- Учителю
- ӨЗін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 'Кешірімділік көңіл кеңдігі' 8-сынып
ӨЗін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 'Кешірімділік көңіл кеңдігі' 8-сынып
«БЕКІТЕМІН» .............................. Мектеп №163 Мерзімі: 14.2015 № 9
С.Кеншинбаева
Тақырыбы: Кешірімділік - көңіл кеңдігі
Құндылық: Дұрыс «іс-әрекет Қасиеттер: ақкөңіділік, адалдық, ізеттілік
Мүғалім: Корпебаева Гулжан Сынып: 8а Оқушы саны: 28
Сабақ мақсаты: Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешірім мен түсінушілікпен, ізгілікпен қарауға үйрету.
Міндеттері: - «кешірім», «кешірімділік» туралы түсіндіру;
-
айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру;
-
кешірімділікке тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тыныштық сәті (2-5 минут)
Баяу әуен қосылып тұрады. Балалар денемізді тік ұстап, ыңғайланып отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Тыныштық бар жерде.... Тыныштық бар әлемде.... Күлімдеген күн, әсем табиғат, барлық адамдардың жүзі мейірімге толы, қандай әсем, қандай керемет. Біздің де жан дүниеміз бір тыныштық тапқандай бір рахат күйдеміз. Осы сезімімізбен біраз уақыт өз жан дүниемізге үңіліп жақсы ойға шомайық.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Мұқағали Мақатаевтың «Күндестік құрысын» өлеңінен берілген үзіндіден түсінік сұраймын.. Берілген сұрақтарға жауап береді.
-
Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болды?
-
Күндестік, бқталастық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
-
Күншіл, қызғаншақ адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?
-
Адам адамға тек қана қуаныш сыйлауы керек деген пікірге келісесің бе?
Жаңа тақырып
Балалар бүгін біз жаңа сабақ «Кешірімділік - көңіл кеңдігі» атты тақырыппен танысамыз.
ІҮ. Дәйексөз
Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде «Кешірімділік анадан, кішіпейілділік данадан» деген мақлды талдауды ұсынамын.
Ү. Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйлығы) Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып: «Әй, Аллаһтың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік Иесі Аллаһ Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?» - дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, құмырсқадан кешірім сұрайды. Сонда құмырсқа: «Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін», - дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған: «Біріншіден, бірнәрсе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Аллаһтың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Аллаһтың кеңшілігінен қалайша тиясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған бүкіл патшалықты берген Аллаһ Тағала екенін есіңде тұт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма!» - дейді. Сүлеймен оған, «Аллаһ қаласа, бұл айтқан шарттарыңды орындаймын», - деп уәде береді.
ҮІ.Шығармашылық жұмыс
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген тапсырманы орындап, біткен соң жария етеді.
ҮІІ.Топпен ән айту
«Асыл арман» әнін оқушылармен бірге үнтаспаға қосылып орындайды.
ҮІІІ. Үй тапсырмасы
А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» атты әңгімесін түсініп оқып келу
ІХ. Соңғы тыныштық сәті
Баяу әуен қосылады. Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.