- Учителю
- Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары. ҚАйырымдылық акциясы «Жүрегім толы мейірім»
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары. ҚАйырымдылық акциясы «Жүрегім толы мейірім»
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары
Мектеп Мәдениет қазақ - орыс орта мектебі Сынып 6
Оқушылар саны 7
Мерзімі _______ Мұғалім Исмаилова Аида Абаевна
Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: үй, мектеп.
Тақырыбы: Жүрегім толы мейірім.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерін ояту,үлкенді сыйлау, мейірімді болу,тек қана жүрекпен жеткізу.
Міндеттері:
-Оқушыларды адамгершілік, кішіпейілділік тазалық, достық жақсылыққа үйрету
-Ар-ұят, инабаттылық, елін, жерін сүю әдептілік, мейірімділікке баулу.
- Асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Ресурстары: (материалдары, көздері)
Әдісі:Оқушылар қайырымдылық акциясына қатысу, топтарға бөлісу.
Көрнекілік:Зейнеткер апамен бірігіп ән айту, фотосуреттер, презентация.
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)
1.Акция мүшелеріне хабарландыру
2.Рухани көмек көрсетуге дайын болу
3.Бірін - бірі құрметтеу. Көмек көрсете білу
4.Балаларды мадақтау
5.Атқарған жұмыстың қорытындысын көрсету (фото, фотостенд, слайд)
Талдау.
І.Үйымдастыру кезеңі
ІІ.Қамқорлық акциясының барысы
ІІІ.Зейнеткерден сұхбат алу
Қорытынды.
Оқушылармен бірігіп қамқорлық акциясына қатысып оқушыларды үлкендерге көмектесу, жақсылық жасау, қамқорлық көрсету, үлкендерді сыйлау, рухани - адамгершілік құндылықтарға бағыттауға. Қамқорлық акция арқылы оқушаларды бес құндылыққа тәрбиелеуге болады. Балаларды мейірімділкке тәрбиелей отырып шаттық бөлу.
Іс-шараны өткізудің жоспары
І.Үйымдастыру кезеңі
1.Акцияның мақсаты мен қауіпсіздік ережелермен таныстыру
2.Қауіпсіздік ережемен таныс болғаның қол қойдыздыру
3. Зейнеткердің өмірбаянымен таныстыру
ІІ.Қамқорлық акциясының барысы
1.Зейнеткердің үйіне бару
2.Жұмыс түрлерімен таныстыру (Қар тазалау, су әкелу, үй жинау)
3. Оқушыларды топқа бөлу
ІІІ.Зейнеткерден сұхбат алу
1.Оқушылар сұқтарын қояды
2.Естелік суретке түседі
Қорытынды. Үйлеріне қайту
І.Үйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп. Оқушыларға біз қайда барамыз және не үшін ескертемін. Қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қол қойғызу. Оқушыларды зейнеткердің өмірбаянымен таныстырып, барғанда үлкен кісімен қалай сөйлесу және өзіңді қалай ұстау керектігін жайлы әңгімелесу, рухани - адамгершілік көмек көрсететіндігі айтылады.
ІІ.Қамқорлық акциясының барысы.
Қамқорлық акциясының мүшелерімен көмек көрсететін зейнеткер кісінің үйіне бару. Қандай көмек керектігін жайлы сұрастырып жұмысқа кірісу.Оқушыларды топтарға бөліп, осы жұмысқа жауаптылығын ескеріп оқушыларды қадағалап,бірге жұмыс жасау. Істелінген жұмыс орындарында фотоға түсіріп оқушыларға көрсетіп қандай жұмыс және қалай істегенің талдау.
ІІІ.Зейнеткерден сұхбат алу
Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін зейнеткер апаға дайындаған сұрақтарға жауап алуға болды.
1.Балалық шақ кезеңдеріңізде қандай оқиға сізде ерекше есте қалды.
2.Сіз қандай маман иесісіз?
3.Бізге қандай ақыл кеңес айтар едіңіз?
Үлкен кісімен бірге ән айтып, естелікке фотосуретке түсу.
Зейнеткер апамызға тілек айтып қоштасып кетеміз.Оқушалармен жол бойы қандай әсерде болғаның жайлы бөлісіп әңгімелесеміз.Оқушалардың үйлеріне жектендігін жайлыхабарлар алу.
Қорытынды.
Мектеп оқуларына хабарлау арқылы мәжіліс залына жинау. Қамқорлық акцияның өткенің жайлы айтып презентация арқылы оқушыларға көрсетіп, акцияға қатысқан оқушыларға алғыс білдіру.