7


  • Учителю
  • План урока по родному языку на тему 'Оқушылардың тіл табыса алуы мен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту '

План урока по родному языку на тему 'Оқушылардың тіл табыса алуы мен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:Оқушылардың тіл табыса алуы мен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту

Мақсаты: Топтық қарым-қатынасты нығайту. Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға, ынтымақтастықты нығайтуға итермелеу. Көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу. Оқушылардың шыдамсыз, ашуланшақтық сезімдерін басу, бір-біріне сенімділіктерін, жақындықтарын арттыру. Қарым-қытынас деңгейлерін жетілдіру.

Барысы: «Сілбі» (паутина) ойыны

Үлкен оралған жіпті мен бастап ұшын өзіме алып қалып, ораманы қарсы тұрған балаға өзім туралы қысқаша мәлімет айтып беремін. Ол бала өзі туралы айтып келесі балаға береді. Осылайша барлық балалар қамтылу керек. Сонда біз өрмекшінің сілбісін жасадық. Енді керісінше соңғы бала өзіне қай бала жіпті берді сол балаға ол туралы есіне сақтағанын айтып қайтарып береді. Осылай ша оралған жіп маған қайтып келу керек.

Сұрақтар: Ойын ұнады ма?

Несімен қызықты?

Оқушылардың көбінесе неден шаршайтынын білу үшін төмендегі сұрақтар қойылады, талданады.

1. Сен көбінесе неден шаршайсың?

2. Ойдың, яғни мидың шаршауы басым ба, әлде дене шаршауы ма?

3. Шаршауды басу үшін сен қандай әдістерді қолданасың?

4. Дене жаттығуларын жасайсың ба? Қай кезде?

5. Спорттың қай түрімен шұғылданасың?

6. Өз-өзіңді қалай ұстауға болады?

Тіл табыса алу мен қарым-қатынас

Жасымыз өскен сайын қарым-қатынас та ұлғая түседі. Қарым-қатынас жақсы болу ол баланың мәдениеттілігінде. Осы кезеңде сендердің дене дамуларыңда, физикалық және психологиялық өзгерістер болады. Агрессияға көп кездесеміз, сөз көтере алмаймыз, сол кездерде біздің қарым-қатынасымыз төмендей бастайды. Осындай жағдайлардан шығудың жолы ол- қарым-қатынас, өмірге деген дұрыс көз-қарас, жақсы көру және біреуді жақсы көрушілік, үлкен қуаныш. Осы іс-әрекеттер агрессияны жеңе алады.

Дүниедегі ең тамаша туынды - тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Жақсы тәрбиемен есейген бала, ол қашанда біздің қуанышымыз. Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Тіл табысу ол да сенің бір қабілетің.

Психологтың кеңесі

Қиындықтан қалай арылуға болады?

Өзіңізді ойландыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. Өмірдің үйреншікті ырғағына түспеңіз, бірақ шаршамаңыз.

Көңіл-күйіңіздің қолайсыз сәттерінде, сіздің өміріңізде болған қуанышты және жағымды кездерді, сол бір бақытты уақыттардың кішкене бөліктеріне дейін еске алу. Қолайлы жағдайларды қайтадан бастан өткізгендей сезіну пайдалы.

Көбінесе қиындыққа себепкер болатын- жыл мезгілі. Мысалы, көптеген адамдар үшін көктем айы - психологиялық қатынастың ең қиын кезеңі. Бұл мезгілде шаршауға, өзіңізге «көптеген істерді» жүктеуге болмайды. Таза ауадағы серуен, дұрыс ұйқы, жақсы әуен, достармен әңгіме, спорт көмек бере алады.

Сіздің көңіл-күйіңіздің нашар болуының себебі неде екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл белгілі адамдармен таласта, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелеріне, шаршауыңызға немесе көп уақытқа созылған стреске байланысты болар.

Ең бастысы: депрессия кезінде маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Бұл мезетте көптеген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданады. Адам қызбалықпен әрекет жасауы мүмкін. Ол туралы соңынан өкініп, немесе өзінің қате жібергенін, кінәсі бар екенін сезінуі мүмкін.

Жұптың біреуі орындыққа отырады, екіншісі оның артында тұрады. Тағы бір ойыншы бос орындықпен тұрады да, отырғандарға білдіртпей біреуіне белгі береді. Сол адам оның орындығына келіп отыруы керек. Ал оның артында тұрған ойыншы өз жұбының орнынан тұруына кедергі жасайды. Жұбынан айырылып қалса, бос орындықпен қалған ойыншы жүргізуші болады. Сосын отырғандар мен тұрғандар орындарын ауыстыруға болады.

Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

4. Сөзсіз қарым-қатынас тілін пайдалану іскерлігін жаттықтыру үшін «Жұбын табу» ойыны.

Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Үнсіз қарасып, бір-бірін есте сақтаулары керек. Содан соң тарап кетеді. 1 жұптар көздерін жұмған кейіпте бөлме ішіндегі өз жұбын іздейді, ІІ жұптардың көзі ашық болады.

Жүргізуші: «Бір сөзде айтпай жұптарыңды табыңдар». Қатысушылар бір-бірін ұстап көріп, өзінің жұбын табуға тырысады. Таптым деп ойласа көзін ашады. Содан кейін жұптарын ауыстырады және әрекетті қайталайды.

Талдау: Жұптарды табуда не көмектесті? Қалай сезілді?

5. «Көзді жұму арқылы шеңбер жасау» жаттығуы.

Қатысушылар аудиторияның ортасына жиналады. Жүргізушінің белгісі арқылы көздерін жұмып, сөйлеспей, барлығы шеңбер (үшбұрыш, төртбұрыш) жасауға тырысу керек. Бірнеше минуттан соң жүргізушінің белгісі арқылы көздерін ашып, қандай қиындық соққанын және не жеңіл болғанын талқылайды.

Рефлекция: «Майшам» ойыны.

Қандай әсерде болды, өздеріне не алды, жақсы тілектер айта отырып, бір-бірлеріне майшамды жалғастыра беріп отырады.

Жүргізуші: -Міне, біздің ойынымызда аяқталды, қорытынды сөз кезегі өздеріңе беріледі. Әр ойынның жалпы қорытындысын айтып, өздеріңнің ойларыңды білдіріңдер. Ойын несімен ұнады, ойынға деген қызығушылық болды ма?

Көзге түскен балаларды жеке марапаттау:

* Ең көңілді қатысушы

· Ең мазалы қатысушы

· Бізді таң қалдырған қатысушы

· Топтың лидері

Жүргізуші:-Жалпы ойынға белсене қатыстыңдар. Маған сендердің ұйымшылдықтарың, белсенділіктерің, тапқырлықтарың ұнады. Қашанда осындай КЕРЕМЕТ ТҰЛҒА болыңдар! Ойынға қатысқандарыңа рахмет, сәттілік тілеймін

.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал