- Учителю
- Урок Фонетика 5 сынып
Урок Фонетика 5 сынып
Сыныбы: 5 Пәні: Қазақ тілі күні
Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы жапы түсінік беру. дамытушылық: алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту. тәрбиелік: Орындаталатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 229-жаттығу. Берілген шартын толық орындау.
Жаңа сабақ: Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.
Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.
Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу)
Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы -дыбыс, үн, дауыс. Фонетика-тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.
Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал- лақ, түс- сүт, кел- лек
Интерактивті тақта арқылы кестелерді пайдалана отырып, оқушылармен бірге жаңа сабақты меңгеру
Тіл дыбыстары,сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту
Оқулықпен жұмыс
233-жаттығуды ауызша шарты бойынша орындау.
234-жаттығу ауызша шарты бойынша орындау.
Кім жылдам?
Тапсырма: Адасқан әріптерді орнына қой.
і, м, б, л, і ш, о, б, а, л, қ, а
к, р, е, м, т, е, е с, ұ, з, а, т
к, т, е, м, е, т, е а, л, а, д
Сабақты бекіту. Метаграмманы мәнерлеп оқып, көшіріп жаз.
Оңға қарай оқысаң да- бір халық.
Солға қарай оқысаң да -бір халық.
Бір буыным-құс,
Бір буыным-түс
(қазақ,қаз,ақ)
Үй тапсырмасын тексеру: Метаграммалар жазу
Бағалау