- Учителю
- Коспек урока по казахскому языку 'Қазақ тілі: Бүгіні мен ертеңі' (8 класс)
Коспек урока по казахскому языку 'Қазақ тілі: Бүгіні мен ертеңі' (8 класс)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі: Бүгіні мен ертеңі
Сабақтың түрі: кіші ғылым академиясындағы ғылыми кеңес отырысы (жобалар қорғау).
Сабақтың девизі: Ізденеміз, зерттейміз, салыстырамыз, табамыз
Сабақтың технологиясы:
Дамыта оқыту, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту әдістері. Ғылыми жобаларын қорғау, болжам-пікір.
Сабақтың мақсаты:
-
Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңін, ана тілінің ұлттық ерекшелігін саралау. Қазақ тілінің бүгінгі жай-күйін өз беттерінше зерттеу, ертеңіне болжам жасау. Қазақ тілінің бай, көркем, оралымды тіл екендігін дәлелдеу. Өз елінде өгей баланың күйін кешіп жүрген ана тілімізге байланысты басты мәселелерді зерттеп, талдап, жинақтау; іздендіру, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға жетелеу.
-
Ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ұлылар мұраларындағы адам баласына тән гуманизмді, ана тіліне деген құрмет сезімдерін үлгі ету.
-
Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ғылыми ізденіске дағдыландыру. Проблеманы шеше білу, ғылыми негізде дәлелдеуге қалыптастыру, білімділік дағдыларын дамыту. Білімді оқушылық деңгейден анализ, синтез, шығармашылық деңгейге көтеру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздендіру, зерттеу, талдау әдістері, сұраққа-жауап әдісі, пікірлесу.
Оқыту формалары: ұжымдық, индивид. форма, топтық.
Сабақтың жабдығы: слайдтар, ғылыми жоба, интерактивті тақта.
І кезең
Кіші ғылым академиясындағы кіші ғылыми кеңес отырысы (жобалар қорғау)
Мақсаты: Оқушыларды өзіндік ізденіске, болжам, қорытынды жасауға дағдыландыру. Алдын-ала берілген тақырыптың ең негізгі түйінді дәнін ала білу, проблеманы шешу, талқылау, ғылыми ізденіске жетелеу.
І топ «Зерде»
ІІ топ «Қыран»
ІІІ топ «Тұлпар» (Өз жобаларын қорғайды)
ІІ кезең.
Диагностикалық консилиум.
Мақсаты:
Өзгелердің пікірін тыңдай білуге, пікір айта білуге баулу.
Қаралатын мәселе: Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі
ІІІ кезең
«Миға шабуыл» сұрақтары
(Қорытынды пікірталас)
Мақсаты:
Проблема шешу, іздену, зерттеу дағдыларына түрткі жасау, өз ойларын, пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге жетелеу. Сыпайы қарым-қатынасқа баулу.
Сұрақтар:
-
Қ.Р.-ның Тіл туралы Заңының 4-бабында : «Қазақ тілі -Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»,-деп атап көрсетілген. Қалай ойлайсыңдар, мемлекеттік тіліміздің бүгінгі қалпы көңіл көншітерлік пе?
-
Қазақ тілінің болашағын қалай елестетесің, өз болжамыңды оралымды тілмен айтып бер. Оқушыларды өзіндік ізденіске, болжам, қорытынды жасауға дағдыландыру.
ІҮ кезең
«Мен және менің Ана тілім»
(идеялар презентациясы)
Мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне жол ашу. Жазба жұмыстарына дағдыландыру. Ауызша, жазбаша көркем сөйлеуге баулу.Шебер, ұтымды сөйлеуге, тапқырлыққа баулу. Өз ойын дәлелді, айқын жеткізуге талаптандыру.
Өз қалаулары бойынша:
-ой толғау
-сыр толғау
-жыр толғау
ІҮ кезең
Бағалау, коррекция, үй тапсырмасы
Сабаққа дейін алған әсерім
Сабақтан кейін алған әсерім
Бұған дейін білгенім...
Сабақтан кейін білгенім...
Бағалау парағы:
Аты-жөні
Өз бағасы
Спикер бағасы
Мұғалімнің бағасы
Қорытынды баға
Үйге тапсырма:
Міндетті тапсырмалар:
-
Тіл туралы 2 мақал-мәтелге сатылай комлексті синтаксистік талдау жасау.
-
Ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан даналық бірнеше даналық сөздерін тауып жазу.
Өз қалаулары бойынша орындайтын тапсырмалар:
-
«Ең бірінші бақытым - тілім менің...» (ой толғау)
-
«Егер мен қолында билігі бар адам болсам ана тілімізді...» (өз ойыңды жалғастыр)
Сабаққа дейін алған әсерім
Сабақтан кейін алған әсерім
Бұған дейін білгенім...
Сабақтан кейін білгенім...
Бағалау парағы:
Аты-жөні
Өз бағасы
Спикер бағасы
Мұғалімнің бағасы
Қорытынды баға