7


  • Учителю
  • «Дос таңдай білесің бе?» тақырыбына тренинг сабақ

«Дос таңдай білесің бе?» тақырыбына тренинг сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Дос таңдай білесің бе?» тақырыбына тренинг сабақ
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;Керекті құрал: Интерактивтік тақта, ақ парақ, арнайы әуен, түрлі-түсті қазағдан қиылған алмалар, плакатқа салынған «жеміс ағашы».
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологтың кіріспе сөзі.
Амандасу рәсімі. Жаттығу «Сыйлық» Шарты. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы өз есімін айтады да қасындағы оқушыға сыйлығын сыйлайды. Сый-лаған сыйлықты жест, мимика арқылы көрсету керек, ал сыйлық арнаған оқушы ол қандай сыйлық екенін табу және атау керек.
Жаттығу «Менің ерекшеліктерім және кемшіліктерім». Шарты. Оқушы өзінің жағымды (+), жағымсыз(-) жақтарын анықтайды, таразылайды, талдайды. Жағымсыз қасиеттерін қағазға жазып, умаждап қоқыс шелегіне тастату. Жағымсыз жақтарынан арылу, түзету жолдарын іздеу.
Мақал-мәтелдерді талдау.
1. Жақсымен дос болсаң- жетерсің мұратқа. Жаманмен дос болсаң-қаларсың ұятқа.
2. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды
Шығарма жазу. «Досым қандай болуы керек?»
Шарты. Әуен ойнап тұрады. Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан қиылған алмалар ұсынылады (сары, жасыл, сарғыш), сол алмаға өз ойларын жазу керек (5минут) Сары-ашық адамдар, жасыл - қиялшыл адамдар, сарғыш-өз дегеніне жететін адамдар (таңдаған түстер арқылы әр баланың мінезі анықталды.) Әр оқушы жазған шығармасын оқып, тақтадағы жеміс ағашына іледі.
Жаттығу « Мен ғажаппын!»
Осы жайдары, көңілді қалыпты сақтай отырып хормен тақтадағы сөйлемдерді айтады.
- Мен осы өмірде келуіммен кереметпін.
- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
- Мен мейірімді, жылы жүректі жанмын.
- Мен сабырлымын, салмақтымын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.
- Мен бәріне ризамын.
- Мен бақытты адаммын.
Талдау: Көңіл-күйіміз қалай? Қандай әсер алдыңыздар?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал