7


  • Учителю
  • «Қандай ғажап бұл ертегілер»

«Қандай ғажап бұл ертегілер»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бейнеу ауданы , Үстірт ММ-нің Қазақ тілі және әдебиеті Мұғалімі:Назарбаева Ұлмекен 5-сынып I.Сабақтың тақырыбы: «Қандай ғажап бұл ертегілер» II. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсат: Ауыз әдебиеті үлгілердінің бірі «Ертегілер» тақырыбын қорытындылау, білімділік дағды қалып
предварительный просмотр материала

Бейнеу ауданы ,

Үстірт ММ-нің

Қазақ тілі және әдебиеті

Мұғалімі:Назарбаева Ұлмекен

5-сынып

I.Сабақтың тақырыбы:

«Қандай ғажап бұл ертегілер»

II. Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсат: Ауыз әдебиеті үлгілердінің бірі «Ертегілер» тақырыбын қорытындылау, білімділік дағды қалыптастыру.

Дамытушылық мақсат: Тапсырмалар берілу арқылы оқушыларды өз бетінше іздене білуге , зерек тапқыр болуға үйрету, еркін пікірлей алуға баулу.

Тарбиелік мақсат: Отанға сүйіспеншілігін ояту, ата - бабалардан қалған асыл мұраларды қадірлей білуге үйретіп бару ерлікті, батырлықты үлгі ету.

III. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Кеспе қағаздар, перфокарталар, сөзжұмбақтар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, қоржындағы асықтар, бүктеме, сандықша.

IV. Сабақтың түрі: Ойын, жарыс түріндегі қайталау, қорытындылау сабағы.

V. Сабақтың әдісі: Интерактивті (сұрақ-жауап, мәнерлеп айту, еркін пікірлеу) әдіс.

VI. Пәнаралық байланыс: Кәсіпке баулу, бейнелеу өнері.

VII. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Жаңа сабақ.

Мұғалім: - Балалар, қараңдаршы, алыстан, Алатаудың бөктерінен,

Қараудың беткейінен, ел асып, қыр асып келе

жатқан кім екен? Е, мынау ертегі кейіпкері ғой. Бұл-

қай ертегінің кейіпкері?

Балалар: - «Қырық өтіріктегі» Тазша бала ғой.

</ Мұғалім: - Тазшы бала бос келе жатқан жоқ, бізге не әкеле жатыр

екен?

Тазшы бала: - Мен бір ауыз шын сөз аралыстырмай қырық ауыз

өтірік өлең мен қырық ауыз өтірік әңгіме айтып,

еріккен ханды жеңіп, қазына - байлығының

жартысына ие болдым, сол қазынадан сендерге де ала

келдім.

Мұғалім: - Рахмет, тазша бала.

Міне, балалар, бұл алтын асық екен. Асық - ерте

замандардан бері қарай келе жатқан халқымыздың

ұлттық ойыны есептелетін асыл қазынасы. Асық

ойнау арқылы балалар өте зерек, шапшаң, мерген,

ұқыпты болуға үйреніп отырған.

«Бес асық» ойыны

Шарты: берілген сұраққа толық жауап беріп, тапсырманы

орындап отырған оқушы бір асыққа ие болады. Осылайша әр

оқушы бес асық алуға дейін ақылы.

Ойын 6 кезеңнен тұрады.

1. Сұрақ - жауап.

2. Суреттен кейіпкерді тану.

3. Біліміңді сынап көр.

4. Қанағатта берекет бар.

5. Ертегілер көрмесі.

6. Қорытынды.

1-Кезең.

Сұрақ - жауап.

1- сұрақ.

А) Ауыз әдебиеті бойынша өз түсінігіңді айт.

Б) Ауыз әдебиетінің түрлері.

2- сұрақ.

А) Ертегілер туралы өз түсінігіңді айт.

Б) Ертегілердің құрылысы қандай?

3- сұрақ.

А) Ертегілер қандай салаларға бөлінеді?

Б) Қиял- ғажайып ертегілерін атап айт.

4- сұрақ.

А) Мысал қандай шығарма? Оны ертегі деуге бола ма?

Б) Аллегория қандай көркемдегіш құрал?

2-Кезең Сөзжұмбақтар: « Күн нұры»

«Қандай ғажап бұл ертегілер»

3- Кезең

«Аңдардың қасиеттері»

1.Аңғал,мейірімді қара күш иесі

2. Момын,жуас жануар

3. Қу,екі жүзді алдамшы.

4. Қара жүрек қатыгез,ашқарақ.1

2

3

4

















































4 - кезең

Суреттен кейіпкерлерді тану.( Ертегіні мәнерлеп айту)

«Қандай ғажап бұл ертегілер»«Қандай ғажап бұл ертегілер»«Қандай ғажап бұл ертегілер»«Қандай ғажап бұл ертегілер»«Қандай ғажап бұл ертегілер»«Қандай ғажап бұл ертегілер»





5-Кезең

Біліміңді сынап көр.

1.Толағай қандай ертегі?

2. Бұқар жыраудың тегі кім?

3. Шыншыл ертегілердің бас кейіпкері кімдер?

4. Абайдың қара сөздері қанша?

5. Композиция сөзі қай тілден алынған?





1.«Бай баласы мен жарлы баласы»әңгімесінің авторы кім?

2. Жануарлар бейнесіндегі суреттеу не деп аталады?

3.Үш дәуді жеңген күш иесі кім?

4.«Сиқырлы тас» қандай шығарма?

5. Эпизод дегеніміз не?

6-кезең

«Қанағатта берекет»

«Балықшы мен балық» ертегісі бойынша оқушылар көрініс көрсетеді.

3.Бағалау: оқушылардың жинаған асықтарына қарай бағаларын қою.

4.Қорытынды:

Мұғалім:- Міне балалар ертегілер халқымыздың даналығы мен асқақ армандарынан туған көркем шығарма екен. Қай ертегіні алып қарамайық көркем, «Ерте,ерте,ертеде» немесе «Бар екен де,екен» деп басталып, «Мақсат- мұратына жетіпті,» деп жақсылықпен аяқталып отырады.Бұның өзі халық өкілдерінің, ертегі шығарушыларының тек жақсылықтың тілекшісі екенін аңғартады.

5.Үйге тапсырма: Оқушылар өздерінің ой армандары бойынша қиял-ғажап ертегіні жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал