- Учителю
- Қазақ тілінен сабақ жоспары 8 сынып Менің сүйікті әлеуметтік желім
Қазақ тілінен сабақ жоспары 8 сынып Менің сүйікті әлеуметтік желім
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті әлеуметтік желім.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байыту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Табыс критерийі:
-
Ғаламтор мен Е-mail поштаның шығу тарихын білемін.
-
Танымал әлеуметтік желілерді білемін.
-
Өз ойымды қазақ тілінде еркін жеткізе аламын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, А-3 парақтары, маркерлер, бағалау парақшалары, стикерлер.
Әдіс-тәсілдері: АКТ, СТО, тест, топтық жұмыс, критериалды бағалау, диалогтық оқыту, дарынды және талантты балаларды оқыту.
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы
-
Ұйымдастыру кезеңі (1 минут): Сәлемдесу, түгендеу.
-
«Қызығушылықты ояту» кезеңі:
А) Сөздік жұмысы (6 минут): Тақтада берілген сөздер бойынша дыбыстық жаттығу (хормен қайталату). Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырып, аударма сөздіктердің көмегімен өздеріне аударту:
Компьютерлік желі - ? Ақпаратты табу - ?
Байланыс - ? Ұялы телефон - ?
Әлеуметтік желі - ? Зиян - ?
Ғаламтор - ? Құпия сөз - ?
Хаттасу - ? (Сөздерді қалай аударғандарын тексеру).
Б) «Ой шақыру» (2 минут): Енді ойланыңдар, бұл сөздер қандай тақырыпқа жатады? «Ассоциация»: «Е-mail пошта» сөздерін естігенде көз алдарыңа не елестейді? Оқушылардың жауаптарынан кейін: Енді сендер қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін?Оқушылардың жауабынан соң сабақтың тақырыбы, мақсаты, табыс критерийлері хабарланады.
-
Үй жұмысын тексеру (8 минут): «Менің Е-mail поштам» модулі бойынша тесттің сұрақтарына жауап береді.
Тексеру. Партада отырған жұптар бір-бірімен дәптер ауыстырып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Тест кілттері мен бағалау критерийі тақтада көрсетіледі:
1в. 2с. 3а. 4д. 5в. 6е. 7с. 8в. 9с. 10е. 11в. 12в. 13д. 14е. 15а.
«5» - 13 - 15 дұрыс жауап «3» - 6 - 9 дұрыс жауап
«4» - 10 - 12 дұрыс жауап «2» - 0 - 5 дұрыс жауап
-
«Мағынаны тану» кезеңі. Сыныпты отырған варианттары бойынша екі топқа бөлу.
1-ТАПСЫРМА. «Миға шабуыл» (7 минут). Тақтада компьютер мен ұялы телефондардың суреттері:
Төмендегі сұрақтардың жауабын жылдам тапқан топ жалаушаны көтереді. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Қай топтың ұпайы көп болса, сол - жеңімпаз:
-
Суреттерден нені көріп тұрмыз?
-
Ұялы телефонның пайдасы қандай?
-
Компьютердің пайдасы қандай?
-
Олардың зияны бар ма?
-
Компьютер мен телефонның қайсысы кішкентай?
-
Олардың ортақ белгісі қандай? (екеуі де ақпарат құралы)
-
Әлеуметтік желі деген не?
-
Интернет компьютерлік желісі қайда, қашан пайда болды? (1952, Америкада)
-
«Е-mail пошта» деген не?
-
Электронды пошта қашан пайда болды? (1965ж.)
-
Электронды поштаны пайдалану үшін не керек?
-
Қандай танымал әлеуметтік желілерді білесіңдер?
-
Электронды поштаны кімдер ойлап тапты? (Ноэль Моррис және То Ван Влек)
-
Егер компьютер мен интернет болмаса не болар еді?
-
Компьютерге тіл бітсе не айтар еді?
Ұпайларын санап, жеңімпаз топты анықтау.
-
Сергіту кезеңі (3 минут). Көз жанарына арналған. Слайдтағы шарды мойынды бұрмай, көз жанарымен ғана бақылау.
2-ТАПСЫРМА (6 минут). Сурет қиындылары арқылы үш топқа бөліну.
Барлық топтарға бірдей тапсырма. Тақтада берілген суреттерді логикалық байланыстырып, әңгіме құрастыру:
Тексеру. Әр топ өз әңгімесін оқып, бірін-бірі бағалайды. Бағалау критерийлері:
-
Әңгімеде сурет атауларының қамтылуы - 1 ұпай
-
Логикалық байланыс - 1 ұпай
-
Сөздердің орын тәртібі - 1 ұпай
-
Әңгіменің көлемі - 1 ұпай
-
Сөз байлығы - 1 ұпай
-
«Ой толғаныс» кезеңі. 3-ТАПСЫРМА (7 минут)
Төменде берілген тақырыптар бойынша топтар кластер құрастырып, әңгімелеп береді:
1-топ: «Интернеттің пайдасы мен зияны»
2-топ: «Менің сүйікті әлеуметтік желім»
3-топ: «Электронды пошта»
Тексеру. Топтар тақтаға өз жұмыстарын алып шығып, қорғайды. Топтар бірін-бірі бағалайды. Бағалау критерийлері:
-
Тақырыптың ашылуы - 1 ұпай
-
Түсіндіре алуы - 1 ұпай
-
Сөз байлығы - 1 ұпай
-
Сауатты сөйлеуі - 1 ұпай
-
Жұмысты безендіруі - 1 ұпай
-
Басқа топтарды тыңдай білуі - 1 ұпай
-
Бағалау (2 минут). Топ жетекшілері бағалау парақшаларына топ мүшелеріне баға қояды. Бағалау критерийлері (әр критерийге бір ұпай) :
Критерий
1-оқушы
2-оқушы
3-оқушы
4-оқушы
5-оқушы
Білімі
Белсенділігі
Жауапкершілігі
Сөйлеу білуі
Сауаттылығы
Сыпайылығы
Үйге тапсырма (1 минут).
-
Кері байланыс (2 минут).