7


  • Учителю
  • «Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласы»

«Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласы»

Г.Ш.Самбулатова,ММ «ФМЛ» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Диктант латынша «дикто» деген сөз. Оның мағынасы - естіртіп айту деген ұғымды береді.Диктант жұмысын жүргізу көбінесе оқушылардың теориялық білімін сынауға қолданылады. Олардың өткен материалды қаншалықта меңгергені диктант жаздыру барысында айқындалып отырады. Соның нәтижесінде мұғалім қай оқушының қандай тақырыптан қандай қате жібергенін айқындай алады және қандай шара қолданудың жолдарын да белгілейді. Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласына жатады. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді. Олар: терме диктанты, бақылау диктанты, көру диктанты, түсіндірмелі диктант, сөздік диктанты, өздік диктанты, ескерту диктанты, ерікті диктант, шығармашылық диктант. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқытудағы барлық диктанттың басты мақсаты - балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді. Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып отыр. Шығармашылық сипаттағы диктанттардың кейбір түрлері дәстүрлі оқыту үрдісінде де жүргізіліп келеді. Щығармашылық диктанттың өзіндік ерекшелігі туралы орыстың педагог ғалымы М.И.Рудякова «Творческий диктант не является разновидностью диктанта, а скорее это самостоятельная работа типа сочинения» дейді (Сборник диктантов по орфографий и пунктуаций. М., «Просвещение», 1991, 4-бет). В.М.Гусинова мен К Еркібаеваның «Сборник текстов для изложении» деген оқу құралында «Тексты взятые из произведений классической и современной художественной литературы, научно-популярной литературы, периодической печати должны помочь в формировании у школ гражданственности, любви к труду, стремлени гуманитарным знанием» деген пікірлерінің пәнаралық байланыстағы шығармашылық диктанттарға да қатысты жағы бар (А" «Рауан», 1998, 4-бет).

Диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиядан іздену - тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.

Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың төрт түрін ұсынуға болады: сөздік диктантының жаңа түрі; модельге негізделген диктант; «өзің тап» диктанты; «бестік» диктанты.

Шығармашылық диктанттарды жүргізудің басты мақсатын төмендегідей саралауға болады: қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру; сауаттылықка, жазу мәдениетіне баулу; көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту; тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру,

Шығармашылық дикганттарды жүргізуде мына мәселелер ескерілуі тиіс: диктант мәтініне суреттеулер, баяндаулардан гөрі мазмұнды оқиғалардың алынуы; даралап, саралап оқытуды басшылыққа алу; көмек керек ететін оқушыларға көмек-нұсқау ұсыну (ол - мәтінді оқушының ары қарай жалғастыруы үшін беріледі); оқиғаның жалғасы тұжырымды жоспар түрінде ұсынылады; диктант мақсатына сай керекті тірек сөздерді ұсыну.

Диктант жазар алдында шығармашылық конкурс жариялауға болады. Конкурс оқушыларды ынталандырады, олардың назарын бір мақсатқа жұмылдырады. «Словарь-справочник по методике русского языка» деген еңбегінде М.Р.Львов былай дейді: «В творческих работах учащихся отражается личность школьника, его чувства, взгляды, его жизненная позиция. Творческие работы - сильное воспитательное средство» (М., «Просвещение», 1988, 68-бет). Осы пікір шығармашылық диктанттарға да тән. Әдебиет пәнінің тәрбиелік мәні зор. Ол оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, дүниетанымы, көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Әдебиет пен қазақ тілінде өтіліп жатқан материалдарды байланыстыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, тіл дамьпу оны жүргізудің басты мақсаты болып табылады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал