7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Д. Бабатайұлы «Аягөз қайда барасың?»

Сабақ жоспары Д. Бабатайұлы «Аягөз қайда барасың?»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Трааз қаласы №47 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Р.К. Сабақтың тақырыбы: Д.Бабатайұлы «Аягөз қайда барасың?» Сабақтың мақсаты: а) Д.Бабатайұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылар
предварительный просмотр материала

Трааз қаласы

№47 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Р.К.

Сабақтың тақырыбы: Д.Бабатайұлы

«Аягөз қайда барасың?»

Сабақтың мақсаты:

а) Д.Бабатайұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңінің негізгі идеясын ашу;

ә) мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысын ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту;

б) Ақын шығармаларын оқи отырып,Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген үш би туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Ұлы жүздің биі туралы не білесің?

2. Орта жүздің биі туралы не білесің?

3. Кіші жүздің биі туралы не білесің?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Дулат Бабатайұлы-қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі тұлғалардың бірі. Ол 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы сандықтас деген жерде дүниеге келген. Кішкентай күнінен зерек болып өскен ақын сауатын мұсылманша ауыл молдасынан ашып, арапша хат таниды, кейін Шағатай, түрік тілдерін игереді. Ақындық өнері ерте оянған Дулат өзінен бұрынғы ақын - жыраулардың мұраларының сусындап өскен. Ақын туып - өскен жер ақындық өнерді ерекше қастерлеген аймақ болған.

Ақынның өмір сүрген кезі қазақ даласындағы хандық дәуірдің жойылып, патша үкіметінің отарлау саясаты кеңінен өріс ала бастаған шаққа тура келді. Бұл екі жақты қанауға түскен қара халық үшін өте бір ауыр кезең болды. Ақын шығармашылығынан өзі өмір сүрген дәуір шындығы арқау болды. Оның «О, Сарыарқа, Сарыарқа!», «Ақжайлау мен сандықтас», «Асқар таудың сәні жоқ», «Ата қоныс арқадан» тәрізді өлеңдерді сол кездегі өмір шындығын бейнелейтін ақын даусы болды. Ақын ел бірлігімен бүтіндігін жырлады, қазақтың кешегі алаңсыз күндерін аңсады.

Дулаттың өзіне ғана тән ерекшелігі-поэзияда бірінші рет қазақ жұртын тұтас алып қарай отырып,оны ел басшысынан бұқара халықты айыра бөліп алып сөз етуі. Екіншіден, патша өкіметінің отаршылдық езгісін қоса сынау дәрежесіне дейін көтере алды.

Өлеңнің мазмұндық желісіне арқау болған мәселе-патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты екенін түсіндіре отырып «Аягөз қайда барасың?» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Аягөз өзені қайдан бастау алып,қалай қарай ағады?

  2. Аягөз кімнің жері еді?- деген өкінішін қалай түсінесіңдер?

  3. Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай суреттейді?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Дулат Бабатайұлының «Аягөз қайда барасың?»өлеңін оқып келу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал