- Учителю
- Жетістікке жету жолында 5 қадам
Жетістікке жету жолында 5 қадам
Тақырыбы: Жетістікке жету жолында 5 қадам
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу.
Түрі: Тренинг сабақ.
Көрнекілігі: презентация, стикерлер, карточкалар, сауалнама т. б.
Сабақ барысы.
Бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен келгендеріңізді анықтау үшін түстерді таңдай қойыңыздар. Ал енді топқа бөлінейік. Сурет қималары арқылы бөлінеміз.
Құрметті оқушылар! Сіздер сәбилік, балалық шақтан, жасөспірім шаққа келіп жеттіңдер. Әрқайсыңыздың алға қойған басты мақсаттарыңыз бар: бұл білім шыңына талпыну, жүректеріңмен қалаған мамандықтарыңыздың иесі, өз елінің ертеңі, тірегі болу.
Алғашқы кезең:«Түстер қасиеті таңғажайып».
Жаңа ғана қандай көңіл күйде отырғаныңызды анықтау үшін түстер таңдаған болатынсыздар.
Қазір де әр түрлі түстегі үстелдерде отырсыздар, бұл кезеңде әр топ өзі отырған үстелдің түсін өмірмен, мамандықпен, көңіл күймен байланыстыра қорғайды. Топтан бір адам сөйлеуге болады.
Жетістікке жету туралы түсінік.
1) Passion - Құштарлық (тек ақшаны көздемей, өз жұмысыңнан ләззат алу, ақша өзі-ақ келеді). Persist - Қайсарлық, табандылық, ең маңызды қасиет (сәтсіздікке ұшырасаң да, критиктердің сөзіне іліксең де, қысым көрсең де батыл болу, алған бағытыңнан таймау).
2) Work - Жұмыс істеу (Бұл өмірде оңай ештеме жоқ, қандай да бір қиындықтарға төзе білу, қарқынды жұмыс істеу)
3) Good - Жақсы маман болу - («Қолыңнан келсе - қонышыңнан бас» демекші, қандай да бір істің баға жетпес маманы болу, әлбетте бұл тәжірибемен келеді). Focus - Бір іске сыбана кірісу.
4) Push - Алға итермелеу (әркез, рухани, физикалық болсын өзіңді алға ілгерілеп отыру керек, ұялшақтық пен өзіңе сенімсіздіктен арылу). Serve - Пайдалы болу.
5) Idea - Идея (кез-келген нәрсеге бей-жай қарамай, қызығушылық танытып, сұрап, бақылап, проблемаларды шешіп, араласу арқылы түрлі идеялар пайда болады).
Екінші кезең: «Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге» (Абай)
Әр топқа сауалдар беріледі, ортақ пікірге келіп, топтастыру арқылы жауап беру.
1. ҰБТ - ға дайындық тестеріне жауап бергенде қандай сезімде болдыңдар?
Қорқыныш сезімді қалай жеңер едіңдер?
2. ҰБТ тапсыратын оқушының міндеттері қандай болу керек?
3. Мамандықтың қандай салаларын білесіздер, сіздің топ мүшелерің қандай салаларды таңдап отыр?
Үшінші кезең: «Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын» (М. Мақатаев)
1 - топқа. Сіз сертификат алдыңыз. Бірақ құжат тапсырар кезде сіз таңдаған мамандығыңыз бойынша толық ақпарат алған кезде көңіліңізден шықпады. (Оқитын ғимараты ұнамауы мүмкін, оқитын пәндеріңіз қызықтырмауы мүмкін).
Сіз не істейсіз, сол мамандыққа тапсыра бересіз бе, әлде басқа мамандықты таңдар ма едіңіз?
2 - топқа. Самат деген оқушы ҰБТ - ға үйіңде үнемі өз бетімен дайындалады, кейбір сұрақтарын ата - анасымен бірлесіп талдап та отырады. Бірақ бақылау сынақтарында өз деңгейінен көріне алмай келді. Ал мектепке келгенде мұғалімнің айтқанын тыңдамайды, артқы партаға барып ұялы телефонмен ойнап отырады. Ата - анасы баласына сенімді, ал ұстаздары Саматтың сынақтан дұрыс нәтиже көрсете алмайтынын айтып, мектепте емтихан тапсыруына үгіттеуде... Саматты қалай түсінесің, орнында болсаң не істер едің?
3 - топқа. Сен ҰБТ болатын күні қобалжыдың ба, әлде денсаулығың сыр берді ме, түнімен ұйықтамадың, ата - анаң да қобалжыды. Таңға жақын ғана көз ілдің де мектепке жиналатын уақыттан сәл кешігіп қалдың. Басқа сыныптастарыңның алды. ҰБТ орталығына кетіп қалыпты, сен не істейсің?
ІV кезең. Сергіту сәті: «Жүректен жүрекке»
Шаттық шеңберін жасап жүрек ұсыну арқылы ҰБТ жайлы жақсы тілектер айту.
V кезең. Қол - мидың жалғасы.
Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік:
Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз.
Қорытынды:
1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз - басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің - қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. О - дан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз - дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз.