7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Мен ғажайыппын' (бастауыш сынып)

Ашық сабақ 'Мен ғажайыппын' (бастауыш сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Психологиялық тренинг: «Мен ғажайыппын»Тренингтің мақсаты: Оқушылардың сана сезімін жоғарлату,өзіндік бағалауын көтеру, әр оқушыға сенімділігін арттыру.Тренингтің жүргізілу формасы: топтық,индивидуалды Көрнекіліктер: Плакаттар,фломастрелер, бейне көрсетілімдер, кар
предварительный просмотр материала

Психологиялық тренинг: «Мен ғажайыппын»

Тренингтің мақсаты: Оқушылардың сана сезімін жоғарлату,өзіндік бағалауын көтеру, әр оқушыға сенімділігін арттыру.

Тренингтің жүргізілу формасы: топтық,индивидуалды

Көрнекіліктер: Плакаттар,фломастрелер, бейне көрсетілімдер, карточкалар,доп,интерактивті тақта.

Қатысушылар: бастауыш сынып

Жоспар:

  1. Сәлемдесу.

  2. «Тілек тілеу», «Көңіл күй»

  3. «Алтын балық» жаттығуы

  4. «Ойлан, шеш» бейне ролик

  5. «Сезіну»жаттығуы

  6. Дене жаттығулары

  7. «Рубейнштейн» тесті

  8. Көзге арналған жаттығу «Жұлдыз санаушы»

9. Түстертерапиясы

  1. Қорытынды.

Тренингтің барысы:

-Амандасу

-Балалар,біз бүгін «Мен ғажайыппын» атты тренингті өткіземіз.Сендердің ойларыңызша «ғажайып» сөзі нені білдіреді?

- Қазір ендеше, біздің тренингіміздің алғашқы сатысы «Тілек білдіру» жаттығуымен басталады. Ол үшін әр оқушы қасында отырған оқушыға қарама -қарсы отырып,тілек айтады.

-Ал,ендеше өз көңіл күйлеріңді көрсетіңдер.Алдарыңда тұрған смайликтерді көрсету арқылы біз өз көңіл күйімізді анықтаймыз.

- Келесі «Алтын балық» жаттығуы.

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін өзіне деген сенімділігін арттыру.

Алдарыңызда тұрған алтын балықтарды аулап, сол балықтардың артында жазылған сөздерді табу керек. Ол үшін аулаған адам берілген сөзді тек мимимка, жест арқылы көсете алады.

  • Ал енді балалар өз қиялымызды арттыру мақсатымызда ситуациядан шығу тәсілін үйренейік. Ол үшін қазір бейнеролик қойылып,сол бейне роликтан ситуациядан шығу тәсілін ойластырасыңдар.Әр команда өз ойларын қорғайды.

  • «Сезіну» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың сезім мүшелерін арттыру мақсатында ұйымшылдыққа,бірін-бірі түсінісуге жасалатын ойын.

Оқушылар бірінің артында бірі тұрып, сөйлемей тек қана алдында тұрған оқушының артына саусақтарымен жүргізіп сурет салады.Солай алдында тұрған оқушы қағазға сол ұққан суретті түсіреді. Содан кейін ақырғы және алдындағы тұрған баланың айтылған суреттері салыстырады.

  • Ал енді біраз денемізді жаттықтыру мақсатында дене жаттығуыларын жасаймыз.Слайд көрсетіледі.Музыка қойылады.

  • Балалар,сендер өздеріңді қалай бағалайсыңдар? Сол үшін Рубейнштейн тестін орындаймыз. Ол біздің өзімізді қалай бағалайтынмзды көрсетеді.

  • Келесі өз денсаулығымызды нығайту мақсатында «Жұлдыз санаушы» жаттығуын орындаймыз. Бұл біздің көздеріміз шаршаған кезде орындалатын жаттығулар.

  • Түстертерапиясы адамның оқуға қабілеттілігін жоғарлататын бірде-бір тәсілі. Сондықтан психологтар бұл тәсілді қолдануды жөн көрді. Әр түстің өзінің қасиеті бар. Солармен таныс болайық. Денемізді бос ұстайық.

  • Балалар,сендер бұл терапиядан кейін қандай жағымды қасиеттер алдыңыздар?

  • Мұндай тренингтер керек деп ойлайсыңдар ма? Неліктен? Қай жаттығуда сендер көп қиналдыңдар? Не себепті?

  • Өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.Алдағы сабақтарға ынталы қатысуларыңды тілеймін.Сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал