7


  • Учителю
  • Есте сақтау мен зейінді дамыту бағдарламасы. (1 Сынып)

Есте сақтау мен зейінді дамыту бағдарламасы. (1 Сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Есте сақтау мен зейінді дамыту» түзету-дамыту жаттығуларының бағдарламасы.

Түсінік хат.

Заманауи мектеп өзінің болашақ оқушыларына жоғары талап қояды. Мектепке дейінгі балалық кезеңде балаларда оқу қызметінің алғышарттары қалыптасады, балалардың есте сақтауы, ойлауы, зейіні, қабылдауы қайта құрылады. Бұл үрдістер еріксіз түрден ерікті түрге айналады.

Көбінесе зейін мен есте сақтаудың даму деңгейі баланың мектепте табысты оқуын анықтайды. Мектепте оқу барысында қажетті ақпаратты есте сақтау мен ерік күшін салып зейінді шоғырландыруды талап ететін тапсырмаларды орындау қажет. Сондықтан мектеп оқушыларының ерікті есте сақтауын, ерікті зейінді және оның жеке құрылымдарын (көлемі, шоғырландыру, ауыстыру, тұрақтылығы) дамыту үлкен маңызға ие.

Баланың мектеп қызметіне толық дайын болуы үшін, баланың ерікті психикалық функцияларын қалыптастыру қажет.

Бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі мақсат: есте сақтау мен зейінді түзету және дамыту.

Бағдарламаның қатысушылары - 6-8 жастағы балалар.

Диагностиканың қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушы-балалар топтарға іріктеледі.

( әдістемелер: "10 сөз", "10 зат", "Амалдық есте сақтау", "Корректуралық байқау", "Иә және жоқ", "Графикалық диктант").

Балалар саны - 6-8.

Жаттығу саны -17, жаттығу ұзақтығы - 25 минут.

Болжанатын нәтиже: берілген бағдарлама бойынша жаттығулар курсын өткен бала зейінің шоғырлануы, ауысуы, тұрақтылығы жоғарылайды;

- бейнелі және сөздік-логикалық есте сақтаудың көлемі ұлғаяды;

- есте сақтаудың тәсілдері қалыптасады;

- мағыналы есте сақтаудың даму деңгейі жоғарылайды;

- тапсырма орындауда дербестілік қалыптасады

Берілген бағдарлама бойынша жұмыстың нәтижесін бағалау кезінде қайта диагностика жүргізіледі.

Жаттығулар мен ойындар қосымша түрінде ұсынылған.

Қосымша .

Қосымша .

Жаттығулар мазмұны

Мазмұны

Сағат саны

1.

1.Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Айырмашылығын тап", "Ұшады - ұшпайды" "Иә және жоқ - айтылмайды"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Сөздер топтамасы", "Суретті есіңде сақта ", "Тыңда бәрін есіңде сақта - сұрақтарға жауап бер"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Графикалық диктант"

1

2

1.Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Суреттерді салыстыр", "Жеуге жарамды - жеуге жарамсыз"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Қарлы кесек", "Есте сақта және суретін сал", "Көңілді кестелер"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Графикалық диктант"

1

3

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Сандық кесте", "Топ- хлоп", "Айырмашылығын тап"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Қарлы кесек", "Көңілді кестелер", "Тыңда бәрін есіңде сақта - сұрақтарға жауап бер"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Графикалық диктант", "Корректуралық байқау"

1

4

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Құс - құс емес", " Не болмай қалды?"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Қарлы кесек", "Есте сақта және суретін сал", "Көңілді кестелер"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Графикалық диктант", "Корректуралық байқау"

1

5

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Сандық кесте", "Иә және жоқ - айтылмайды"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Зейін қойып тыңда және қайтала", "Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал" (тор көз бойынша)

1

6

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Болады - болмайды", "Сандық кесте"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Тыңда бәрін есіңде сақта - сұрақтарға жауап бер", "Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал" (тор көз бойынша)

1

7

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Топ- хлоп", "Өсімдікті қалдырып кетпе"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Зейін қойып тыңда және қайтала", "Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр".

1

8

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Балық, құс, аң", "Иә және жоқ - айтылмайды"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Зейін қойып тыңда және қайтала", "Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал" (тор көз бойынша), "Корректуралық байқау"

1

9

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Иә және жоқ - айтылмайды", "Мамандықты қалдырып кетпе"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Зейін қойып тыңда және қайтала", "Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр"

1

10

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Айырмашылығын тап", "Жануарды қалдырып кетпе"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Мазмұндау", "Амалдық есте сақтау", "Қозғалысты орында"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Екінші жартысын суретте" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр"

1

11

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Иә және жоқ - айтылмайды", "Не болмай қалды?"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Мазмұндау", "Амалдық есте сақтау", "Қозғалысты орында"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Екінші жартысын суретте" (тор көз бойынша), "Корректуралық байқау"

1

12

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Не өзгерді?", "Өсімдікті қалдырып кетпе"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Мазмұндау", "Жұптарды есіңде сақта", "Қозғалысты орында"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Екінші жартысын суретте" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр"

1

13

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Топ-хлоп", "Сандық кесте"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Мазмұндау", "Жұптарды есіңе сақта", "Амалдық есте сақтау"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Екінші жартысын суретте" (тор көз бойынша), "Корректуралық байқау"

1

14

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

" Таяқшаларды дәл солай орналастыр", " Балық, құс, аң"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Мазмұндау", "Жұптарды есіңе сақта", "Пиктограммалар"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Екінші жартысын суретте" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр"

1

15

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Таяқшаларды дәл солай орналастыр", "Мамандықты қалдырып кетпе"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Жұптарды есіңе сақта", "Пиктограммалар", "Суреттер бойынша өлеңді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Нарисуй и раскрась по образцу" (по клеткам), "Графический диктант"

1

16

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Таяқшаларды дәл солай орналастыр", "Иә және жоқ, айтылмайды"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Пиктограммалар", "Суреттер бойынша өлеңді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал және боя" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр"

1

17

Диагностикалық жаттығу.

"Амалдық есте сақтау",

"Корректуралық байқау",

"Графикалық диктант".

1


Барлығы




Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Архипова И. А. Подготовка ребенка к школе. - Екатеринбург, 2004.

2. Гаврина С. Е. , Кутявина Н, Л. и др. Развиваем внимание. - М. , 2003.

4. Гуткина Н. И. Психологическая готовность к школе. - СПб. , 2004

5. Забрамная С.Д., Костенкова Ю.А. Развивающие занятия с детьми. М., 2001.

6. Осипова А.А., Малашинская Л.И. Диагностика и коррекция внимания.: программа для детей 5- 9 лет. - М.: ТЦ Сфера 2004 - 104 с.

7. Тихомирова Л. Ф. Развитие познавательных способностей детей. - Екатеринбург, 2003.

8. Узорова О. В, Нефедова Е.А.350 упражнений для подготовки детей к школе.- М., 2003.

9.Фомина Л.В. Сенсорное развитие. Программа для детей в возрасте (4) 5-6 лет. М., 2001.

Қосымша 1.

Зейінді түзету және дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар.


Суреттер «Айырмашылығын тап»

Дидактикалық материал: бір-біріне ұқсас бейнелері бар екі сурет. Балалардың мақсат екі суреттің қандай айырмашылығы бар екенін табу.


«Жануарды қалдырып кетпе (өсімдік, мамандық)»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты мысалы, мамандық кездескен кезде қолмен

шапалақтауы керек. Келесі жолы өсімдікті білдіретін сөзді естіген кезде орындарынан

тұрады. Одан кейін екі тапсырманы біріктірсе де болады.

Жаттығу зейіннің ауысу мен бөліну жылдамдығын, ықыластылықты дамытады, одан басқа баланың танымдық белсенділігін және ой-өрісін кеңейтеді.

1-нұсқа

үстел, кітап, жылқы, үстел, есік, жүзім, ит, қайшы, қалам, туфли, қарындаш, доп, терезе, мысық, етік, ешкі, шыны, үй, жол, алма, ағаш, кілем, арыстан, қабырға, шатыр, қарбыз, шыңғы, қар, жолбарыс, жастық, дәптер, қасық, мұз, шырша, қоян, қасқыр, галстук, лимон, аю, анар, шәйнек, тәрелке, сөре, май, күрте, тиін.

2-нұсқа

МАШИНА, АЮ, МЫЛТЫҚ, КЕНГУРУ, СЕКІРГІШ, ШӘЙНЕК, ТҮЛКІ, ФОТОГРАФ, КІРПІ, МЫСЫҚ, МУЗЫКАНТ, САМСА, ЖОЛБАРЫС, ӘРТІС, ШАМ, БҰЛАН, МАЙМЫЛ, ГАЗЕТ, МҰҒАЛІМ, ӘЗІЛ, ПІЛ, КҮН, ТЫШҚАН, БАС, ЖАҒАЛАУ, ОРМАН, ИТ, САМАУЫР, ҚАСҚЫР, БАС КИІМ, ӘНШІ, ЖЫЛАН, ҚОЯН, АТ СӨЗДІК, БУХГАЛТЕР, БИ, СИЫР, АТҚЫШ…

Вариант 3

ЖОЛ, ҚАЙЫҢ, ҰШАҚ, БИДАЙ, БӘЙШЕШЕК, ЖЫЛАН, ЕМЕН, ҚУЫРШАҚ, САҢЫРАУҚҰЛАҚ, МЕКТЕП, ИТМҰРЫН, ТАҢҚУРАЙ, ТЕРЕК, ҚҰМЫРСҚА, КЕСЕ, ҚАРАҚАТ, ШЕГЕ, МҰРАЖАЙ, ТЕАТР, ОЙЫН, ШАЯН, ТОРҒАЙ, ПАЛЬМА, ДҮКЕН, КИНО, КЕНГУРУ, ҚЫЗҒАЛДАҚ, ҚАЛА, ИТ, ҚАЛАҚАЙ (КРАПИВА), ШЫРША, ҚҰМЫРА, СҮТ, ТҮЙМЕДАҚ, АСҚАБАҚ, ҮЙШІК, ОРМАН, ҚАРАҒАЙ, ТЕМІРЖОЛ, КҮНДЕЛІК, ӨНЕР, МУЗЫКА, КӨКТЕРЕК, БАЛЕТ, ЖАҢБЫР…

Вариант4.

ШАМ, ЖҮРГІЗУШІ, ҚАЙШЫ, МАШИНА ЖӨНДЕУШІ, ЕМЕН, КҮЗЕТШІ, АЛМА, СӨЗШЕҢ, АРХИТЕКТОР, ҚАРЫНДАШ, ҚҰРЫЛЫСШЫ, НАЙЗАҒАЙ, ШЕҢБЕР, САТУШЫ, ДИІРМЕН, ТІГІНШІ, ТОТЫҚҰС, АСПАЗ, ШАХТЁР, ПАРАҚ, САЯХАТШЫ, АУДАРМАШЫ, САБАН, ШЫДАМДЫЛЫҚ, ЖҮРГІЗУШІ, КӨЗІЛДІРІК, ӨЗЕН, ӘНШІ, ДӘПТЕР, ЗАҢ, ШАШТАРАЗ, БАҒБАН, ҚИЯЛ, ТРАКТОРШЫ…


«Ұшады - ұшпайды»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты ұшатын объектіні естіген кезде қолмен

шапалақтауы қажет.

ТЕРЕЗЕ, МҰЗ, ТОРҒАЙ, ӘЙНЕК, КІТАП, МАСА, ШУ, ТЕМІР, ҰШАҚ, ТОҚЫЛДАҚ, СУ, БАҚША, ТІКҰШАҚ, ҚАНАТ, ҚАЛПАҚ, ИНЕЛІК, ҚАРЛЫҒАШ, СИЫР, САРЫ МАСА, МЫСЫҚ, АРА, ЕДЕН, ҚОЛ, БЕТ, ҮСТЕЛ, ЗЫМЫРАН, ОРЫНДЫҚ, ЫДЫС, КӨБЕЛЕК, САНДЫҚ, НАН, САУЫСҚАН


«Жеуге жарамды - жеуге жарамсыз»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты жеуге жарамды сөзді естіген кезде қолмен шапалақтауы қажет.

Барабан, кубик, шұжық, тәрелке, ірімшік, орамал, теледидар, мәйке, қолтырауын, торт, қасық, диван, қарбыз, кірпі, нан, айран, ақыман, кесе, банан, кәмпит, үстел, сабын, сәбіз, қағаза, йогурт.


«Иә және жоқ, айтылмайды»

Балалардың мақсаты «иә» және «жоқ» жауаптарын айтпай сұрақтарға жауап беруі керек.

1 - нұсқа:
Сен бүгін тамақ іштің бе?

Саған сенің шашың ұнайды ма?
Сен бүгін мектепке кешігіп келдің бе?

Сен неше жастасың?

Сен мультфильм көргенді ұнатасың ба?

Сенің мектепке барғың келе ме?

Саған ертегі оқығанды ұнатасың ба?

Саған мультфильм көрген ұнай ма?

Сен қыдырғанды ұнатасың ба?

Сен ойнағады ұнатасың ба?

Қар жазда жауа ма?

Күннің көзі түнде шыға ма?

Сорпаны шанышқымен іше ме?

Үйректер жүзу біле ме?

Торғай - құс па?

Үйшікте мысықтар жата ма?

Шырша жасыл ма?


2 - нұсқа:

Аюдың апаны бұтақта орналасқан ба?

Алмалар күзде піседі ме?

Жапырақтар күзде сарғаяды ма?

Арыстан аң ба?

Машина 4 дөңгелек пе?

Түлкі орманда мекендейді ме?

Дүйсенбі - тәуліктің бөлігі ме?

Тақпақты әндетіп айтады ма?

Күнделік - мектепке қажетті жабдық па?

Сен оқығанды ұнатасың ба?

Ай төртбұрышты ма?

Аптада 5 күн бе?

Үстел - электроқұрал ма?

Апельсин көк пе?

Қар көктемде ериді ме?

Кірпі сіреңкенің ішіне сия ма?

«Топ-хлоп».
Жүргізуші сөз орамы-түсінікті айтады - дұрыс және дұрыс емес.
Балалардың мақсаты егерде түсінік дұрыс болса, қол шапалақтайды, ал дұрыс емес болса аяқпен тарсылдатады.

Мысалдар:

Жазда қар жауады.

Картопты шикі күйінде жейді.

Қарға - ұша алмайды.


«Болады - болмайды»

Жүргізуші кез-келген бір жағдайды айтады да, балаға допты лақтырады. Аталған жағдай дұрыс болса, бала допты қағып алуы тиіс, егерде дұрыс емес болас допты ұстаудың қажеті жоқ.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал