7


Жақсы сөз- жанға қуат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: оқушылардың «жақсы , ізгі сөздер»,»бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

  • жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

  • ізгілікке, ізеттілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тренинг сабақ

Көрнекіліктері: күнің макеті, бұлттың макеті, тақырыптық суреттер, үнтеспа, сандықша макеті, құпия хаттар


Шаттық шеңбері

Балалар сіздермен өзін-өзі тану сабағында тағы кездескенімізге қуаныштымын. Бүгін біздің адам бойындағы ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіру жалғасын табады деп сенемін. Барлығымыз қолымыздын ұстайықшы. Сіздер нені сезіндіңізде?

  • жылылықты

  • дұрыс айтасыңдар

Ендеше барлығымыз қолымыздын ұстап, мына өлең жолдарын бір - бірімізге асқан мейірммен сыйлайық

Мұғалім: Болу үшін бұл өмірде жақсылық:

  1. Бізге ашық күн керек

  2. Аспан керек күн керек

  3. Ізгі сөздер қуантатын

  4. Жақсы сөздер жұбататын

  5. Ата -ана мейірімі таусылмас,

  6. Адал шыншыл жос, жолдас,

  7. сабырлық , ізеттілік қажет - ақ,

  8. Ата , әже ақылы да қымбат - ақ,

  9. Қуаныш , шаттық, мейірім,

  10. Қол ұшын берер уақыт- қиындық,

  11. Үлкендерге құрмет пенен ізгілік,

  12. Білімді болу үшін ізденіс,

  13. Сол үшін әдепті болайықшы,

  14. Биік шынға самғап біз қонайықшы.

Балалар біз бір - бірімізге қандай сөздер айттық? Бұл сөздерді естігенде не сезіндіңдер?

  • Жақсы сөз жан семіртеді, жанға күш-қуат береді. Бүгін біз осы тақырыпта әңгімелесеміз.

Бәріміз орнымызға жалғасайық. Енді пікірлеріңді білу үшін біраз әңгімелесейік


- Әңгімелесу- сендер жақсы сөздің қажеттілігі туралы не айта аласыңдар?

- Өздерің жақсы сөздерді естігенде қандай күйде боласыңдар?

- Ал өздерің қолдандыңдар ма?


Тренинег «Күннің шапағын толтыру»


  • Балалар өзімізге үлкен кісілердің айтқан жақсы сөздерін еске түсіре отырып және мағанасын аша отырып күн шапағатын орнына қоялық.



Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды жақсы , жылы сөздерді айтуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.


Сандықшадағы сөздерді оқи отырып, қай жағдайда айтылытынын суреттер арасынан тауып алу.

  1. Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!

Күтілетін жауап: жақсы тілек , құттықтау сөз

  1. -Апа, аман есенсіз ба?Қал жағдайыңыз қалай?Ауырып қалды деп еді, айығып кеттіңіз бе?

Күтілетін жауап: амандық, жағдай сұрау

  1. - Жарайсың Құлыным! Менің кішкентайым ата - анасына қолғанат, үлкен жігіт болып қалыпты ғой. Әлі - ақ өскенде елін қорғайтын азамат болады.

Күтілетін жауап: мақтау

  1. Алло! Сәлеметсіз бе,Гүлбану! Сенің маған туылған күніме жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп-көп рахмет айтып, алғысымды білдіргім келіп отыр.

Күтілетін жауап: алғыс айту, ризашылық білдіру



Дәйексөзді талдау

Жүректен шыққан сөз, жүрекке жол табады

(нақыл сөз)


Тыныштық сәті. (музыка)


Мәтінмен жұмыс

Қазір біз «Сыпайы қоян» мексика ертегісімен танысайық.

Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар:

  • Қоянның жылы сқздерінің өзіне қандай көмегі болды?

  • Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар?

  • Сонымен қорытындай келгенде жылы сөздерді не үшін қолданамыз деп ойлайсыңдар?

Күтілетін жауаптар:

  • Адамның көңілін көтеру үшін

  • Мақтау, мадақтау үшін

  • Алғыс білдіру

  • Қал - жағдайын сұрау

  • Сағынған кезде


Сергіту сәті:


Ақша бұлттар аспанда (қолдарын жайқалтады)

Жерімді жайнап құлпыртсын(жерді көрсетеді)

Нұрын сыйлап біздерге (күнді көрсетеді)

Көкте мәңгі күн тұрсын (күнді көрсетеді)


Ойын жаттығу

1. Жерге шашылған гүлдердің ішінен өзіне ұнаған жақсы сөзді таңдап алып, не себіпті ол сөзді таңдағанын айтып беру.


2.«Бұлттан жауын жауғызу»

Оқушылар жақсы сөздерді айта отырып бұлттың макетіне апарып жқсы сөздер тамшыларын жапсырады.



Қорытындылау: Балалар, жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөздерді бір - біріне жие айту нәтижесінде өзара сыйластық артады, жақсылық жасауға , қамқорлық жасауға құштарлығың артады.

Ал бұл өмірде жылы сөзге ерекше мұқтаж адамдар бар. Олар кімдер деп ойлайсыңдар?

Жүректен жүрекке

1 Оқушыларға жүрекшелер таратылады, оған балалар жақсы жылы тілектерін жазады.

Балалар енді осы жүрекшелерімізді бүгінгі біздің сабағымызға қатысып отырған қонақтырымызға ,жүрегімізден шыққан жылы сөзіміз ол кісілердің да жүрегіне жетеді деген оймен жүрекшелерді тарту етейік.




2.Бүгін сабағымызды қорытындылау үшін барлығымыз жылы сөздер шеңберін жасайық..

Согнымен бүгін біз жылы сөздердің әрбір естіген адамға ерекше әсер етіп , жүрегіне жол табатынына көз жеткіздік. Осы орайда мына өлең шумағын бірге айтайық:

Күлімде күн күлімде,

Жер жасарсын көгерсін!

Кешегідей бүгінде,

Қанат қақсын көгершін

Күлімде күн күлімде

Бүлдіршіндер қуансын.

Қырдың көкшіл түгіндей,

Қолдарына ту алсын

Күлімде күн күлімде,

Күлсін барлық бала шат,

Берекелі бүгіндей, Бейбіт болсын болашақ!

«Бала тілегі » әнін қосыла шырқау.


2013-2014 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал