7


  • Учителю
  • Ә. Тәжібаев. 'Толағай' ертегісіндегі Толағай бейнесі (5-сынып)

Ә. Тәжібаев. 'Толағай' ертегісіндегі Толағай бейнесі (5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:

5-сынып

Күні: 8.12.2015

Пән мұғалімі:

Мусагалиева Р.К.

Сабақтың тақырыбы:

Ә.Тәжібаев. «Толағай» ертегісіндегі Толағай бейнесі

Мақсаты:

«Толағай» ертегісіндегі Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері туралы баяндау. Толағай бейнесі арқылы Отанды сүюге, адал қызмет етуге, адамгершілікке, ерлікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру

Күтілетін нәтижелер:

-Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасайды;

-Өз ой-пікірлерін ортаға салады;

-Топтық жұмыс түрлерін жүргізеді.

Қажетті ресурстар:

Ақынның шығармалар жинағы, оқулық

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, бағалау түрлері, ой бөліс

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

3 мин


Сыныпта психологиялық ахуал орнату. Топқа бөлу.

Үй тапсырмасы:

  • Әдеби ертегі дегеніміз не?

  • «Толағай» ертегісінің авторы кім? Ол туралы не білеміз?

  • «Толағай» әңгімесінің негізгі тақырыбы мен идеялық мазмұны не?

  • Әдеби ертегі мен халық ертегісінің айырмашылығы неде?

«Менің қасиетім» тренинг.

Мазмұнды сурет бойынша үш топқа бөлініп отырады.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылықты ояту

2 мин

Жаңа тақырып:

«Толағай» ертегісіндегі Толағай бейнесі

- Ертегінің басты кейіпкері кім?

Әңгімедегі жазушы тіліне әдеби талдау, кейіпкерлер әлеміне талдау.

Тақырыпты жазып, сабақ мақсатын анықтайды.

Сабақ критерийлерін шығарады:

  • «Толағай» ертегісіндегі кейіпкер әлеміне талдау жасайды.

Толағайжанашыр алып

мерген батыр батыр

рақымшыл күшті

Оқулықпен жұмыс.

Жоғарыда топтастырылған Толағайдың мінездерінң сипатын мәтіннен тауып оқу.

Күшті.

Арқалады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды.

Маңдайынан тер көл боп ақты,

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда қалмайын деп,

Шаршаса да тоқтамапты.

Алып.

Арқаласа он баланы-

Қайыспайды қабырғасы.

Рақымшыл.

«Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырамын»

Мерген.

Аң аулауға - кең даладан,

Құтылмайды қашқан құлан.

Жалғыз толғап тартуынан,

Жан құтқырмас болды қыран.

Батыр.

«Келе қал,- деп,-болсаң күшті»,

Құйрығынан алды барып.

Таяқ құрлы көрмей тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті.

Жанашыр.

Күйген жердің кірді жаны,

Шөлдегендер суға қанды.

Ауыл қайта ажарланды,

Тарқады елдің бір құмары

Мағынаны тану

25 мин

Топтық жұмыс.

І топ.Ертегінің композициялық құрылымы

ІІ топ Ертегінің мазмұндау жоспары

ІІІ топ.Венн диаграммасы. Ертегі кейіпкері біз өткен қай ертегі кейіпкеріне ұқсас.

Ой бөліс.

-Толағай қандай қасиетімен сендерге ұнады? (Қамқорлығы,жан ашырлығы,адамгершілігі)

І топ. Композициялық құрылымы.

1.Әңгіменің басталуы.

2. Дамуы.

3. Байланысуы.

4. Шиеленісуі.

5. Шарықтау шегі.

6. Шешімі.

Туады ерлер ел үшін.

ІІ топ. Мазмұнду жоспары.

  1. Бес жүз жылдар шамасы

  2. Дүниеге келген Толағай

  3. Ерекше өскен тұлға

  4. Күйзелген халық

  5. Толағайдың өлімі

  6. Толағай тауы

ІІІ топ. Венн диаграммасы. Бұрынғы оқыған ертегінің кейіпкері Кендебай мен Толағайды салыстыру

Кендебай

ортақ

Толағай

1.Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6 жастағы бала болады.

2.Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді.

3.Таз, кедей балаға ат а-анасын тауып әкеледі.


Батыр,

ел қорғаны,

жанашыр,

мейірімді,

қайырымды,

алып бала.

1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын мықты болды.

2.Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді.

3.Толағай еліне жаңбыр алып келіп, халқын аман алып қалады.

Шығарма мазмұны бойынша кестені толтырады.

Ой-толғаныс


Рефлексия


Бағалау

Үйге

10 мин


5мин

Ойтолғау

«Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді» деген мақал бүгінгі сабағымызға қорытынды болмақ. Жақсы, балалар, еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайы сендерсіңдер. Бүгінгі тәуелсіздік тұғыры биікте тұрған заманымызда азулы барыстай жауына төтеп беретін ұл - қызы сендерсіңдер. Сендердің ойларыңша бүгінгі күн азаматы қандай болуға тиісті?

Қызыл қалпақ - сабақтан алған әсерім...

Көк қақпақ - сабақтың тәрбиелік мәні неде?

Сары қақпақ - сабақтың жағымды, жағымсыз тұстары

Бағалау парақтары

  • Толағай бейнесін , іс-әрекетін қандай мақал-мәтелмен түйіндер едің?

Ой толғау жазу. «Туады ерлер ел үшін»

Жауаптары тыңдалады

- Адамгершілік, кішіпейілдік, татулық, парасаттылық, мейірімділік, жарасым-дық қайырымдылық, инабаттылық. Бұл қасиеттер адамның жанын жадыратады, көңілін көтереді.

- Қызғаншақтық, кекшіл, сараң, ұрысқақ, ашуланшақ, тәртіпсіздік. Бұл қасиеттер адамның жанын аздырады, ішкі дүниесін тоздырады, адамға дерт әкеледі.

Топ басшылары бағалайды


Үй тапсырмасын жазып алады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал