- Учителю
- Шәкәрім Құдайбердіұлы Адамдық борышың өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы Адамдық борышың өлеңі
Тақырып: Ш.Құдайбердіұлы.»Адамдық борышың».
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: мәтінді саналы түсініп,мәнерлеп оқу,машығын
жетілдіру,мәтіндегі негізгі
идеяны саналы ұғынып,осы проблемаға өз көзқарасын білдіруге
үйрету;
2.Дамытушылық: логикалық ой-өрістерінің кеңеюіне жағдай
жасау,сабақта оқушылардың
ойлау,сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Өз ойын дұрыс,
толық,тиянықты айта,жаза білуге дағдыландыру;
3.Тәрбиелік: жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа
тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жатқа айту,мәнерлеп оқу, сұрақ -
жауап,әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті, шығармалар көрмесі
Пәнаралық байланыс: тарих, казақ тілі, хұқық ж/е адам пәні
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшілермен әңгімелесу.
Үй тапсырмасын тексеру: Ш.Құдайбердіұлының «Бостандық таңы» атты
өлеңді жатқа айту.
I.Ой қозғау - побуждение.
Оқушылар алдына проблемалық сұрақ қою:
- «борыш» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер (оқушылар осы
сөздің мағынасын
айтады,орысшаға аударады,сөз тіркестерін құрастырады - әскери
борыш,ата-ана борышы ,
балалық борыш осы сөз тіркестерімен де тәрбиелік жұмысын да
жүргізіп жіберуге болады)