- Учителю
 - Шешендік сөздің жанрлық ерекшеліктері
 
Шешендік сөздің жанрлық ерекшеліктері
| 
         Сыныбы:  | 
         9 сынып  | 
         Күні:  | 
         
  | 
         Пәні  | 
         Қазақ әдебиеті  | ||
| 
         Тақырыбы № 2 сабақ  | 
         Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері  | ||||||
| 
         Мақсаты  | 
         Шешендік өнердің түрлері туралы толық түсінік алады, ерекшеліктерін ажырата біледі.  | ||||||
| 
         Күтілетін нәтиже  | 
         Шешендік сөздерге тән ерекшеліктерді біледі. Сыни ойлау дағдысын жетілдіреді. Тақырыпты терең түсініп, түсінген білімін кез-келген жағдайда өмірде тиімді пайдалана біледі.  | ||||||
| 
         7 модульдің қолданылуы  | 
         АКТ; Сын тұрғысынан ойлау; Дарынды және талантты балалармен жұмыс; Бағалау  | ||||||
| 
         Қолданылатын әдіс-тәсілдер  | 
         Бейнеролик көру, постер қорғау, «Бес жолды тұжырым әдістемесі», кері байланыс  | ||||||
| 
         Қолданылатын ресурстар  | 
         Интерактивті тақта, флипчарт, стикер, оқулық, түсті қарындаштар, шешендік сөздер жазылған таспа.  | ||||||
| 
         Сабақ барысы  | 
         Уақыты  | 
         Мұғалімнің іс-әрекеті  | 
         Оқушының іс-әрекеті  | ||||
| 
         Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу 
 
  | 
         3 
 
 
  | 
         Нақыл сөздер қиындылары арқылы топқа бөлу  | 
         Шешендердің сөздері жазылған нақыл сөздер қиындыларын құрастыру арқылы екі топқа бөлініп отырады  | ||||
| 
         Үй жұмысын пысықтау  | 
         5 мин 
  | 
         2.«Саған жолдаймын » сұрақ- жауап әдісі; Ашық сұрақтар: 1.Шешендік сөздерге қандай сипаттама бересің? 2. Қазақтың шешендік сөз тарихы неше кезеңге бөлінеді? Сынақтан өткізу сұрақтары: 3. Мысал келтіре аласың ба? Ашық сұрақ: 4.Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін қайдан оқыдыңыз? 5. Шешендік сөзге қандай баға берілген? Жетектеуші сұрақ: 6. Шешендік сөздердің өмірімізде маңызы қандай? Түрткі сұрақ: 7. Шешен болу үшін қандай қасиеттер болуы керек? Басқаға бағыттау сұрақтары: Толықтыратындар бар ма? Би- шешендердің сөздерінен жаттаған үзінділерін мәнерлеп оқиды. 
  | 
         Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы, сұрақ қояды, үй жұмысын пысықтайды.  | ||||
| 
         
 «Ой шақыру» АКТ 
  | 
         5 мин 
  | 
         Шешендік сөздер туралы Аудиовизуалды материал көреді. Нені көргендерін айта отырып, жаңа тақырыпқа келеді  | 
         Мәтінді үнтаспадан тыңдайды, мазмұнын түсінеді, сабақтың тақырыбын ашады. 
  | ||||
| 
         Мағынаны тану Көшбасшылық және оқуды басқару  | 
         10 мин 
 
  | 
         Топта жұмыс ««Не айтылған? Нені білу керек? Не маңызды?» 
  | 
         1 -топ Жоспар құрады. 2- топ Постер қорғайды. «Сөз дұрыстығы, байлығы, тазалығы, көрнекілігі - сөйлеу мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы - шешендік өнер.Шешендік өнердің біздің өмірімізде маңызы» өзіндік ой-пікірін қорғау. 
  | ||||
| 
         Инклюзивті оқыту/дифференцация. Дарынды және талантты балалармен жұмыс  | 
         10 мин  | 
         Оқулықпен жұмыс Жоғары деңгей Ой толғау жазу немесе өлең шығару; Ортаңғы деңгей Шешендік сөздер туралы түсінгенін тірек-сызба арқылы түсіндіреді Төменгі деңгей Сұрақ дайындайды 
  | 
         Жоғары деңгейдегі оқушылары шешендік сөзге байланысты өлең шығарады немесе ойтолғау жазады. Орта деңгейдегі оқушылары мәтінді оқи отырып, өз түсінгендерін тірек-сызбаға түсіреді. Төменгі деңгейдегі оқушылар мәтін бойынша сұрақтар қойып, бір- біріне қойылған сұрақтардың және оған берілген жауаптардың дұрыстығын біледі.  | ||||
| 
         Сабақты бекіту Сыни тұрғыдан ойлау 
  | 
         5 мин  | 
         «Ой тұжырым әдісі» Қандай сөздер? Неге жатады? Кімдер айтады? Кімге аманат? Би-шешеннің айтқаны.  | 
         Сұрақтар төңірегінде жауап бере отырып, бүгінгі сабақ негізінде тұжырым жасайды.  | ||||
| 
         Қорытындылау  | 
         3 мин  | 
         Тақтада жазылған сұрақтарға жауап беру. 1.Сіздің ойыңызша шешен би батырлардың ортасында қандай ортақ қасиеттер бар? 2. Шешен би, батырлар не үшін қажет? 3.Нені үйренуге болады?  | 
         Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды  | ||||
| 
         
 Кері байланыс  | 
         2 мин 
  | 
         Кері байланыс: 1 Бүгін біз не туралы айттық? 2. Не ұнады? 3.Неден қиналдың? 4. Өзің қандай ой түйдің? 
  | 
         . Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақта алған білімдерін зерделеп, қаншалықты түсінгендерін біледі,  | ||||
| 
         Бағалау 
 
  | 
         2 мин 
 
  | 
         Әр оқушыға бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек.  | 
         Бағалау парағы әр балаға таратылып беріледі оқушылар өзін -өзі бағалайды  | ||||