыру белгісінің (ъ) баспа түрін көрсету, таныстыру. Айыру белгісінің әрпін бастырып жазады.

Айыру белгісін кездесетін сөздерге мысал келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады.

Төртбұрыштардың ішіндегі әріптерден подъезд, разъезд сөздерін құрастырып оқу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

  1. Сергіту сәті.

  2. Сурет бойынша жұмыс. «Разъезд» тақырыбына әңгіме құрастырады. Разъезд сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  3. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шарты: айыру белгісі кездесетін сөздерге мысалдар келтіру.

</ III. Қорытындылау.

Айыру белгісі (ъ) қандай сөздерде кездеседі?

Сөздерге дыбыстық талдау жасату



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал