- Учителю
- 'Одағайдың түрлері' тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)
'Одағайдың түрлері' тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)
Сабақтың тақырыбы:Одағайдың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету, әр түрлі жаттығулар арқылы түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру. Одағайдың түрлерін меңгерту;
Дамытушылық -. Одағайдың
Түрлерін мысалдармен бекіту,өздік жұмыс жасау дағдылары мен икемдерін дамыту. Тіл байлықтары мен сөздік қорын молайту, сауатты жазу мен каллиграфиясын дамыту.
Тәрбиелік-Тіліміздегі одағай сөздерді орынды қолдана білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, кубизм, блум ағашы, кесінді сыз
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
Сабақтың көрнекілігі:, кубик,кесте, бағалау парақтары, қима қағаздар, интер.тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім, -деп А.Тоқмағанбетов ақын жырлағандай, сендер де ақынның ойымен келіседі деген үміттемін. Сондықтан да бүгінгі сабақта білім алып, тағы да бір сатыға жоғарылайық
Топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасы:
а) Одағай сөз туралы түсінік.
ә) 315 -жаттығуды талдау