7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану пәнінен Өз мүмкіндігімізді таниық сабақ жоспары (6 сынып)

Өзін-өзі тану пәнінен Өз мүмкіндігімізді таниық сабақ жоспары (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Сабақтың тақырыбы:



Мерзімі:

Сыныбы:



Сабақтың мақсаты:





Міндеттері:













Көрнекіліктер:



Сабақта қолданатын

әдіс-тәсілдері:





Пән аралық байланыс:



Сабақтың типі:

Сабақтың түрі:



Сабақтың жоспары:

































Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:





Үй тапсырмасын тексеру:





Шаттық шеңбері:











Пікірлесу сұрақтары:







































Проблемалық сұрақ:





Жаңа ақпарат беру:



















\











































Мәтінмен жұмыс:















Тапсырма :









































Сабақтың дәйексөзі:



























Ойын



















Проблемалық сұрақ:







Рефлексия:













Үйге тапсырма:







Қорытынды:

















Жүректен - жүрекке:

































































Сабақ жоспары





Өз мүмкіндігімізді таниық





Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.



Білімділік:Оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру.

Тәрбиелілігі:оқушыларға өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.

Дамытуышылығы: оқушылардың ақыл-ойын, зейiнiн көрнекiлiк құралдарды пайдалана отырып дамыту, қызығушылықтарын арттырып,сөйлеу қабiлеттерiн дамыту.

«Бәйтерек», «Моно Лиза» суреттері, теңіз бен тамшы макеттері.

Шаттық шеңбері, , пікірлесу сұрақтары, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат беру,мәтінмен жұмыс, тапсырма, ойын , үй тапсырмасын беру, қорытынды, рефлексия, жүректен - жүрекке.

Музыка

Білім, іскерлік, дағдыны дамыту сабағы

Шығармашылық сабақ





І.Ұйымдастыру кезеңі:

    • Сәлемдесу, танысу(1мин)

  • Шаттық шеңбері(3мин)

ІІ. Негізгі бөлім

  • Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

  • Пікірлесу сұрақтары (3мин)

  • Проблемалық сұрақ (1 мин)

  • Жаңа ақпарат беру.(4мин)

  • Мәтінмен жұмыс(5 мин)

  • Тапсырма) (5мин)

  • Сабақтың дәйек сөзі(2мин

  • Ойын(3 мин)

  • Қорытындылау(1 мин)

  • Үйге тапсырма беру(1 мин)

  • Рефлексия(3мин)

  • Жүректен-жүрекке(5мин)





Сәлеметсіздерме ме, балалар? Көңіл - күйлерің қалай?





Ал енді балалар үйге не берілді соны анықтап алайық. Үй тапсырмасын барлықтарың орындап келді деп ойлаймын.





  • Қане, балалар, барлығымыз бірге шеңберге жиналып «Асыл арман» әнін айтайық.

Асыл арман

Сөзі: Б.Тәжібаевтікі

Әні: Е.Хасанғалиевтікі

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Өз мүмкіндігімізді таниық» деп аталады. Осы тақырыпқа байланысты өздеріңмен пікірлессем деймін.Өздеріңе қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырыңдар.

  • Адам алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды? ( Адам армандауды жақсы көреді. Армандаған адам өз арманы үшін ізденіп, талаптанып, оқып, қайраттанып тек алға қалай қанат қағады. Арман адамды сенімділікке, жігерлілікке, шыдамдылыққа, шығармашылыққа үйретеді. Адам арманының орындалуы үшін тек алға қарай бағыт алып қанаты қатаяды.)

  • Адамдардың кейде арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар? (Маңдай тердің нәтижесі арманның орындалуына әкеледі. Арманның орындалуына сену керек. Арман - қажеттілік. Арманға жету жолында құлап қалса да, орнынан қайтып тұрып, оған жетпейінше тынбау арманның жүзеге асуына әкелетіні сөзсіз. Арманның орындалуының кілті осында: Оның орындалуына қалтықсыз сену. Адам жақсыны да, жаманды да армандайды.)

  • Адамның мүмкіндігі мен мақсатының сәйкес келуі қажет деп ойлайсыңдарма?

Адам мүмкіндіктерін іске асыруға қиял керек пе ?Осы сұрақ төңірегінде ойланып отырыңдар, сабақ соңынан жауаптарың тыңдалады.

Әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды.

Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді. Адам өмірі қыл үстінде тұрғанда, адам ағзасы ғаламаттың күшіменерекше қуатқа ие болады. Оған мысалдар жетерлік...

1. Полярлық ұшқыш өз ұшқышын жөндеп жатып, біреудің түрткенін сезеді. Жалт қараса, оны түртіп тұрған сүйкімді әрі қорқынышты ақ аю екен. Келесі секундта ұшқыш жерден екі метр биіктікте, ұшақтың қанатында тұрып есін жияды. Оған қалай шығып кеткенін ұшқыштың өзі де білмей аң-таң болады.

2. Жеңіл машинаның астына түсіп қалған баласын құтқару үшін анасы машинаны жүк құрлы көрмей, көтеріп алады. Бұл әрекетін де жас ана түсіндіре алмады.

3. Екі жасар баланың 7-қабаттан құлап бара жатқанын көрген ана оны бір қолымен ұстап қалады. Ол баланы бір қолымен, терезенің жақтауын тек екі саусағымен құтқарушылар келгенше ұстап тұрған. Кейін құтқарушылар оның саусақтарын жақтаудан әрең-әрең ажыратқан.

4. Қыста көлік апатқа ұшырайды. Өзінің 40 жасар ұлының өмірін сақтап қалу үшін 70-тегі әже оны арқасына салып алып, күртік қармен 13 км жерді жүріп өткен. Адам омыртқасы қиын жағдайларда 10 тонналық жүкті көтере алады екен.

Адамның осындай сиқырлы мүмкіндігі тек өміріне қауіп төнген кезде ғана емес, ұзақ жаттығулардың әсерінен де байқалып жатады. Оған Гиннестің рекордтар кітабына енген оқиғаларды, спортшылар орнатқан түрлі рекордтарды жатқызуға болады.



Адам мүмкіндіктері, қызығушылықтары туралы Қ.Толыбаевтың шығармасын оқып танысайық.

Сұрақ-жауап:

  • Адамның неліктен ойлаған ойына қолы жетпеді?

  • Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?

  • Ғұламаның кеңесін қалай тұжырымдар едің?

  • Адамның қиялы оның мүмкіндігіне сәйкес келе ме?





Ендеше адам мүмкіндігінің шексіздігін көрсету мақсатында отандық және әлемдік мұраларға назар аударсақ.

Г.Исмайылованың басты тақырыбына әйел бейнесі. әсіресе бас киім ұлыттық костюм ою- өрнек әшекейлейді. Қазақ - өнеріне қосқан үлесі зор. Ол «Жұмбақ қыз»

Бейнесінде сомдалған

Леорнадо да Винчи - ұлы кескіндемеші, мүсінші, сәулетші, инжер, мтематик.67 жасында дүние салған. «Мона Лиза» шығармасы таңғажайып дүние.Хеопс пирамидасы Египет елінің елтаңбасы іспетті биіктігі 150 метр. Астана Бәйтерек, Қожа Ахмет Иассауй сіздерге белгілі. Осы бейнелерге қарап төмендегі сұрақтарға жауап береміз.

1.Өнер туындыларын көргенде қандай сезімде болдыңдар ?

2.Өнер туындыларынан қандай ұқсастықтар мен қандай артықшылықтар байқадыңдар ?

3.Адам мүмкіндігінің шексіз екендігіне тағыда немен дәлелдер едіңдер ?

4.Адам мүмкіндігінің шексіздігіне қандай мысал келтіре аласыңдар ?





Адам,ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмары-ізденген мәңгі сана

Өзіңді-өзің танысаң-істің басы;

Түзеген өз ғаламын болған дана

Әл-Машани





- «Жан құмары», «Өзіңді-өзің танысаң-істің басы» деген сөз тіркестерінің мағынасы қалай түсінесіңдер?





Жан құмары - ой - өрісінің дамыуы сана , ақыл оймен еңбек етуі.

Өзіңді - өзің танысаң - істің басы. Өзіңнің икемің, бейімің бар жаның қалаған іске ұмтыл, сол жолда аянбай ет, мақсат қоя біл, жетуге талпын сонда ғана бір нәтижеге жетесің дегенді білдіреді.





Өз мүмкіндіктеріңізді ой елегінен өткізу мақсатында сіздерді ойын алаңына шақырамын Мұғалім оқушылармен «Кел жақынырақ танысайық» ойынын ұйымдастырады.





Ойынның шарты: балалар шеңбер жасап отырады. Мұғалім балаларға өздерін таныстыру үшін өз бойларындағы жақсы қасиеттерін, нені бағалайтындарын ойлап, ой елегінен өткізуді тапсырады. әр бала өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін іштерінен ойлайды. Сонан кейін әр бала өз атын атап, өзінің жақсы қасиеттері туралы кезек-кезек айтып береді.

* Адам мүмкіндіктерін іске асыруға қиял керек пе ? (Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады).

"Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

  • Қандай әсер алдыңдар?

  • Кімнің жауабы сендерге қатты ұнады?

  • Кімнен үлгі алар едіңдер?

  • Кімді автор орындығына отыруға лайық деп ойлайсыңдар?

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесін оқып келу.

"Адамның мүмкіндігі шексіз" деген сөздің жаны бар. сіз бен біздің мүмкіндігіміз өзіміз ойлағаннан әлдеқайда жоғары. Бұл сыни уақыттарда, өлім мен өмір таласқа түсіп жатқан кезде, яки өмірімізге үлкен қауіп төніп тұрған сәттерде айқын білінеді.

  • Қорқыныш сезімі қауіпті кездерде адам ағзасының осы "қосымша" мүмкіндігін пайдаланады. Яғни, күндердің бір күнінде бұл қасиеті жарыққа шыққанда, адам өмір бойы "бұны мен істедім бе?" деп таңырқап өтеді. Өз-өзіне. Ал енді балалар жүректен жүреке шеңберіңе тұра қалайық.

  • - Біз өмірді теңізге теңеп жатамыз, сол себепті, бір-бірімізге деген ізгі-тілек, ақ көңіл, шын ниеттерімызді тамшыларға жазып, теңізге тамған тамшыдай болып тақтаға ілейік.

  • - Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал