7


  • Учителю
  • урок по казахскому языку на тему: 'Қадыр Мырза Әлі Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңі'

урок по казахскому языку на тему: 'Қадыр Мырза Әлі Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні: Қазақ әдебиеті Күні: 29.04.15. Класы: 8 «Б» Сабақтың тақырыбы Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі Мақсаты Оқушыларды Қадыр Мырза Әлі өмірі мен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні: 29.04.15.

Класы: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы

Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі

Мақсаты


Оқушыларды Қадыр Мырза Әлі өмірі мен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.

Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.

Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың потриоттық сезімдерін ояту.

Күтілетін нәтижелер


Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға талпынады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

Тарих,музыка.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Керекті жабдықтар


Оқулық, интербелсенді тақта, ватман, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


1 мин


3 мин


5мин

Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:

Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!

Топқа бөлу

Киіз үй,түйе, домбыра суреттері арқылы топқа бөлу.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Мұқағали Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі.

1-топ: Ақынның өмір жолы
2-топ: Ақынның шығармалары
3-топ: «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін жатқа айту.

Оқушыларды жетон арқылы бағалау.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

1.Мұқағали Мақатаев кім?
2.М.Мақатаев өлең жазумен қатар тағы нелерді жақсы көрген?
3.М.Мақатаевтың лирикалық шығармалары қанша?
4.М.Мақатаев атындағы халықаралық қор қашан құрылды?

Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».

оқушылар киіз үй,түйе, домбыра суреттері бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.


Әр топ үй тапсырмасын айтады.

Тұсаукесер

2 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Қадыр Мырза Әлі жайында интерактивті тақтадан өмірінен мағлұмат беру. Мұғалім оқиды.

Негізгі бөлім

Білу

5 мин

Қадыр Мырза Әлі - жерлес ақын, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, қазақ ССР сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері.
Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5-қаңтарда Батыс қазақстан облысының Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ақын бала кезінен қазақша кітап оқуға әуес болады.
Ақынның кітапқа деген қызығушылығы батырлар жырын оқудан басталады. Өйткені ақынның нағашы ағасы ауыл қарияларына батырлар жырын үнемі оқып береді екен. Әріп танымайтын Қадыр ақынның әдебиетке деген қызығушылығы, алдына үлкен мақсат қоюы осыдан басталған.

1.Оқулықпен жұмыс, 144-бет. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша Қадыр Мырза Әлі туралы конспект жазып алады.


Түсіну

5 мин


Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

«Мағынаны тану»

1.Оқулықпен жұмыс.

Қадыр Мырза Әлінің өмірмен танысу.

«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі.


Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.

Қолдану

5 мин

Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Интерактивті тақтадағы тапсырма беріледі


1-топ:Шетелдік қонақтарға Қазақстанның территориясы мен жер байлықтарын таныстыру;

2-топ:Қазақстанның

саясаты,Елбасы,мерекелері туралы айтып,таныстыру;

3-топ: Қазақстанның салт-дәстүрлері туралы айту;

Үш шапалақ арқылы бағалау.


Берілген тапсырманы оқушылар слайдттар арқылы немесе ауызша айтып шығады.

Сергіту сәті


2 мин

Күй тыңдау. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

Айдана орындап береді.

Талдау

5 мин

Мақсаты:

Оқушының мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі

Жаңа сөздермен танысу.

Өлеңді тізбектеп оқиды

Тақтадан оқып шығады.


Жинақтау


5 мин

Мақсаты:

Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау



Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.

Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.

Қорытынды

Рефлексия

5 мин

І.Сөзжұмбақ «Қадыр»

1.Қ.Мырзалиев кім?
2.М.Мақатаев немен сырласты?
3. «Кесір» сөзінің орысша баламасы.
4.Қадырдың туған ауылы.
5.Қазақ халқы қандай халық?

ІІ.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім

1.Оқушылар сөзжұмбақты шешеді.


2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.


Үйге тапсырма

1мин

1.Қ.Мырзалиев өмірін әңгімелеу;

2.Өлеңді мәнерлеп оқу;


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

Бағалау парағы:


Оқушылардың

аты жөні

Үй тапсырмасы

(Білу)

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Мұғалімнің қорытынды бағасы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал