7


  • Учителю
  • Тайкелтірдің төрелігі сабақ жоспары 8 сынып

Тайкелтірдің төрелігі сабақ жоспары 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән аты: Әдебиет

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Тайкелтірдің төрелігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға шешендік сөздер туралы түсінік беру, Тайкелтірдің төрелігі шешендік сөздерімен таныстыру, түсінік беру,

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жиреншенің хан сынағына түскені туралы аңызды әңгімелеу.

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ -жауап

Жиренше шешен-ауыз әдебиетіндегі Алдар Көсе мен Қожанасыр сияқты аңызғаайналып кеткен бейне.Аңыз бойынша Әз-Жәнібек хан тұсында өмір сүрген.Сарай биі,шешен болғанға ұқсайды.Өйткені тарихи шежірелерде де, аңыздарда да екеуінің аттары бірге аталады. Әз-Жәнібек 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүрген екен.

-Әз-Жәнібек ханның 62 биінің бірі болған екен.Бірде хан:«Әу,Жиренше,адам қалай қадірлі болады?»-дейді.Сонда Жиренше:«Қадірлі болғысы келген кісіге үш жолдас керек.Олар: бақыт,дәулет,ырыс,»-депті.

-Бірде хан Жиреншеге:«Бұл дүниеде не жетім?»-деген сұрақ қояды.«Ата қонысынан ауған ел жетім.Серіксіз ер жетім.Жаңбырсыз жер жетім,»-деген екен оған Жиренше.

¨Жиреншенің Әз Жәнібек ханға берген жауабын жаттап келу тапсырылған болатын.Енді осы сөздердің мағынасына тереңдейік. (2-3 оқушының жауабын тыңдау)

Ағын судың өлгені -

Алты ай қыста қатқаны… (1-2 оқушыға талдату)

Жиренше шешен сөзінің негізгі түйіні не деп ойлайсыңдар?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Жиренше болып ойлансақ,«жақсы» деп кімді айтамыз? Олар неліктен «жақсы» атанды деп ойлайсыңдар?





Хан Жиреншеге қырық сиыр беріп қалай сынады?

Хан Жиреншеге: «Біздікіне келгенде жолмен де жүрмесін, жолсызбен де жүрмесін» - деген сөзіне қалай жауап берді?

Хан Жиреншеге сексен еркек қой бері : «Көктемде қой қоздағанда осы қойларды қоздатып кел» - деген сөзіне қандай айла тапты?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Шешендік сөздер. Тайкелтірдің төрелігі

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы - шешендік сөздер. Шешендік сөздер - елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тақпыр сөздері. Ол сөздер мәйекті, өткір болғандықтан елге тез тарап, ауыздан - ауызға көшіп сақталып отырған. Шешендік сөздер әдетте екі адамның белгілі бір талас мәселені шашудегі сөз жарысында туып, елге жайылып кетеді. Ондай дауды негізінен билер шешіп отырған. Сондықтан да шешендік сөздерді айтушылар көбіне билер мен шешендер болып келеді.

Шешендік сөздер дау- тартыстардағы айтылған айтыстармен шектелмеген. Көпті көрген өнегелі адамдардың бата - тілек, насихат - нақыл сөздері түріндеде айтылып отырған. Шешендік сөздерде халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл - ойы, арман - тілегі бейнелегеді, тілінің байлығы, оралымдылығы байқалады.

Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, бірлікке ,татулыққа, сыйластыққа шақырады.









Тайкелтір Айдаболұлы (туған-өлген жылы белгісіз) - би, шешен, ақын. 18 ғасырда Баянауыл өңірінде өмір сүрген. Әкесі Айдабол биге еріп жер аралап, ел көрген. Бала кезінде үйсін Төле биден бата алған. Әділдігімен, тапқырлығымен, елдің құнын екі ауыз сөзбен қайыратын шешендігімен аты аңызға айналған. Арғын - Сүйіндіктің бас биі болып тұрған кезінде ел тыныштығы мен ынтымағын сақтау саясатын жүргізген. Тайкелтір есімімен байланысты " Төле бидің</</u> сынынан өтуі", "Қыз - жігіт дауы", "Бота дауы", "Тайкелтірдің қаракесек Алшынбай биді жұбатуы", "Тайкелтірдің төреге көңіл айтуы" сынды шешендік сөз өнерінің қасиетін ашатын тарихи-тағылымды әңгімелері, Тайкелтір би айтыпты деген адамгершілік пен парасаттылықты уағыздайтын ұлағатты сөздер ел аузында сақталған.

Тайкелтірдің төрелігі

Төле би Тайкелтірдің болашағын болжайды. Төле би атқосшы жігітін шақырып:

-Қонақ үйдегі екі кісіні таласып жүрген ертұрманымен осында әкелші!

-Иә, балам Тайкелтір, осы ертұрманға мына екеуі талас. Бұлар тоқтарлық бітім айтып екеуінде риза етші! -дейді Төле би.

Тайкелтір кереге ілулі тұрған Төле бидің қамшысын қолына алып, ортадағы ерге жақындап барып қамшымен тартып жібередіде есік алдында тұрған Төле бидің жігітіне ерді береді. Дауласып жүрген екі кісі ердің Төле бидің атқозшысына берілгеніне ризалығын білдірді.

VІ. Түсінік тексеру:

Сөздік жұмысы 2 минут

Пана болу -қамқор болу

Түзу бағыт - дұрыс жол көрсету

Атқосшы - ат күтуші көмекші

Төрелік , бітім - әділ шешім айту;

Қол қусырып амандасу- аса сыйластық көрсетіп, қос қолдап сәлем беру;

Зер - әшекейдің түрі;

Тобылғы - қызыл түсті бұта (өсімдік);

Байырқалап қарау - бақылап , зерттеп қарау (смотреть изучая);





Сахналық қойылым

«Өнерімді сахнада шыңдаймын,

Шешендік сөз иелерін сомдаймын»

1- топ «Тайкелтірдің төрелігі» тақырыбында сахналық көрініс қояды.



2- топ « Жиренше шешеннің сөздерінен» сахналық көрініс қояды.





3-топ Сурет салу

«Қырлы қалам сыр шертеді» оқушыларға екі плакат пен фламастер беріледі. Шешендік сөздер бойынша өздері білетін шығармаларды, сөздерді қанатты сөздерді жазулары керек.



Ү кезең Мәнерлеп оқу

«Өлең-сөзге керегі,

Дауыстың қоңыр мәнері»



Мәнерлеп оқу (1-топтан бір оқушы)

Іздеп келер інің бар болса,

Бақытың барын содан біл.

Аңсап келер ағаң бар болса,

Аруағың барын содан біл.

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты қашып, ермегеннен без.

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына болмағаннан без.



Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса жер жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім,

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы,

Әйелің жақсы болса,

Бірінші- «иманың»

Екінші -жиғаның

Үшінші-ырысыңның тұрағы.



Менен ақыл сұрасаң,

Өгізге ер салма,

Қанатың талар,

Наданға көзіңді салма,

Сағың сынар.

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол.

Өзіңе өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол.

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол. (Төле би)

Мәнерлеп оқу (2-топтан 1 оқушы)

Бұл мәжіліс белгісі,

Жиналып басың құралмақ.

Батырлықтың белгісі-

Жауға шапқан ұрандап.

Палуандықтың белгісі,

Алқаға түсіп сыбанбақ,

Шешендіктің белгісі-

Халық жиналған алқада,

Дұрыстап жауап шығармақ.

Жүйріктіктің белгісі-

Бәйгеге қосқан тұмарлап.

Кәріліктің белгісі-

Көңілдің қошы келмеген,

Жарлылықтың белгісі-

Жанын қинап өлмеген.

Жалғыздықтың белгісі-

Өзіне -өзі сенбеген.

Әкімдіктің белгісі-

Тентекті жиып жөндеген.

Қаттылықтың белгісі-

Халықтың көңілін көрмеген.

Жамандықтың белгісі-

Қаумаға басы енбеген.

Төреліктің белгісі-

Аяғын басып жүрмеген.

Сұлулықтың белгісі-

Көргендер аңсап шөлдеген...

(Ақтан Керейұлының шешендік сөзінен үзінді)

Сұрақ жауап

Шешендік сөздер деген не?

Шешендік сөздер қандай сөздерден жасалады?

Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні неде?

Төле би Тайкелтірді қалай сынады?

Тайкелтір даукестерге қандай төрелік сөз айтты?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.

  • Тайкелтірдің тапқыр сөзін оқып бер

  • Өздерің білетін Төле бидің төрелік сөзінен мысал келтір.

VІІІ.Сабақты қорыту:

Бағалау

Үй тапсырмасын беру. 1. Шешендік сөзер. Тайкелтірдің төрелігі туралы мазмұндау.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал