- Учителю
- Внеклассное мероприятие 10 класс
Внеклассное мероприятие 10 класс
«Үздік жас маман»
(жас мамандар байқауы)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
2- жүргізуші:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
1-жүргізуші:
Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын,
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!
2-жүргізуші:
Жаншуағы, күншуағы арайма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқпа біз түгіл,
Әл-фараби, Омар Хаям, Абай да.
1-жүргізуші:
Көкбайрығым көкжүзінде қалқыған,
Әнұраным әуелеген шалқыған.
Бес құрлыққа елдің атын паш еткен,
Елбасы да өткен ұстаз алдынан.
2-жүргізуші:Ұстаз…! Ынталылық пен табандылықты жақтаушы, жақынға да, жатқа да әділ, жақсылық пен ізгілік көрсетуші…
1-жүргізуші:«Ұстаз…! Жасқану мен қорқынышты білмейтін батыл, ержүрек жан» - деген даналықты ғибрат етіп, ұстаздық ұлы жолға батыл қадам басып, жігерін жанып келген жастардың, жас мамандардың «Үздік жас маман» атты байқауымыздың қорытынды кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Барлығымызға белгілі қазан айының 19-24 аралығында мектебіміздің жас мамандары өзара сайысқа түскен болатын. Байқау мақсаты жас маманның ұлы еңбек жолындағы бастамасын оң арнаға түсіру, білгеннің үстіне біле түсу, көргеннің үстіне көре түсу. Осылайша болашаққа пайдаға асарлық кеңес алуына жәрдемдесу.
1-жүргізуші.
Ия, өткен аптаның әр күнінде әр жас маман өздеріне бекітілген тапсырмалардан мүдірмей өтіп, бүгінгі күнге де жетіп отыр. Бүгінгі біздің қорытынды кешіміз төмендегідей бөлімдерден тұрады.
«Үздік жас маман» жас мамандар байқауының қорытынды кешіне арналған бағдарлама
-
. «Ұстаз болу - ұлы арманым» жас маман өзі туралы және өткізген жұмыстары жөнінде слайд -шоу көрсетеді.(оған қоса портфолиосын тапсырады)
-
. «... қалай жасар едің?» жағдаяттарға байланысты сұрақтар.
-
. «Сегіз қырлы, бір сырлы» өз өнерін көрсету.
4. Қорытынды
2- жүргізуші: «Жас маман деген кім ?»
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды
ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты…
Бар ғалым, барлық қоғам құрметтейді,
Нұр сепкен шәкіртіне мұғалімді.
1-жүргізуші:
1. Дүниенің төрт бұрышын кескіндесем деп армандайтын - Ерғалиев Медет
2.Жұмыс күнін жоспарлап, жүйелейтін - Кәкенова Шұға
3.Кешегі университет түлегі, бүгінгі қазақ тілі шебері - Қаналы Бөтакөз
4.Кемеден келіге топ еткен жап -жас маман - Наурызғалиева Гүлнара
-
Өз құқығын өзгеден артық білетін - Қалыбекқызы Әсем
6.Кезекті демалысын Араб Эмиратында өткізсем деп армандайтын - Жұмалин Мейрамбек
</ 7.Адам жан дүниесінің жанашыры болсам дейтін психолог - Оғылбаева Сәнім
8. Тәрбиенің бастауы - тал бесіктендеп ойлайтын тәлімгер - Қалберген Гүлдәурен
(сайыскерлер ортаға шығады, сонан соң шығып кетуге рұқсат)
1-жүргізуші:Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,
Нұр сәулесін тарататын дос құшақ,
Жас мамандар сайысатын кез келді,
Танытатын бар болмысын барын сап.
2-жүргізуші:Ұстаздықты мұрат еткен жас толқын, қадамдарыңызға құт, «сапарларыңызға» сәттілік тілеймін отырып, сайыстың бірінші кезеңіне кезек берейік: ««Ұстаз болу - ұлы арманым»» (өздерін слайд-шоу арқылы 4 минуттық таныстырады)
Ортаға жас маман кезекпен келіп өздерін таныстырады.
2-жүргізуші: Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
Педагогикалық жағдайды тиімді шешу де - үлкен шеберлік.Біздің сайыскерлер педагогикалық жағдайдан қалай шығады? Кезек берелік!
Енді сайысымыздың келесі кезегінде «... қалай жасар едің?» жағдаяттарға байланысты сұрақтар.
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы
интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не
істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы
дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не
істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай
басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің
әрекетіңіз қандай?
4. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп
алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол
үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған
ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді
қалай ұстар едіңіз?
5. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін
көріп қалсаңыз не істер едіңіз?
6о. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос
болуға шақырады, не істер едіңіз?
8. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын
көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ
өткізбейді. Не істеу керек?
Сайыскелеріміз белгіленген нөмір бойынша рет-ретімен сахнаға
шығады.
1-жүргізуші: «Талантты мұғалім-барлық істе де талантты».
Ендеше Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін,
Мақcатыма жеткізер- уақытыма сенемін,
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!
Жас ұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті тұлға, жас маман - Сіздерсіздер!
2-жүргізуші:
Олай, болса ортаға өз өнерлерін көрсету үшін ортаға жас мамандарымызды шақырамыз.
1-жүргізуші:Бүгінде білім - өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналуда, білім менеджментін дамыту мен үздіксіз білім алуды мақсат еткен, болашақтың құзіретті тұлғасын тәрбиелеудегі зор міндетті жүктеген жас маман - болашақ ұлт ұстазы Сіздерсіздер! Сіздерге - Ақ жол!
2-жүргізуші:
Хан бол, мейлі қара бол,
Дарын бол,мейлі,дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - елдің жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі - дей келе, жас мамандардың ұстаздық еңбек
жолына бағыт беріп, апта бойы педагогикалық шеберліктерін шыңдауға
негіз болған ұстаздарымыздың бірегейі мектебіміздің оқу ісі
жөніндегі меңгерушісі - Молдағазы Зиуарға сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Сайыс қорытындысын саралау үшін апта бойы әр жас маманның сабақтарын талдап, саралап жүрген ұстаздарымызды ортаға шақырамыз.
(Марапаттау рәсімі)
2-жүргізуші: Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға,
Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма,
Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған,
Бас иіңдер, Ұстаз деген қасиетті жандарға!
Жүргізуші: Осымен жас мамандар сайысы мәреге жетті. Алда талай асулы жол, бағындырар биік, жеңісті мәре бар. Баршаңызға сәттілік!
Сайыс кезеңдері:
-
«Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 2 минуттық таныстыру)
-
«Өнердің өрі- таланттың төрі»(өнерін көрсету 3 минут)
-
Жағдаяттар қоржыны (педситуация)