- Учителю
- Абай шығармашылығын қорытындылау
Абай шығармашылығын қорытындылау
Сабақтың тақырыбы: Абай шығармашылығын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: Бiлiмдiлік. Абай өмiрi мен шығармашылығы бойынша алған
бiлiмдерiн пысықтау, тиянақтау.
Тәрбиелiк. Абай шығармалары арқылы адамгершiлiкке, оқу-
бiлiмге, еңбекке, табиғатты сүюге, тәрбиелеу.
Дамытушылық. Оқушыларды шығармашылыққа, ізденiмпаздыққа,
мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Түрi: Тақырыптық есеп
Әдiсi: Сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Музыка, психология, орыс әдебиетi.
Өту барысы:
-
Ұйымдастыру бөлiмi. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысы мен дайындығын тексеру. Оқушы назарын сабаққа аудару.
-
Қорытынды сабақ. Кiрiспе. Сынып оқушылары қызыл, көк, жасыл түстi қағаздар таңдау арқылы үш топқа бөлiнедi. Сол түс туралы қысқаша психологиялық пайымдаулар айтылады.
Қызыл түс. Қызыл түске қызығатындар өте қызуқанды және лидер болуға ұмтылатын адамдар. Өмiрде өзi қалаған мақсаттарының бәрiне жетудi қалайды. Ендеше, бұл топқа «Патша» деген ат беремiз.
Көк түс. Бұл түстi ұнататындар саяхат, серуендi, үнемi өзiнiң кеңiстiгiн кеңейте түсудi қалап тұрады. Яғни бәрiн танып бiлгiсi келедi. Бұл түс - негiзiнен әртiстердiң түсi. Ендеше, бұл топқа «Өнерпаз» деген ат берейiк.
Жасыл түс. Бұл түске табынушылар бiрбеткей және талап қойғыш. Олардың болашағы ашық және тез шешiм қабылдағыш. Әрi салмақты, әрi жұмбақ жандар. Олай болса, бұл топ - «Жұмбақ адам» тобы болсын.
1-бөлiм. «Абайдың өмiрi, өскен ортасы»
Мұнда 3 топқа 3 тапсырма берiледi.
1-тапсырма: Абайдың өмiрi, өскен ортасы туралы сұрақтарға жауап беру.
2-тапсырма: Бiр өлеңдi құрылысына талдау.
3-тапсырма: Бiр әнiн орындау.
Әр топ билет суыру арқылы өз тапсырмаларын анықтайды.
2-бөлiм. «Абай лирикалары»
Мұнда да 3 топқа 3 тапсырма берiледi.
1-тапсырма: Абайдың лирикалары бойынша сұрақтарға жауап беру.
2-тапсырма: Бiр өлеңнiң көркемдiк ерекшелiгiне талдау жасау.
3-тапсырма: Бiр әнiн орындау.
Бұл бөлiмде алдыңғы тапсырмаларына қарай отырып, тапсырмаларды өзiм бөлiп беремiн. Яғни, жауап беру, талдау, орындау тапсырмалары кезектестіріледі.
3-бөлiм. «Абай аудармалары, қара сөздерi, поэмалары»
Мұнда да 3 топқа 3 тапсырма берiледi.
1-тапсырма: Абай аудармалары, қара сөздерi, поэмалары бойынша сұрақтарға жауап беру.
2-тапсырма: Бiр қара сөзiн жатқа айтып, мағынасын түсiндiру.
3-тапсырма: Бiр әнiн орындау.
Бұл бөлiмде алдыңғы бөлiмде орындамаған тапсырмалары тиiсiнше бөлiнiп берiледi.
Сергiту сәтi: Әр топ Абай өлеңдерiнен өз топтарының аты кездесетiн үзiндiлер тауып айту.
Мысалы: «Патша» тобы - «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...»
«Өнерпаз» тобы - «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан»
«Жұмбақ адам» тобы - «Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла»
«Абайдың өмiрi, өскен ортасы» бөлiмiнде қойылатын сұрақтар:
-
Семейдегi Абай оқыған медресе? (Ахмет-Риза)
-
Абайдың руы ? (Тобықты)
-
Абайды әкесi неше жасында оқудан шығарып алды ? (13)
-
Абайды алғашқы орысша бiлiмi қайдан бастау алады ? (Семейдегi Приходская школада 3 ай оқыған)
-
Құнанбай Абайды елге қандай мақсатпен қайтарып алды ?
(Ел билеу iсiне баулу мақсатында)
-
Әке жолын ұстаудың жетiмсiздiгiн түсiнген Абай халық келешегiне жарқын жол неде деп бiлдi ? (Кiтапта, ғылымда)
-
«Дүниеге көзiмдi ашқан» деп Абай кiмдi айтқан ? (Михаэлис)
«Абайдың лирикалары» бөлiмiнде қойылатын сұрақтар:
-
Абайдың алғаш өз атынан таратқан атақты өлеңi ? (Жаз)
-
Абай алғашқы өлеңдерiн кiмнiң атынан таратқан ? (Көкбай)
-
«Болыс болдым, мiнекей» өлеңiнiң кейiпкерi кiм ? (Күлембай)
-
Мына үзiндi қай өлеңнен? Керек iс бозбалаға - талаптылық,
Әр түрлi өнер, мiнез, жақсы қылық.
(«Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат»)
-
Абай қай өлеңiнде ғылым-бiлiмдi кезiнде зерттей алмағандығына өкiнiш бiлдiредi ? («Жасымда ғылым бар деп ескермедiм»)
-
Абай қай өлеңiнде өлеңге қойылатын көркемдiктiң жаңа шарттарын белгiлейдi ? («Өлең - сөздiң патшасы, сөз сарасы»)
-
Абайдың алғашјы өлеңдерi қандай газеттерде жарияланды ? («Дала уалаяты», «Серке».)
«Абай аудармалары, поэмалары, қара сөздерi» бөлiмiнде қойылатын
сұрақтар:
-
Немiс ақыны И.В.Гетенiң «Жолаушының түнгi жыры» өлеңiнiң
В.Ю.Лермонтов аудармасы «Горные вершины» деп аталады, ал
Абай аудармасы қалай аталады ? («Қараңғы түнде тау қалғып»)
-
Мына үзiндi қай аудармадан ? Мәнiсiн сұрап бiлуге,
Тiлдесе алмаймын ерiксiз.
(«Татьянаның Онегинге жазған хаты»)
-
Оқиға желiсiн «Мың бiр түн» ертегiсiнен алған поэмасы ? («Әзiмнiң әңгiмесi»)
-
«Масғұт» поэмасында таңдауға берiлген үш түстi жемiстiң сыры қандай ?
-
«Ескендiр» поэмасындағы данышпан, ұлы гуманист? (Аристотель)
-
Абай нешiншi қара сөзiнде естiлген нәрсенi ұмытпастықтың төрт түрлi себебiн айқындайды ? (31-қара сөзiнде)
-
Нешiншi қара сөзi түгелдей дерлiк нақыл сөздерден тұрады ?
(37-қара сөзi)
-
Үй тапсырмасын тексеру. Шығармашылық жұмыстар: Абайға арнап өлең шығару, газет, альбом, буклет құрастыру, өлеңдерiне сурет салу немесе Абай өлеңдерi мен аудармаларындағы кейiпкерлер бейнесiн сомдау тапсырмаларының ішінен орындағандарына қарай тексеру.
-
Үйге тапсырма: Қайталау. Шығармашылық жұмыстардың ішінен орындамағандарын толықтыру.
-
Сабақты қорытындылау.
-
Бағалау.