7


  • Учителю
  • План по казахскому литературу (8 класс)

План по казахскому литературу (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Орхон - Енесей жазулары

Сабақтың мақсаты.

  1. Білімділік: Қазақ ұлтының әдеби мұрасы Орхон-Енесей жырларының тақырыбы мен идеясын түсіндіру

2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады..

ІV. Cабақты меңгерту

Күлтегін мәнерлеп оқу

V. Сабақты қорытындылау. VІ. Үйге тапсырма беру.

Үзінді жаттау

VІІ. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал