7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему Құжат толтыру (11класс)

Урок по казахскому языку на тему Құжат толтыру (11класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

11-сынып. 17.02.2016ж.

Сабақтың тақырыбы: Құжат толтыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ресми іс қағаздар стилі, оның ішінде қатынас қағаздарының тілдік, құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту. Сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілдері: проблемалы - мазмұндау, зерттеу, ішінара іздену.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеймін. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін.

1. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың үйден жазып келген өмірбаяндарын жинап алу.

2. Үй тапсырмасын бекіту.

«Роунд - робин» әдісі. Оқушылар стильдер туралы ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі туралы не біледі, сол жайында бір сөйлем не бір сөз тіркесін айтуы керек. Бірінің айтқанын бірі қайталамауы тиіс.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. Білу.

Бүгінгі сабақта не білуіміз керек?

1) Іс қағаздары, оның түрлері.

2) Қатынас қағаздары.

3) Қатынас қағаздарының бөліктері.

Мақсаты:

«Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар» бағдарлама - іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.

Міндеттері:

• Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.

• Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.

• Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.

• Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.

• Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Түсіну.

Интербелсенді тақтадан слайдтар арқылы жаңа материалды түсіндіру

Іс қағаздары дегеніміз - жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым - қатынас құралы.

Іс - қағаздарының түрлері: арыз, түсінікхат, бұйрық, хаттама, анықтама, өмірбаян, өтініш, қолхат, мінездеме, келісім шарт, ұсыныс, сенімхат, куәлік.

Іс жөніндегі қатынас қағаздарының құрылымы:

1) Қатынас қағазының жіберілген мерзімі (күні, айы, жылы)

2) Қатынас қағаз жіберілген мекеменің мекеме басшысының аты - жөні.

3) Қатынас қағазының мазмұны.

4) Қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның қолы.

5) Реквизит - құжаттың түпнұсқалығын білдіретін белгілер. Барлық мемлекеттік құжаттардың қағазында болады. Ол сызық, өрнек, сурет, таңба күйінде болу мүмкін.

6) Постскриптум - латын тілінен аударғанда "хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін "P. S." таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мәтін" деген мағына береді.

3. Қолдану.

а) өзіндік жұмыс. . Оқушылар алған білімдерін қолданып, бір қатынас қағазының үлгісі бойынша өздері қатынас қағазын құрастырады.

ә) жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Тапсырманы бұрын орындап болған оқушылар семантикалық карта толтырады.

Мысалдар

Ғылыми стиль

Ресми іс қағаздар стилі

Публицистикалыќ стиль

Көркем әдебиет стилі

Ауызекі сөйлеу стилі

1. - Атың кім? Нешінші сыныпта оқисың?

- Атым - Гүлнар. Бесінші сыныпта оқимын. +

2. Емен ұзаќ жылдар бойы өсе береді. Ол 150-200 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылу сүйгіш ағаштар қатарына жатады. +

3. Ауруханаға бару үшін сабақтан босатуыңызды сұраймын. +

4. Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз +

5. Күлзипа екенін білген соң, Әбдірахман жүруге ыңғайланса да, мен жібермедім - қалжыңдасып барғанды жақсы көрдім +

6. Екі ел арасындағы кездесуде Еуразия саудасындағы тауар тасымалына қызмет көрсетуде Ресей мен Қазақстан көлік жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды. +

7. Мінездеме.

Сапар Айдана 1994 жылы 15 мамырда туған. Қазалы қаласындағы №16 мектепте 2001 жылдан бері оқып жүр. Биыл 11 - сыныпты бітіреді. +

4. Талдау.

І. «Іс жүргізуші ойыны»

Әр оқушы интербелсенді тақтадан 1 - ден 10 - ға дейінгі сандардан тұратын ұяшықтарды таңдайды. Ұяшықтардағы құжаттардың үлгісімен танысып, құрылысын талдайды.

ІІ. «Полиглот» ойыны.

Берілген ресми іс қағаздар стиліне тән сөздерді үш тілде интербелсенді тақтаға жазу.

Берілген сөздер: Орыс тілі ағылшын тілі

Арыз --------------заявление -----------statement

Куәлік ------------удостоверение -----certificate

Анықтама ------справка---------------- reference

Түсінікхат -------объяснительное письмо ---------explanation letter

Сенімхат ---------довереность power --------of attorney

Мінездеме------ характеристика -------------сharacteristic

Хаттама ----------протокол ----------------------protocol



ІІІ. Сабақты қорытындылау.

5. Жинақтау.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріліп, жауап алынады.

1. Стильдің қанша түрі бар?

2. Іс қағаздар стилі дегеніміз не?

3. Қатынас қағаздарының құрылымдық ерекшелігі?

4. Іс қағаздарының түрлерін ата?

Ескерту: Іс қағаздарының адам өміріндегі орны ерекше екендігін, өндірістегі істің адам өміріндегі іс әрекеттердің дұрыс дәл кезінде іске асуы, құжаттар мазмұнының анық, дәл баяндалуына байланысты екендігін айтамын. Іс қағаздары мазмұны дәл, анық жазылуы керектігін, құжаттарды жазуда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқаулық басшылыққа алынатынын ескертемін.



5. Бағалау.

Бағалау кестесі арқылы оқушылардың білімін, белсенділігін сараптау, бағалау.

IV. Үйге тапсырма.Сыныптас құрбысына мінездеме жазу.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал