7


  • Учителю
  • Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық тұрғыда дайындаудың ерекшеліктері .

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық тұрғыда дайындаудың ерекшеліктері .

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық дайындық.





Қазіргі кезде елімізде оқушылардың мектеп бітіруі, яғни жалпы орта білім алуды аяқтауы, яғни онық бағалануы ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) шарасы бойынша жүргізіледі. ҰБТ тек оқушының мектептен алған білім деңгейін бағалап қана қоймайды, сонымен қатар түлектердің мектептен кейінгі жоғарғы оқу орындарына (ЖОО) түсуі-түспеуінде, мемлекеттік оқу грантының иегері болуы-болмауында шешуші рөл атқарады. Оқушыларды мектепті аяқтауы ҰБТ рәсімімен аяқталады. ҰБТ-оқушылар үшін ең маңызды кезең болып табылады. Себебі, ҰБТ-оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады. Бір ұпайдың жетпей қалуынан оқушылар мемлекеттік оқу грантынан, көп жағдайда ЖОО ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады. Оқушылар үшін келесі жылы оқуға қайта тапсыру ұғымы мүлде мойындалмайды, өдеріне қажетті ұпай санын жинай алмау - үлкен психологиялық дағдарыс болып табылады. Жалпы жыл аяғындағы ҰБТ-ға дайындық - көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық соққыға әкелуде. Оқушылардың ҰБТ жағдайындағы жеке басының психологиялық күй -жайы оларды нашар күйзеліске, стресске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тесті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде, жоғарғы көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді. Мұның себебін балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығымен, жеке бастарындағы уайымдауларымен, жыл бойы бастан кешірген ҰБТ-ға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тестің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын «түсініксіз» сенімдерімен және т.б. психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруімізге болады. Ал нәтижелері теріске шыққан оқушылардың психологиялық күй-жағдайы мүлдем нашарлайды деуге болады.





Оқушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету барысында мамандар үшін ең маңықды мәселе-оқушылардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету, жағымсыз жағдаяттардан сақтау және болдырмау болып табылады.



Мамандар арасындағы соңғы мәліметтерге қарағанда, оқушы балалар арасында суицидтік мінез-құлық пайда болуда. Яғни балалардың әлеуметтік-психологиялық қолайсыз жағдайларда өз-өздеріне қол жұмсаулары, сол арқылы өз өмірлеріне нұсқан келтірулері. Суицидтік мінез-әрекеттің көптеген себептері болады. Көптеген келеңсіз жағдайларда өз-өздерінің психологиялық-эмоциялық күйлерін басқара алмай немесе шиеленістен шығудың жолдарын таба алмай, ауыр эмоциялық жағдайларды көтере алмай, аяқ жағы қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады. Оның ішінде ең өзекті және жиі кездесетін себеп-салдарды мысал ретінде келтіре кетейік.



Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы себептері: басындағы қатыгездік, қарым-қатынастың бұзылуы, психологиялық климаттың балаға жағымсыз әсер етуі, отбасындағы басқару стилі, үлкендер тарапынан күш көрсетуі, әке-шешесі тарапынан балаға тиісті көңіл бөлінбеуі, құрбы-құрдастары, көше мен ауланың жағымсыз әсерлері мен қысымдары және т.б.



Педагогикалық-психологиялық тұрғыдағы себептері: оқушылармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық дайындық жұмыстарының жоқтығы немесе нашарлығы (балалардың проблемалы жағдаяттарда өз-өздерін басқара алмауы, жағымсыз жағдаяттарда өз-өздерін дұрыс бағыттай алмауы, өз-өзінің ішкі мәселесі мен жағдайын реттей алмауы, кері әсерлерге қарсы тұра алмауы, өзіндік ішкі қорғаныс бағытының жоқтығы, алға жетелейтін мақсат қоя алмауы, сол мақсатқа жетудегі өзіндік стратегияларының жоқтығы немесе оны құра алмауы, қиын жағдайлардан шыға алмауы, ішкі эмоциялық күйлерінің тұрақсыздығы, фрустрацияға, стресске бейім мінез-құлық, емтихан, ҰБТ жағдайларында, әсіресе, теріс немесе төмен нәтижеге ие болғанда өздерін ұстай алмауы және т.б.); мамандар педагогикалық-психологиялық біліктілігін төмендігі, яғни нақты балалар суицидіне байланысты зерттеу, түзету, алдын алу жұмыстарының педагогикалық және психологиялық әдіснамасының жоқтығы, сондай-ақ арнайы жұмыс бағдарламасының жасалмағандығы (арнайы тәрбие жұмысының ұйымдастырылмағаны) және т.б.



Экономикалық-психологиялық тұрғыдағы себептері: балалардың құрбы-құрдастары қатарынан қаржы-қаражат , киім киісі, ақша жарату, материалдық-тұрмыстық жағдай жағынан жетіспеушілік көруі және т.б.



Биологиялық-генетикалық тұрғыдағы себептері: кейбір жағдайларда балалардың себептен-себепсіз өз-өздеріне қол жұмсауын мамандар тұқым қуалаушылықпен байланыстыра түсіндіреді, бірақ бұл басқа себептерге қарағанда төменгі көрсеткішті көрсетеді. Сондықтан да мамандар көбінесе жоғарыдағы негізгі, әсіресе, педагогикалық себептерге бағытталады.





</<font face="Times New Roman, serif">Осы орайда, білім беру мекемелері алдында көптеген міндеттер тұр әрі олардың бірқатары іске асырылуда. Педагог-психолог мамандар арасында оқушылар суицидінің алдын-алуға және болдырмауға бағытталған арнай іс-шаралар мен бағдарламалар жасап шығарылып, тәжірибеге енуде. Соның бірі-оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық даярлау арқылы жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу шарасы болып табылады.

Жалпы ҰБТ жағдайына дайындық оқушылар арасында ғана емес, олардың отбасы, ата-анасы, мектепте, психолог мамандар арасында, мектеп пен жанұялық өзара қарым-қатынаста жүреді. Мұның өзі оқушылардың ішкі жағдайына теріс әсерін береді, себебі балалар өздерін үнемі бақылау астында сезінеді, кейде өзіне бағытталған үлкендер тарапынан көптеп бөлініп жатқан көңіл аударушылықты қатты сезінеді, содан «егер осыны ақтай алмасам», «ойдағы үмітті ақтай алмасам» деген ойдан туындайтын қорқыныш сезімдері де болады. Балалар көбінесе, бұрын-соңды өздеріне деген үлкен жауапкершілікті сезініп көрмеген, сондықтан өздеріне отбасы тарапынан айтылатын «балам, жақсылап дайындал» деген сияқты сөздерді жауапкершілік тұрғыдан қабылдап, алдын ала үрейлене бастайды. Тек отбасы жағдайында ғана емес, кейде мектепте оқушылар үшін педагог мамандары тарапынан болатын «жақсылап дайындалайық!» деген сөздер де жеткілікті. Көптеген мұғалімдер өз пәні бойынша жыл бойы бос уақытын оқушыларды тестілеуге дайындау үшін жаратады, мектептер оқушылардың бос уақыттарынҰБТ-ға әр пән бойынша дайындайтын факультативтік, яғни қосымша сабақтармен қамтып қояды, ата-аналар балалардың үдегі бос уақытының дайындықпен өтуін қадағалап отырады, құрбы-құрдастарының барлығы дайындық пен уайым үстінде. Жеке басының психологиялық қысымға түсуінің себебі осында. Бұл жағдайды ата-аналар мен педагог мамандарына ескере жүрген жөн.

11-сынып оқушыларының жас ерекшелік психологиясын ескеретін болсақ, осы кезеңде оқушының бойында өзіндік сана, өзіндік «Мен деген» бейне қалыптасады, өзін және айналасындағы қатарластарын, олардың әрқайсысының мәртебесін, алатын орнын, беделін сезіне бастайды. Кей жағдайларда бәсекелестік те байқалады, бұл ҰБТ жағдайы үшін кері және ауыр жағдаят, өйткені құрбы-құрдастарының қатарынан аз ұпай жинап қалып қою, оқуға қатарларынан қалып түсе алмай қалуы, өзінің бәсекелес құрбысының бар болғаны бір немесе бірнеше ұпай артық жинауы, 11 жыл бойы сабағы үштік «3» баға деңгейінде келген сыныптасының бірыңғай тестен кездейсоқ «5» алып, жоғары ұпай жинап қалуы, осы кезде тек жақсы оқып, «қызыл аттестат», «Алтын белгі»алуға үміткер болып отырған өзінің төмен ұпай жинап қалуы-оқушыны ең ауыр психологиялық дағдарысқа алып келеді. Өз-өзін құрбы-құрдастарының алдында «ұят» сезімінде қалғандай сезінеді; «Мен» сезімі шиеленеді; ішкі психологиясында өз-өзімен ішкі кикілжің пайда болады; күтілген нәтижеден төмен баға алып, қалған жағдайларда балалар, көбінесе өз достарын көруден де бас тартады, қиын және қауіпті жағдайға тап болады. Осы жағдайларды ескерудің маңызы зор.

ҰБТ-ға психологиялық дайындық -



балалар денсаулығының алдын алу шарасы ретінде.





Балалардың әлеуметтік-психологиялық қиын күй кешулері-көптеген жағдайларда өздеріне қол жұмсауға, өміріне нұқсан келтіруіне, суицидтік мінез-әрекетке алып келуі мүмкін. Көптеген оқушылар мұндай ауыр жағдайларда «өзін өзі ұстау және бағыттау стратегияларын» білмейді. Жас ерекшелік психологияларына сәйкес қиын жағдайды балалар көбіне ауыр көтереді. Психологиялық күйзелістері мен дағдарыстары оларды өмірден түңілдіріп, өздеріне қол жұмсауға алып келуі мүмкін.



Мектептегі психологиялық қызмет мақсат-міндеттерінің бірі - оқушылардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан, біз - психолог мамандар - келесі мәселеге аса көңіл аударуымыз қажет:







  • оқушылар арасындағы «әлеуметтік-психологиялық қиын жағдайдағы» сауатсыз стратегияны жою



  • «кез-келген жағдаяттан дұрыс, әрі ұтымды шешім қабылдап, шиеленіссіз шыға білу» стратегиясын қалыптастыру



  • өзіндік даму стратегиясын қалыптастыру



Оқушыларға психологиялық қызмет тарапынан келесі көмектер көрсетіледі, мұны «оқу үрдісіне психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету» қызметі деп те атайды:

диагностика (дер кезінде анықтау)

түзету

кеңес беру

алдын алу шаралары

психологиялық-педагогикалық тәрбие

сауықтыру және дамыту және т.б.



Бұл қызметте балалардың психологиялық денсаулығына байланысты келесі міндеттері анықталған:







  • жеке тұлғаның психикалық денсаулығы үшін қызмет көрсету, олардың психикасын дамытуға қолайлы жағдай құру



  • жеке тұлғаның психикалық денсаулығы үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру



  • психологиялық қиын және қауіпті жағдайдағы оқушыларды дер кезінде анықтап, олармен жүргізуге арнайы шаралар құру



  • жеке тұлғаның психикалық денсаулығына байланысты кеңес беру (керек жағдайда бағыттап отыру)



  • Жеке тұлғаның психикалық денсаулығын сақтау, қорғау үшін ата-аналармен, педұжыммен, басқа да қажетті орталықтармен байланысу, бірлескен әрекетте жұмыс жасау және т.б.

Әдістемелік ұсыныс:



Мына төменде берілген «ескертпе»жеткіншек оқушыларға арналған.Берілген ескертпені таратып беру шарт емес, мектептегі немесе сыныптағы «психолог бұрышына», мектеп қабырғаларына және т.б. арнаулы орындарына қыстыруға болады. Осындай ескертпелерді оқушыларға, ата-аналарға, педұжымға деп арнайы дайындауына болады.





Ескертпе!

Мазасыздану қалай айырылуға болады?









  1. Тарықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі-жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия мен мазасыздану күйлері міндетті түрде өтіп кететініне әр уақытта сенуіңіз керек.



  2. Қиындықтан құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылған не пайда бар? Өмірде одан да басқа көптеген денсаулыққа зияны жоқ, депрессия мен мазасызданудан шығаратын тәсілдер бар, мәселен, жақсы әуен, достармен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б.



  3. Көңіл-күйіңіздің нашар болуы неден екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл жағдай белгіліадамдармен талас-тартыспен, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелерімен, шаршауыңызбеннемесе ұзақ уақытқа созылған стресспен байланысты шығар. Мұндай жағдайларда әсері ауыр тиетін нәрселердің болмауы жөн. Оларды ең болмаса азайтуға немесе сол мәселелерге өзіңіздің қатысыңызды төмендетуге міндетті түрде тырысуыңыз керек. Оған шамам келеді деп өзіңізге-өзіңіз сеніңіз



  4. Өзіңізді терең ойландыратын, толғандыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. өмірдің үйреншікті ырғағына түспеген жаңалықтар ендіруге тырысыңыз.



  5. ең басты мәселе: бойыңызды мазасыздық сезімі кернеп жүрген кезде, онын себептерін жою туралы маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз теріс бағалап жүрген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданған болуы мүмкін. Жылдам, асығыс қабылданған шешім қызбалықпен қате әрекет жасауға алып келуі ықтимал. Оқиғаның мән-жайына, мәселенің негізіне толық түсінгеннен кейін өзіңіздің жіберген қатеңізді қатты өкініп, кінәні сезінуден айыға алмай қиналасыз.



  6. Таныстарыңыздың, достарыңыздың арасында әңгімелесу кезінде бейтарап, өзіңізге қатысы жоқ тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе, өз жағдайыңыздан шыға алмай, уайым-қайғыға беріліп жүресіз.



  7. көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде Сіздің өміріңізде болған жағымды кездерді, бақытты уақыттардың майда-шүйделеріне дейін еске түсіріп, қайтадан бастап өткізгендей сезімге бөленіңіз.



  8. Менің алдымда тұрған барлық проблемаларды шешуге шамам келеді деген ұстаным сіз үшін жетекші екенін ұмытпаңыз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал