7


  • Учителю
  • Тренинг: Өзіңді таны, өзгені қорға

Тренинг: Өзіңді таны, өзгені қорға

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тренинг тақырыбы: Өзіңді таны, өзгені қорғаМақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принцптерімен таныстыру. Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар өздерінің тілегіне құлақ түре отырып, келешек кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасын
предварительный просмотр материала



Тренинг тақырыбы: Өзіңді таны, өзгені қорға

Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принцптерімен таныстыру.

Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар өздерінің тілегіне құлақ түре отырып, келешек кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын көз алдына елестетуге тырысады. 1,5 минут уақыт беріледі.

Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтайды. Топтың әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.

«Жағымды сөздер»

Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

«Өзін-өзі жарнамалау»

Мақсаты: Өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану , психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 25-30 минут ішінде өзінің көрсетететін қызметін, психологиялық ерекшелігін, икемділігін жетістіктерін көрсетіп хат жазады. Хатына қолын қойып оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған соң жүргізуші авторлардың есімін оқымай, тек хаттың мазмұнын ғана оқиды. Шеңбер бойындағылар хатқа талдау жүргізеді. Хат авторын табу керек.

«Өзін-өзі тексеру»

Мақсаты: Өзі туралы, өзінің қоғамда алатын орны туралы өз ойын дамыту; жеке позициясын түсіну.

Әрбір қатысушы бір парақ қағаз алады және оны төрт бөлікке бүктейді.

Нұсқау: «Мен кіммін?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны бірінші бағанға жаз. Екінші бағанға сол сұраққа ата-анаңның пікірі сеніңше қалай, соны жаз (нақты әкеңді немесе шешеңді таңдап ал). Үшінші бағанға сенің сол жағыңда отырған топтың мүшесі қалай жауап берер еді, соны жаз.

Сенің жазғандарың көрінбейтіндей етіп, парақты бүкте де, сол жақтағы көршіңе бер. Парақты алып, бос бағанға «Осы парақты саған берген адам қандай?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Осыдан кейін жүргізуші парақты жинап алады да, араластырады. Ең соңғы бағандағы мінездеме кезекпен дауыстап оқылады , ал топ кім туралы екеніні анықтьау керек. (жазған ойыншы үндемей отыру керек) Осы берілген мінездемемен топтың қаншалықты келісетіні талқыланады.

Талдау: Содан кейін парақ қатысушыларға таратылады, ал олар өздері 4 бағандағы жауаптарды салыстырады, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды.

Нәтижесінде үйге тапсырма беріледі: тренинг аяқталған соң өзіңіздің жақындарыңызға сіздің жеке ерекшелігіңіз туралы 10 анықтаманы беруді ұсыныңыз және оны сіздің жорамалдаған ерекшелігіңізбен салыстырыңыз.



Жаттығу «Сен кімсің?»

Мақсаты: Өзі туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту. Қатысушылардың арқасына үлкен қалың қағаз шаншып қояды. Әрбіреуі бір-бірлерінің жауырындарына түйрелініп қойған қағаздағы көрсетілген сұраққа кем дегенде бір жауап жазу керек. Кері байланыс ұйымдастыру әдісі ретінде қолданады. Содан кейін жалпыланған мінездеме топта талқыланады.

Бұл кезеңде топта гештальттерапия мен психодрамалар техникасы, сонымен бірге нейролингвистикалық жүйелеу мен дене терапиясы белсенді қолданылады.

Талдау: Тапсырма ұнады ма? Өзіңіз туралы пікіріңіз өзгерді ме? Қандай әсер алдыңыздар?

Жаттығу «Футболкадағы қолтаңба»

Мақсаты: Өзін өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту

Қатысушыларға парақ таратылады, оған өз футболкаларына қандай жазу жазатындары туралы жазу керектігі айтылады. Ол жазу адамның бір нәрсеге бейімділігі туралы айтылатындай - олардың немен айналысатынын, ойындарын, әлемге қатысын және т.с.с білдіруі керек. Бірнеше қол таңба ойлауға да болады. Жұмысқа 5-10 минут беріледі. Осыдан кейін қатысушылар өздерінің қол таңбалары туралы әңгімелейді.

Жаттығуды талдау. Осы қол таңбалар не туралы айтады. Өзіміз туралы өзге адамдарға не айтқымыз келеді? Бәрінен де ұнайтын қолтаңба қандай? Өзіңнің қол таңбаң ұнай ма? Оны өзгерткің келе ме? Әр түрлі қатысуға қандацй қол таңба ойлауға болады?





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал