7


  • Учителю
  • Ашық сабақ А. Сейдімбек «Әйел-Ана»

Ашық сабақ А. Сейдімбек «Әйел-Ана»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: А. Сейдімбек «Әйел-Ана» Сабақтың мақсаты: 1. Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. «Әйел-Ана» ертегісінің мазмұнын меңгерту, ананың тапқырлығы, батырлығы жөнінде мағлұмат беру. 2 Ертегі бойынша алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.Тілдік қорларын байыта отырып, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. 3) Оқушыларды адамгершілікке, ананы сыйлауға, құрметтеуге, Отанды сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс, ізденіс жұмысы Көрнекілігі: А.Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы бойынша слайд, өлең жолдары, мақал- мәтел, суреттер, мәтін, плакат, гүл шоқтары. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру үшін ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ә.Тәжібаевтің «Толағай» ертегісі бойынша «Толағай» ертегісінің авторы кім? Толағайға мінездеме беріңдер, ол қандай адам? Авторы бар ертегілерді қалай атаймыз? ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту. Оқушыларға слайд арқылы Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларға мәлімет беру. Ол 1942 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында дүниеге келген. Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.1963-1968 жылдары ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде оқыған. 1968-1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, 1975-1976 жылдары «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1976-1983 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983-1987 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы болып қызмет атқарды. 1987-1997 жылдары ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1997 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының президенті болып тағайындалды. 1999 жылы ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2000 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еңбек етті.Ақселеу Сейдімбек 8 монографияның, бірнеше ғылыми еңбек пен оқу құралдардың және 400-ден астам мақаланың авторы. «Ана» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?( оқушыларға күннің шапағы таратылады, оқушылар ана туралы ойларын жазып, тақтаға іледі). - «Жұмақтың кілті- ананың табанының астында» деп хадисте бекер айтылмаған. Өздерің атап өткендей ана, ең алдымен, адам баласына өмір сыйлайды, тәрбие береді. Осындай тәрбиелілігімен, ақылдылығымен бір дүйім елді құтқарып өмір сыйлаған әйел-ана жайлы ой қозғаймыз. Бүінгі сабақта А.Сейдімбектің «Әйел- ана» ертегісін оқып білесіңдер. Сабағымыз топтық жұмыс түрінде өтеді. Мәтінмен жұмыс. Топ басшылары ортаға шығып менің қолымдағы мәтін бөліктерін таңдап алыңдар. Мәтінді жеке оқуға 3 минут беріледі. Оқып болған соң топта талқылаймыз. Бір топ екінші топты мұқият тыңдаймыз. Ертегілер желісі І топ жоспар құру. 1.Күншуақ елі
2.Қапыда шапқан жау
3.Жау әміршісінің жарлығы
4.Тұтқындардың шешімі
5.Ақ шашты ананың ақылы
6.Жау әміршісінің алдануы
7.Қасиетті сөз ІІ топ ертегі желісі бойынша сурет салу ІІІ топ көрніс қою VІ. Шығармашылық жұмыс І топ «Әйел-Ана » ертегісіндегі анаға ақ тілек. Әйел-ана. Әйел-өмір.Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде сәби тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры-биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Ана- болашақтың демеушісі, ұлттың- жебеушісі,сәбилердің бақыты. ІІ топ «Ана» туралы мақал- мәтелдер жазады. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі -ой өсіреді. Ана сүтін ақтамағанды- ешкім мақтамайды. Ананың ойы ұяда. Баланың ойы қияда. Ананың сүті- бал, баланың тілі-бал. Ананың балаға алалығы жоқ. Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады. Ердің анасы- елдің анасы Ақ шашты ана: «Жастығым-бала» дейді, ақылды бала: «Ай-күнім -анам» дейді. ІІІ топ Өлең құрастыру. Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған, Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған. Осынау дөңгеленген дүниеде, Жан Анам , кім бар сендей қымбат маған? ____________ тірегім, ____________ жүрегім. ____________ сен болмасаң, ____________ жүремін. Бағалау - шарықтау шыңы Қорытынды. 1)Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болады?
2)Ер-азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел-Ана қандай тапқырлық жасады?
3) Ақын ертегі арқылы қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?
4) Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?
«Ана туралы жыр» әнін орындау. Үйге тапсырма беру. « Мінез - адам көрсеткіші» демекші үйге тапсырма ертегідегі кейіпкерлерге мінездеме беру



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал