- Учителю
- Разработка урока по казахскому языку 'Ұлттық ойыны-бәйге'
Разработка урока по казахскому языку 'Ұлттық ойыны-бәйге'
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойыны-бәйге 9 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ұлттық ойындар тақырыбына байланысты мағлұмат беру.
Дамытушылық: қатысымдық тұрғысындағы әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру , ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.
Сабақтың әдісі: топтастыру әдісі, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық ойындар суреттері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу
ІІ. Қателермен жұмыс.
Жаңа сөздер мен танысу
IV. сөздік жұмыс
ә) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.
б) сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.
V. Мәтінді оқып түсіндіру.
а) мәнерлеп оқу (мұғалім)
Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде "пайга", қырғыздарда "чабыш" деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде Бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының бөлігіне айналған
Бұрын Бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын. 1957 жылы Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат Бәйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі.
Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бәйге аттарын ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы халқымыздың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында, мақал-мәтелдерінде көп айтылады
VI. Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмалар орындау.
Қорытынды сөзге талдау жасау «Фонологиялық талдау.» БӘЙГЕ
Ребус шешу. «Жылан ойыны»
1.Ұлттықойындардыңкөптегентүрлерібар. 2.Мағанқызқууұлттықойыныұнайды. Бес жолды өлең стратегиясы. VIІ. Ой қорыту: Бүгінгі сабақта не білдім? VIІІ. Үйге тапсырма:Ұлттық ойындардың бір түрін әңгімелеп келу. ІХ. Бағалау