- Учителю
- Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!. + Презентация
Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!. + Презентация
«Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Әдісі: тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Психолог:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
(Әл - Фараби)
Жаңа ақпарат
Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау - өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 50 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.
Әңгімелесу айдары
-
Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
-
Сен таңдаған мамандық туралы не білесің?
-
Мамандық таңдамаудың себебі неде деп ойлайсыңдар?
-
Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
-
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындау керек деп ойлайсыз?
-
Мамандық таңдауыңа кім кеңес берді?
-
Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
-
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Топтастыру. Мамандық таңдаудың әр түрлі жолдары бар. (Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды жазбаша дәлелде).
-
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.
-
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
-
Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
-
Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
-
Ақша болса, мамандық қажет емес.
-
Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.
-
Мамандық таңдау-күнкөріс көзі.
Мамандық таңдау ережелері:
Бірінші қадам: «Байыппен бағдарлай біліңіз».
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау - жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.
Екінші қадам: Дұрыс шешім өз қолыңызда.
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл - сіздің тағдырыңыз.
Үшінші қадам: Бейімділігіңізді ескеріңіз.
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
Төртінші қадам: Өзіңізді сынақтан өткізіңіз.
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Бесіншіқадам:Сұранысты назарда ұстаңыз.
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайымжол: бос орындарғажарияланғанбайқауларда, интернеттіңеңбеккеорналастырусайытындақандаймамандарғасұраныс бар екендігінқараңыз. Арнайыагенттіктержүргізгенболжамдардың да маңызызор. Осы мәліметтердіескереотырып, таңдағанмамандығыңызғақайжоғарыоқуорнында, қалайдаярлайтынынанықтаңыз.
Қазіргі заманғы мамандықтар:
Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфильмдергеарналғансуреттерсалушы. 3D - аниматор - үшдеңгейліграфиканыөңдеуші дизайнер. Мұндаймамандармультфильмдердіжәнеарнайыэффектілер мен телевидениегеарналғанзаставкалардыжасайды. Қазіргітаңдашетелдіккинолар мен мультфильмдер, телеарналаросынысыменөтімдіболыпотыр.
Витражист- көрмедегіжәнедүкендердегізаттардытартымдыетіпорналастырабілетінмамандар. Оларсөрелердіңжәнеолардыңбөлшектерініңдизайнынжасап, көрмекешендерінәрлендіреді.
Декоратор- түрлімекемелерді, ғимараттардыңішінәсемдеуші.Интерьер дизайнері - үйіміздіңкеңсеміздегіжиһаздарымыздыталғамменорналастырабілетінмамандар. Бұл да қазіргізаманныңтаптырмайтынмамандары.
Импресарио немесе продюсер - түрлімерекелікіс-шаралардыұйымдастырушы. Бұлардыбелгілібірөнерадамыныңагентідеугеболады. Аса бірқабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықтықажетететінмамандық.
Көркемдікәрлеуші- көшелердеілінгенжарнамаларды, саудаорындарын, қоғамдықтамақтанузалдарынәсемдеушілер.
Колорист- түстердіңұтымдықолданудыңмаманы.
Грим жасаушысуретші. Бұлмамандықтыңқұрамынатөртмамандықсыйыпкетеді, яғнишығармашылықбірлестікдеп те айтуғаболады.Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретшікейіпкергетән бет - бейненіжасап, режиссерментығызбайланыстажұмысістейді.
«Жағдаяттық сұрақтар»
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өз бойыңда қандай қасиеттер бар?
4. Егер таңдау шектеулі болса қандай мамандықты қалар едің? (моторист, аспазшы, даяшы, бағбан, жүргізуші, күзетші, электрик, дәнекерлеуші)
5. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасың.
Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол мамандыққа жаның қас. Не істейсің?
«Қай мамандық лайықты?» ойыны. «Қол мидың жалғасы» дегендей , алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Ойынның шарты бойынша бес саусақты қағазға бастырып, ортасын дәлдеп табады. Сол нүктеден әрбір саусаққа сызық жүгізеді. Сызықтың ұзындығына қарай лайықта мамандықты таңдай алады.
І саусақ- басқарушы
ІІ саусақ-заңгер, қорғаушы, әскери адам
ІІІ саусақ- дін адамы, саясаткер, тарихшы
ІV саусақ-өнерге бейім, архитектор, әнші, биші, суретші, дизайнер
V саусақ - дәрігер, шипагер.
«Ең, ең...» ойыны
Нұсқауы.Оқушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Төменде берілген мінездемелерге сәйкес келетін мамандықтардың атауларын жазып, айтулары керек.
-
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
-
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
-
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
-
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
-
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
-
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
-
Еңқарым - қатынасыкүшті- бизнесмен
«Болашақтан хат» жаттығуы.
Кіріспе әңгімелесу:
Балалар! Сендер есейіп, мектепті аяқтап, жан-жаққа қанат қағып, ұшатын кездерің де болады. Іштеріңде көптеген балалар болашақта кім, қандай маман иесі болатынын әлден біледі. Және кейбіреулерің әлі де кім болатындарын білмейді.Мен барлығыңның армандарыңның орындалғандарын қалаймын, ал енді мына нәрсені ойланайық. Үлкен білім әлеміне алғаш есікті айқара ашатын адам туралы сыр шертейік. Иә, әрине ол ұстаз. Кейде біреулер мектепті бітіреді де мұғалімін ұмытып кетіп те жатады. Мен сендерді өз мұғалімдеріңді ұмытпайды, хат жазып тұрады деп ойлаймын.Ал бүгін алғашқы хатты жазып, жаттығып көрейік. Ол үшін сендер өздеріңді мектеп бітіріп қойдым, ересекпін, қызметім бар, жеке өмірім бар деп елестетіңдер.
Жоспары:
1. Амандасу.
2. Өзі туралы әңгімелесу.
3. Кәсібі туралы.
4. Қоштасу.
Бұл жұмыс өте қызықты. Тек тапсырмаға шығармашылықпен қатысуға тырысу керек.
Қорытынды:
Көкжүзінеалаулы,
Міндетемес ай болу.
Еңбастысықалаулы,
Кәсібіңесай болу!
"Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді" деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға рахмет!!!