7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему Жинақтық, болжамдық сан есімдер

Урок по казахскому языку на тему Жинақтық, болжамдық сан есімдер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Бекітемін:

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сан есімнің жинақтық, болжамдық мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын, өз бетімен іздену, ойлау қабілеттерін дамыту, ойларын нақты айтуға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, өз елін сүйетін рухы биік тұлға болуға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты жетілдіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, халық педагогикасы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру 166 - жаттығу - Ой шақыру
• Сан есім дегеніміз не?
• Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
• Дара сан есім дегеніміз не?
• Күрделі сан есім дегеніміз не?
• Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
• Есептік сан есімнің сұрағы қандай?
• Реттік сан есімнің сұрағы қандай?
3. Жаңа сабақ
ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМ
Заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді.
Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: біреу, алтау, жетеу;
Дауысты дыбысқа біткен екі, алты, жеті деген есептік есімдерге - ау, - еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы - ы, - і түсіріліп қолданылады.
Мысалы: екі+еу ═ екеу, алты+ ау═алтау,
Жинақтық сан есімдер заттанып, заттық мағынаны беріп тұрады.
Мысалы: Алтау ала болса ауыздағы кетеді.
БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМ
Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы?, қаншадан? Сияқты сұрақтарға жауап береді.
Жасалу жолы:
- лаған, - леген, - даған, - деген, - таған, - теген, - лап, - леп, дап, - деп, - тап, - теп, - дай, - дей, - тай, - тей
Мысалы: жүздеген, мыңдап, елулеп;
Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс, барыс септік жалғауы жалғанады.
Мысалы: елулерде, отыз бестерге;
Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы
Мысалы: жетпіс - сексен, жүз - жүздеген;
Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы.
Мысалы: мыңға тарта, жүз шамалы, отызға жуық
Оқулықпен жұмыс
168 - жаттығу (жазбаша)
171 - жаттығу (ауызша)
СЕМАТИКАЛЫҚ КЕСТЕ
№----- Мысалдар ---- Есептік ------ Реттік ------ Жинақтық ------- Болжалдық
1 ------ Екеу
2 ------ Біреу
3 ------ Екі - үш
4 ------ Бесінші
5 ------ Жетеу
6 ------ Мыңдаған
7 ------ Алпыстай
8 ------ Отыз бестерде
6. ТАҢБАМЕН ЖҰМЫС
Тү+1
К+2+л
К+3+ік
7+к
3+көз
9+құмалақ

Мәтінді оқып, сан есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне ажыратыңдар.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсі
здік алып, еркіндікке қол жеткіздік, Әнұранымызды асқақтатып шырқап, Туымызды биікке көтердік.
Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемнің 120-дай мемлекеті танып,70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. Осы 18 жыл ішінде тәуелсіз мемлекетімізде көптеген өзгерістер енді. Білім саласында жаңа типті мектептер, лицейлер, гимназиялар мен колледждер ашылды.

1-деңгей.

1-нұсқа

1-тапсырма.Сан есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңдар.
Атадан алтау, анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай)
2-тапсырма. Жинақтық сан есімнің жұрнағын атаңдар.

2-нұсқа

1-тапсырма.Оқулықтағы 169-жаттығу.
Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
60-70, 15000.
2-тапсырма
Болжалдық сан есімнің сұрақтарын атаңдар.
Cергіту сәті.
2 - деңгей.

1-нұсқа.
1-тапсырма.
Мақал - мәтелдердің сөздерін тиісті орнына қойып құрастырып, сан есімдерді мағынасына қарай ажыратыңдар.
Болса, ала, алтау, кетеді, ауыздағы,
Болса, түгел, төртеу, келеді, төбедегі. (Мақал)
2-тапсырма.
1. Алты, төрт сан есімдерінен болжалдық сан есім жасаңдар.
2. Қандай сөздердің тіркесуі арқылы болжалдық сан есімдер жасалады? Мысал келтір.

2-нұсқа.
1-тапсырма.
Жұмбақты шешіп,сан есімдерді мағынасына қарай ажырат.
Екеуі қарауыл қарап тұр,
Төртеуі ұйықтап жатыр.
Біреуі қамыр басып жатыр.

2-тапсырма.
1. Екі, төрт, бір сан есімдерінен реттік сан есім жасаңдар
2. Қосарлану арқылы жасалған болжалдық сан есімдерге мысал келтіріңдер.

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық.
Ендігі мәселе - соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.
Н.Ә.Назарбаев

Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
«Тәуелсіздік - ел тілегі» деген тақырыпта
шағын ойтолғау жазып келу.

10. Сергіту сәті
11. Үйге тапсырма
167 - жаттығу
170 - жаттығу
«Олимпиада кереметтері» тақырыбында шығармашылық жұмыс.
12. Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал