- Учителю
 - Ашық сабақ Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ
 
Ашық сабақ Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ
| 
       Пәні: Өзін-өзі тану  | 
       Күні:10.02.2016ж  | 
       Сынып:6 «Б»  | 
| 
       Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ 
  | ||
| 
       Сабақтың мақсаты:  | 
       Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту; Оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту, оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету; табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.  | |
| 
       Көрнекіліктер:  | 
       Слайд,плакат,интербелсенді тақта  | |
| 
       Мұғалім:  | 
       Жакупова К.К  | 
       
  | 
| 
       
 Сабақ бөлімі 
  | 
       
 Мұғалімнің іс-әрекеті  | 
       
 Оқушылардың әрекеті  | 
| 
       Тыныштық сәті 5- мин  | 
       -Құрметті қонақтар, оқушылар сәлеметсіздерме!Бүгінгі сабақта біз өткен сабақтың тақырыбын «Мөлдір бұлақ- жасыл құрақ» жалғастырамыз. Сабақты бастамас бұрын біз топқа бөлініп алайық: оқушыларды үш топқа бөлемін. Кең дала көркемсің, сонау жатқан, Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан. Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен, Әне, сол анам еді мені тапқан. - деп, жайланып отырып, ойға беріліп, өзіміздің туған елімізді, өскен жерімізді шарлап шығайық. Біздің жерімізде де табиғаттың әдемілігі,көркемдігі бар деуге болады. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында «Өз елімнің табиғаты!» бейнеролик көрсету  | 
       Сәлемдеседі. Жемістер арқылы үш топқа бөлінеді: І. «Денсаулық» ІІ. «Тазалық» ІІІ. «Дәрумен» Оқушылар сабаққа зейін аударады.  | 
| 
       Үй тапсырмасы 2-мин  | 
       «Табиғатым-тал бесігім» тақырыбында сурет салу Сурет көрмесін ұйымдастыру.  | 
       Оқушылар суреттерін тақтағы іледі. Сурет көрмесін ұйымдастырады  | 
| 
       Дәйексөз 6-мин  | 
       Ұяшықтардан шыққан әріптерден нақыл сөз немесе мақал-мәтел айтады. Сабақтың дәйексөзі шығады. Фариза Онғарсынованың сөзі: «Таза болса табиғат ,Аман болар адамзат!». Дәптерге жазып, мағынасын шешіп шығайық.  | 
       Әр ұяшықтан бір әріп таңдап,сабақтың дәйексөзін шығарады. Оқушылар дәйексөзді оқиды.Өзіндік көзқарасын айтады.  | 
| 
       Сахналау 6-мин  | 
       Тақырыпты ашу мақсатында «Табиғат мұңы» көрінісін қою. -Бұл сөйлеп тұрған кім деп ойлайсыңдар? - Табиғатқа нелер жатады? - Олай болса балалар,бүгінгі біздің сабағымыз өзіміз өмір сүріп отырған ғаламшарымыз.Оның табиғаты,ондағы адамдар әрекеті,яғни біздің табиғатқа қатысымыз туралы болмақ. Сондықтан да «Таза болса табиғат,аман болар адамзат» деп бекер айтылмаса керек.  | 
       Оқушылар көрініс көрсетеді  | 
| 
       Тапсырма 5-мин  | 
       «Ғажайып үштік» сұрақтары. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Төмендегі үш тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі. І. Ынтымақ ІІ. Жанашырлық ІІІ. Табиғат  | 
       Үштік бойынша біреуін таңдап, ұяшықтағы сауалдарға өзіндік ойларын айтады  | 
| 
       Шығармашылық жұмыс Бейнеролик көрсету 10-мин  | 
       «Табиғатты аялайық!» атты бейнеролик көрсету. 
  | 
       Оқушылар көріп , тыңдайды.Видеоролик бойынша ойларын топтар постер арқылы қорғайды. Қорытынды жасайды. 
  | 
| 
       Үйге тапсырма 2-мин  | 
       Дәптердегі 4-тапсырма Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазыңдар 5- тапсырма «Табиғатты қорғау және сақтау» жобасын жасап,жария етіңдер. 6-тапсырма Табиғатқа байланысты айтылған тыйым сөздерді жазыңдар.  | 
       Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады 
 
  | 
| 
       Қорытынды Ой түйіндеу Рефлексия Кері байланыс 6-мин  | 
       Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады. Ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып тақырыпқа байланысты ой түйіндейді. Мыс: Табиғат - құтты қонысымыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 INSERT тәсілі арқылы сабаққа талдау жасап, кері байланыс жүргізіледі. Оқушыларға стикер таратылады. Ал, балалар тілегімізді жазып,алма ағашына ілейік.  | 
       Оқушылар алма ағашындағы сөздерді пайдаланып, ой түйіндейді. Тілектерін алма ағашына іледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  | 
| 
       Жүректен жүрекке 3-мин  | 
       Е.Қасанғалиевтің «Атамекен» әнін бірге айтып сабақты аяқтаймыз 
  | 
       Оқушылар «Атамекен» әнін барлығы бірге айтады  | 
Тексерілді_______________________________________
