7


Ортақ етіс 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

6 сыныбы. Пәні: Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға етіс түрлері туралы өткенді қайталата отырып, ортақ етіс туралы білім беру, етіс түрлерінің өзара айырмашылықтарын меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың іздену, есте сақтау, сауатты жазу, қажетті ақпаратты қорыта білуі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: мысалдарды, мақал-мәтелдерді талдата отырып, адамгершілікке, бейнелі сөйлеу шеберлігіне, топтық жұмыс арқылы бір-біріне көмектесе білугетәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, талдау

Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, , сызба кесте, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген 243-жаттығуды ауызша тексеремін. Ырықсыз етіске байланысты топшамамен жұмыс жасатамын.

Өздік

-н, -ын, -ін

Қимыл иесі істі өзі атқарады.

Не істеді?

Не қылды?

Асан жу-ын-ды.

Өзгелік

-қыз, -кіз, -ғыз, -гіз

-дыр, -дір,-тыр,-тір,

-ыр,-ір, -т

Қимыл иесі істі біреуге орындатады.

Не істетті?

Не қылғызды?

Сурет сал-ғыз-ды.

Ырықсыз

-ыл,-іл,-л

-ын, -ін, -н

Қимыл иесі айтылмайды, бірақ іс орындатылады.

Не істелінді?

Киім тазала-н-ды.

Мал бағ-ыл-ды


Жаңа сабақ

Слайдта жазылып тұрған сөйлемдерді талдата отырып, жаңа сабаққа көшеміз.

Мысалдар: Ақындар ұзақ таңға айт-ыс-ты. Олар жүкті бірге тасы-с-ты. Мерей апасына кілемді іл-іс-ті.

Осы сөйлемдердегі іс-әрекет бір адамның емес, бірнеше адамның қимылын білдіреді. Ереже шығарылып айтылады.

Ереже

Біреу емес, бірнеше адам арқылы ортақ істелетін я болатын іс-әрекет,

қимылды білдіретін етіс түрі ортақ етіс деп аталады. Ортақ етістің

жұрнақтары: -ыс,-іс, -с.

Есіңде ұста!

Ортақ етістің жұрнағы зат есімнің жұрнағымен тұлғалас келеді. Мәтінде кездескенде шатастырып алмаңдар. Ажырату үшін сұрақ қойыңдар.

Зат есім (Не?)

Етіс (Не істеді?)

Айтыс басталды.

Ақындар айтысты.

Айтыстан келдік.

Өзді-өзі айтыса бастады.

Айтысты көрдік.

Сайысқа айтысқалы келдік.

Оның айтыспен аты шықты.

Сынып атынан айтысуға шықты.


Оқулықпен жұмыс

251-жаттығу (ауызша). Ортақ етісті табыңдар, қосымшасын бөліп көрсетіңдер.

Таб-ыс-қан, көр-іс-е-ді, қарсыла-с-ып, шаб-ыс-ты, ал-ыс-ты, қал-ыс-ты,

ерег-іс-іп, төбеле-с-іп, жағала-с-ып, аудар-ыс-ып.

252-жаттығу (жазбаша) Ортақ етісті сөйлемді бөлек, зат есімді сөйлемді бөлек жазыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

Деңгейлік тапсырмалар

1-тапсырма

Төмендегі етістердің жұрнағын тауып, етіс түріне ажырат:

Тарттырып, қаранды, бөлінді.

2-тапсырма

Төмендегі етістердің жұрнағын тауып, етіс түріне ажырат:

Тасысты, отырғызылды, киінді.

3-тапсырма

Төмендегі етістердің жұрнағын тауып, етіс түріне ажырат:

Айттырды, оқытты, жырланады.

2-деңгейдің тапсырмасы

1-тапсырма

Берілген мақал-мәтелден өзгелік етістерді теріп жаз:

Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

Өзен, су, көлге жеткізер,

Соқпақ жолға жеткізер,

Жол молға жеткізер.

2-тапсырма

Берілген өлеңнен етістерді тауып теріп жаз:

Біздер жүрміз дер кезінде туылып,

Суға түсіп, отқа өртеніп жылынып,

Жетімдердің ұясына тығылып,

Жесірлердің көз жасына жуынып,

Әйтсе дағы, дер кезінде туылып!

3-тапсырма

Берілген өлеңнен етістерді тауып теріп жаз:

Жеті қат жерің мына төңкерілген,

Жеті қат аспанменен көмкерілген.

Адамзат оның бәрін ерте білген,

Ертегіде табысқан ертеңімен.

Ғаламаттар туылған ертегіден.

Өздік жұмыс (Семантикалық картамен жұмыс )

1-семантикалық карта

Етістіктің

түрлері

Сөз тіркесі

Сабақты

етістік

Салт

етістік

Өздік

етіс

Өзгелік

етіс

Ырықсыз

етіс

Ортақ етіс

Жырды айтқыз

+

+

Шөпті орды

+

Сабақтан шықты

+

Білімін толықтырды

+

+

Жұртты сөйлетті

+

+

2-семантикалық карта

Етістіктің

түрлері

Сөз тіркесі

Сабақты

етістік

Салт

етістік

Өздік

етіс

Өзгелік

етіс

Ырықсыз

етіс

Ортақ етіс

Суды төгу

+

Тізімге алынды

+

+

Есептер шығарылды

+

Дәптерге жазғыз

+

+

Өзара айтысқан

+

Сабақты бекіту (Тест)

1.Етістер нені білдіреді?

а)іс-әрекет пен оны жүзеге асырушы арасындағы қатынасты в) заттың атын с) оқиға орнын

2.Етістер неше түрге бөлінеді?

а)4 в)3 с)5

3.Өздік етісті табыңдар:

а) қаранды в) ойлады с) көрісті

4.Өзгелік етіс жұрнағын көрсетіңдер:

а) -дыр,-дір,-тыр,-тір в) -ын,-ін,-н с)-ыл,-іл,-л

5.Не істелгендігі көрсетілетін етіс қалай аталады?

а)ырықсыз етіс в)өзгелік етіс с)ортақ етіс

6.Ортақ етісті табыңдар:

а) сыйласты в) тас с)өріс

7.-ыл,-іл,-л - қандай етістің жұрнақтары?

а)ырықсыз етіс в)өздік етіс с)ортақ етіс

8.Сабақты етістікті атаңдар:

а)әпер в) бар с)отыр

9.Салт етістікті көрсетіңдер:

а) ойна в) есті с) көр

10.Болымсыз етістікті көрсетіңдер:

а) бармаспын в) көрер с) жиналады

Үйге тапсырма (253-жаттығу жазбаша, &55)

Бағалау (Әр бөлім бойынша жетондармен бағалау)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал