7


Мейірімділік асыл қасиет

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тренингтің тақырыбы: «Мейірімділік –асыл қасиет»Мақсаты: Оқушылардың «Қайырымдылық», «Қамқорлық», «Жақсылық» «Мейірімділік» туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: 1. Жақсылық жасаудың адамиқарым-қатынастары мәнділігін түсіндіру. 2. Жақсы істер жасай білу іскерлікте
предварительный просмотр материала

Тренингтің тақырыбы: «Мейірімділік -асыл қасиет»


Сынып: 5б


Мақсаты: Оқушылардың «Қайырымдылық», «Қамқорлық», «Жақсылық» «Мейірімділік» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1. Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастары мәнділігін түсіндіру.

2. Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту. Қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар:

Үнтаспа, гүлдер, қайырымдылық туралы суреттер, интерактивті тақта.


І. Сәлемдесу.

Үлкенге де «Сіз,»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.


ІІ. Шаттық шеңбері:

Әкел досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет,кәне,соныңды

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік,

Мейірімділік белгісі-

Кел,қосылып, күлейік.


ІІІ.Топқа бөлу: Бөлшек суреттерді құрау арқылы.

1 топ - «Жақсылық» тобы

2 топ - «Қамқорлық» тобы


ІҮ. Видеоролик көсету. Тақырыпты ашу.


Ү.Пікірлесу.

1.Жанашырлық дегенді қалай түсінесің?

2.Жанашырлық парыз ба,әлде міндет пе?

3. Айналаңа не үшін жақсылық жасар едің?

4.Жанашырлықты тек сөзбен ғана көрсету керек пе?

5. «Қамқорлық» жасау дегеніміз не?

6. Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесің?

ҮІ.Ойын «Жақсылық ағашы»

Айналадағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтар едіңдер.

Өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерді жазыңдар.

Қандай жаман қылықтардан аулақ болу керек?


ҮІІ. Ойын. Кешірім гүлін сыйлау

Гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарына кешірім сөздерін жазып сыйлау. (Балалар бір- бірінен және мұғалімдерден кешірім сұрап, кешірім гүлін сыйлайды)


ҮІІІ. Сәйкестікті тап.


ІХ.Жаднама .Оқушылардың шығармашылық жұмысы.


Х. Сергіту сәті.


ХІ. Дәйексөздің мағынасын ашу.

І - топ. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»

ІІ-топ. «Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің»


ХІІ. Қорытындылау.










 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал