- Учителю
- Ашык сабак Миржакып Дулатулы 8-сынып
Ашык сабак Миржакып Дулатулы 8-сынып
29.01.2016
ПӘНІ
Әдебиет
КЛАСЫ
8
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
М.Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Оқушыға ақын туралы,оның шығармашылығы туралы сын тұрғысынан ойлау,талқылауға үйрету, оқушының осы сабаққа дейінгі және одан кейінгі білгенін ақпараттармен ұштастыру,жинақтау;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Оқушылар Міржақып Дулатұлы туралы жан-жақты білім алады,өмірмен байланыстыра біледі.
ТҮЙІНДІ ИДЕЯ
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Әдіс-тәсілдер
Рөлдік ойын,зымыран сұрақтар, айналмалы бекет, бес жолды өлең
Қолданылатын ресурстар
ОҚУЛЫҚ,МАРКЕР,СТИКЕР,НОУТБУК,БАҒАЛАУ ПАРАҚШАЛАРЫ, ҚАЛПАҚ
Сабақ кезеңдері
Сабақтағы іс-әрекет
Бағалау
Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында өлең жоларын айтқызамын.
Бүгінгі күн терезеден,
Бізге күліп тұр қарап
Сондай жақсы көңіл күймен ,
Басталады бұл сабақ
Бағалау жүйесін түсіндіру және бағалау парақшаларын тарату.
Үй тапсырмасын "Рөлдік ойындар әдісі" арқылы сұраймын.
Үй тапсырмасын " Зымыран сұрақтар "әдісі арқылы бекітемін. Сұрақтардың жауабы иә немесе жоқ деген сөз арқылы қабылданады.
1.М.Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасында қазақ-қалмақ арасындағы шапқыншылық кезеңді бейнелеген бе?/иә/
2. Баянның ағасы Ноян ба? /жоқ/
3. Поэмадағы қалмақ қызының жасы он төртте ме? /иә/
4. М.Жұмабаевтың алғашы өлеңдер жинағы 19 жасында шығарылған ба? /иә/
5.Батыр Баян өмірде болған ба? /иә/
6. "Батыр Баян" поэмасында қалмақтың қос қонтайшысы Ұса,Серен суреттелмейді ме? /иә/
7. Поэмаға арқау болған өңір Батыс Қазақстан облысы ма? /жоқ/
Топқа бөліну: ана туралы мақал -мәтелдер
Алдын ала оқушыларға "Аңыз адам" журналынан М.Дулатұлы туралы тың деректер жинап келу тапсырылады.
Видеоролик көрсету.
Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)
М.Дулатұлы туралывидеоролик көрсету.
Сұрақ-жауап арқылы М.Дулатұлы өмірінен алынған тың деректермен бөлісу.
Оқулықтағы М.Дулатұлының өмірбаянын оқу.
"Айналмалы бекет" әдісі
І топ
ІІ топ
М.Дулатұлының өміріндегі елеулі оқиғалар
1
2
3
4
5
Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )
"Шешенің балаларын сүюі" мәнерлеп оқу
Видеоролик көрсету
Сергіту сәті
Бес жолды өлең
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Сөйлем
5.Синоним
Өлең құрылысына талдау
Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану)
Кері байланыс
Ақылдың алты қалпағы
Әр типтің қысқаша сипаттамасы:Қызыл қалпақ
Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?
Сары қалпақ
Сары түс - күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?
Қара қалпақ
Қара түс - қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда - суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?
Жасыл қалпақ
Жасыл қалпақ - өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? - деген сұрақтар туындайды
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: АНА-ӨМІР ШУҒАЫ \ОЙТОЛҒАУ/ ,"ШЕШЕНІҢ БАЛАЛАРЫН СҮЮІ" ЖАТТАУ
Жиынтық бағалау