7


  • Учителю
  • Жүйке – психикаға түскен күштерді босату әдістері.

Жүйке – психикаға түскен күштерді босату әдістері.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жүйке - психикаға түскен күштерді босату әдістері.

Материалдар: магнитафон, ватман, әр түрлі сурет салу құралдары, А4 қағаздары, қарындаштар, тестке жауап жазатын бланктер.

  1. «Сәлем және сыйлыққа комплимент» жаттығу

Мақсаты : Қарым - қатынас біліктілігін арттыру, қиялды, ұйымшылдықты дамыту, бірігіп жұмыс істеу.

Уақыты: 15 минут

Ережесі: музыка қосылған соң сендер бөлме ішінде бір орыннан екінші орынға ауысып жүріп, бір-біріңмен көзіңмен кездесіп, сәлемдесіп, комплимент айтасыңдар. Оның кімге айтылғанын қолыңдағы қағазға жазып жүресің. Жаттығу аяғында қандай комплимент алғаныңды, кімге айтқаныңды оқып беру керек.

Талдау:

Комплимент сыйлау қиын болды ма?

Сыйлау жақсы ма әлде тыңдау тыңдау жақсы ма?

Жаттығудан кейінгі көңіл күйіңіз қалай?

  1. «Суретті жалғастыр да ары қарай әпер»

Мақсаты : Психофизикалы жүйкеге түсетін күшті аластату, топты ұйымдастыру.

Уақыты: 10 минут

Ережесі: Алдарыңдағы қарындаштың өзіңе ұнаған түсімен, мен белгі бергеннен кейін (бір шапалақ) қандай да бір сурет сала бастайсың. Келесі шапалақ белгісінен кейін сурет салып отырған бетті оң жақтағы көршіңе жылжытасың. Ол сенің суретіңді жалғастырады. Тағы да шапалақ соғылады, қағаз тағыда оңға жылжыйды, сөйтіп қағаз соңында әркімнің өзіне қайтып келгенше жылжытылып отырады.

Мүмкін сіз суретіңізге қосып не өзгерткіңіз келетін шығар? Әлде жаңасын салғыңыз келеме?

Талдау:

Шыққан сурет сізге ұнады ма? Өз ойыңызбен, көңіл -күйіңізбен бөлісіңіз.

Басқаның сурет тақырыбын толықтыру қиынға соқты ма?

  1. Жаттығу «Мінез тізімі».

Мақсаты: түлектердің өздеріне деген сенім күшін арттыру, өзін тереңірек тануға, істің жемісті болуына кедергі жасайтын мінездерін түзетуге көмектесу.

Уақыты: 10 минут

Ережесі: Алдарыңда жатқан қағаз бетіндегі мінез тізімдерін қарап шығып, өз мінездеріңе сәйкес дегендерінің жанына «+», сәйкес келмейді дегендерінің жанына «- « таңбаларын қойып шығыңдар.

Мінез қасиеттері

«+» «-« «?»

өзгерткің келетіндері

өзіме ұнаймын

басқалардан сақтанамын немесе өкпелімін

адамдар маған сене алады

бет келбетімді үнемі мейірімді етіп ұстаймын

әлбетте дұрыс пікір айтамын

жиі қате іс-әрекет жасаймын

адамдар менің жанымда болғанды ұнатады

өзімді игере аламын

өмір маған ұнайды

өзімді ұстай алмай қаламын

өзіме ұнамаймын

өзім үшін өзім ойланамын

уақытты босқа өткізіп жүрмін

өз таңдаған мамандығымда құзіреттімін

өз күшіме қосымша таба алмаймын

әлбетте қате пікірлер айтамын

адамдар маған ұнайды

өз икемділігімді дамытпаймын

адамдар ортасында болғанды ұнатпаймын

өзіме риза емеспін

біреудің пікіріне тәуелдімін

өз икемділігімді пайдаланамын

өз сезімімді білемін

өзімді түсінбеймін

өзімді біртүрлі ыңғайсыз сезінемін

адамдар менен қашқақтайды

уақытты жақсы пайдаланамын

тренинг жаттығулары өзіңді жақсы түсінуге және керек болған жағдайда өзгеруге көмектеседі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал