7


  • Учителю
  • Рефлексивный отчет по одному уроку

Рефлексивный отчет по одному уроку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Данный рефлексивный отчет - это критический взгляд учителя на свой урок. Я делала акцент не только на результат обучения, но и на сам процесс обучения. А достичь нужных результатов на уроке мне помогали удачно выбранные стратегии критического мышления. С их помощью и бл
предварительный просмотр материала

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивті есеп



Мен неліктен өзгеруім қажет? «Әлем өзгергендіктен сіз өзгересіз, және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет» (С.Бич,2012). Сондықтан да оқытудың екінші кезеңінде - мектептегі тәжірибемде мен Бағдарламаның негізгі қағидаларын бағыт - бағдар қылып ұстана отырып, өзімді өзгертуге және оқыту мен оқудағы өзгерістерді жүзеге асыруға кірісіп те кеттім. Ендігі кезекте мен іс - тәжірибені асыру кезеңіне 8 «А» сыныбын таңдап алдым.

Менің сабағымның мақсаты: білім беру мен білім алуда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай алуын топтық және жұптық жұмыс жүргізу барысында дамыту және өзін - өзі бағалай алуларын жүзеге асыру.

Міндеттерім: оқушылардың өздерін - өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі болып табылады. Сонымен мен іс - тәжірибемнің алғашқы күні - ақ С оқушы үлгерімі төмен (бұған дейінгі дәстүрлі сабақтарымда орыс тілінде сөйлете алмайтын оқушым), В оқушы - үлгерімі 3 пен 4-тің арасында (сабаққа көңіл - күйіне қарай дайындалып келетін оқушы) және А оқушы - оқу үлгерімі өте жақсы, дарынды оқушыларды бақылауға алдым.

Қашықтықтан оқыту кезеңінің екінші сабағында өолданылған стратегиялар: «Комплименттер бұрқасыны», «Ойлан-жұптан-бөліс», INSERT, «Кезбе тілші», «Бағдаршам» сергіту сәті. Оқушыларды жыл мезгілдеріне қарай 4 топқа бөлдім. Бұлай топқа бөлу себебім, оқушылардың бұдан арғы іс - әрекеттеріне қозғау болатындай көңіл - күй тудыру болатын. Оқушылардың «Мен күзде туғанмын», «Ал мен қыста туғанмын»- деген көңілді дауыстары сынып бөлмесінің әр жерінен естіліп жатты.

Менің бұдан кейінгі әрекетім оқушыларға өздері құрған «Алты ереженің» негізгі ұстанымдарын қатаң қадағалау болатын. Олай етуімнің себебі, алғашқы сабағымдағы қателіктерді болдырмау.

Сонымен сабақ басталып та кетті. Топтық жұмыс барысында сабаққа деген қызығушылық толастаған жоқ. Оның нақты дәлелі ретінде орыс әдебиеті сабақтарында үнемі үндемей отыратын, биылғы оқу жылында ауылды жерден келген С оқушының топтық жұмыс кезінде қазақша болса да талданып жатқан тақырып төңірегінде ой айтқанын байқадым. Ол топта бірігіп жұмыс жүргізіп жатқан А оқушыға: «Орысша бөлтірік деген қалай болады? Сол бөлтірікті Базарбайдың ұрлағаны дұрыс емес деп жазшы»-деген ұсыныс айтты.

Сенімге негізделген мықты қатынасты дамыту мақсатында қолданылған «Комплименттер бұрқасыны» стратегиясында оқушылар бір-біріне деген жылы пікір, ыстық ықыластарын мен талап еткендей орыс тілінде білдіріп жатты. Стратегияның соңында оқушылар төмендегідей ой-пікірлерімен бөлісті: «Оқылған тілектердің ішінде ең мазмұнды, әдемі, айшықты сөз тіркестері мыналар екен...», «Мен физикадан нашар баға алып қалып едім, көңілім сәл де болса көтеріліп қалды ғой», «Мақтау естіген қандай жақсы».

Бұл сабақ бірінші сабағымның мазмұнды жалғасы болғандықтан, мен оқушыларға тақырып бойынша бірнеше оңтайлы сұрақ қойдым, сұрақ қояр алдында және сұрақ қойғаннан соң қажетті екі секундтық кідірісті сақтадым (Харгривс пен Гэлтон, 2002). Жауап бергісі келгендердің ішінен 2 лқушыға өз ойларын бүкіл сыныпқа түсіндірулерін сұрадым және оларға «неге?» деген сұрақты бірнеше рет қоя отырып, жауаптарын нақтылап алдым. Сосын сынып оқушыларынан алдыңғы екі оқушы айтқан түсіндірулерін қайталап айтып берулерін сұрадым. Оқушылар бірден қолдарын көтеріп белсенділік таныта қоймады, дегенмен өзім аттарын айтып тұрғызған екі оқушы алдында естіген ой-пікірді өз сөздерімен баяндап берді. Сонымен менің сабағымда тағы бір: «диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді» (Александер, 2008) деген тұжырымның анық дәлелі болды.

Оқушылардың мәнмәтінмен таныстығын ескере отырып, оларға топтық «Ойлан-жұптан-бөліс» стратегиясын ұсынбас бұрын сабақтың критерийлерін тақтаға жазып қойдым. Олар: 1. Шығармадағы табиғатты қорғау тақырыбына қандай ой қосар едіңдер? 2. Автордың адамгершілік позициясын үзіндінің қай бөлігінен нақты ұғынып, байқай алдыңдар? 3. Шығарма кейіпкері Базарбай туралы не айта аласыңдар? Жалпы ғасыр дерті болып саналатын нашақорлық туралы ой бөлісіңдер.

Оқушылардың топтағы жұмысы бірден қажетті қарқын ала алмады. Мен тіпті оқушыларға берген тапсырмам қиын болып кетті ме ойланып қалдым. Осылай өімнің іс-әрекетіме сараптама жасап тұрғанымды байқап қалған оқушылар «Сергіту сәті болсын да»- деген ұсыныс жасап үлгерді. Мен олардың тілегін қабыл алдым. «Қара жорға» сергіту сәтінен кейін мен оқушыларға сабақтың критерийлерін тағы бір оқып шығуларын сұрадым. «Ал енді жұмысқа кірісейік, мен қастарыңда жүремін. Кейбір сөздердің аудармасын білмесеңдер, мен көмектесемін. Іске сәт!» - деп демеп те қойдым. «Выгоский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жақсаратындығын атап көрсеткен... Бұл тапсырмаларды орындауда оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересекердің көмегі немесе қолдауы керек» (Мұғалімге арналған Нұсқаулық, 39 б.).

Міне, менің осы сөздерімнен кейін топтағы жұмыс қажетті арнаға түскендей болды: оқушылар өз топтарында ұсынылған критерийлер шеңберінде ой қозғай бастады.

Соымен оқушылар осы стратегияны жүзеге асыру барысында сыни тұрғыдан ойлау үшін ынтымақтасты, әркім өз ойын ортаға салды, іс - әрекеттерін жұптық жұмысты жүргізу үшін жоспарлады, тұжырымдады және ортақ бір пікірге келіп, оны қорғап шықты.

Менің тағы бір түйгенім, алдыңғы сабақтарымда орын алған кумулятивті әңгіме түрі бұл сабағымда байқалмады, сондықтан мен өзімнің іс - әрекетімнің дұрыс бағытта жүріп жатқанын түсіндім. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың арасында әңгіменің екі түрі: дау - даумай мен зерттеушілік әңгіменің (Нил Мерсер, 2008) басым болғанын байқадым. Бірінші топ оқушылары арасында кейбір сұрақтарды талдау барысында келіспеушіліктер болды. Әркім өз ойының басым тұстарына көбірек назар аудартуға тырысты және топтың басқа да оқушыларына өз ойын қабылдатуға үстемдік жасағысы келді. «Сен қасқырлар туралы айтпақ түгілі, көрген де емессің, «Мен бұл үзіндіні бірнеше рет оқығанмын, немен аяқталатынын да білемін»-деген уәждерін келтіріп те жатты. «Мен көп білемін, себебі...» деген сөз тіркестері оқушылардың арасында әрекеттесуден гөрі, бәсекелестікті байқатты.

Ал үшінші топ оқушылары зерттеушілікпен көбірек айналысты. Бұның басты себебі, бұл топта А дарынды оқушыммен бірге басқа да белсенді оқушылардың шоғырланып қалғаны болар деген ойға келдім.

Бұл топтағы оқушылар бір - бірінің пікірін белсенді тыңдады, тиісті ақпаратпен бөлісу кезінде бір - біріне сұрақтар қоя білді, диалогтық қарым - қатынаста болды, көтерілген мәселенің негізгі басымдылықтарын айқындап алу оларды қажетті тұжырым жасауға итермеледі. В оқушы: «Қасқыр жыртық аң, ол солай жыртқыштығынан танбайды»- деген идеясына С оқушы: «Ол жыртқыш болса да, санасы бар жыртқыш»-деп қарсы дау айтты. Менің бір таң қалғаным, С оқушы аңшы атасынан естіген қасқырлар туралы басқа да қызықты деректерін келтіріп жатты. Уақыт тапшы болса да, басқа топ оқушылары С оқушының әңгімеріне құлақ түре отырып, постер толтыру сияқты жұмыстарын жүргізіп жатты.

Жалпы, менің байқағаным, бір ғана топта басталған ой бөлісу сынып оқушыларының барлығын оқу процессіне қатысуға ықпал етті және әр топ бірлескен шешім үшін келісім жолдарын өз беттерінше іздестірді. Осының нақты дәлелі ретінде оқушылардың ынтымақтаса отырып сабақтың білімділік мақсатын өз беттерімен анықтай алғанын айтуға болады.

Сонымен қатар топтық жұмыс барысында салыстыру да, жалпылау да, мысалдар келтіру де болды. Дегенмен «тілдік бөгеттің» болғаны анық байқалды: оқушылар қазақ тілінде жасаған тұжырымдарын орыс тіліне аудыруы барысында уақыттан ұтылды. Бұл мені қынжылтты да. Топтарда сайланған таймкипер қанша уақыт қалғанын айтып ескертіп отырды, дегенмен де «Алтын ережеде» көрсетілген уақыт үнемдеу болмады. Бірақ постер бойынша өз тобының ұстанымын қорғап шыққан оқушылар қысқа да нұсқа сөйлеуге тырысты.

Сонымен іс - әрекетіме талдау жасай келе мен сабағымның ұтымды тұстары деп мынаны айтар едім: қандай үлгідегі жұмыс болса да оқушылар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға сұрақ қоя отырып, дәлелдерді талап етті, кез келген дәлелді есепке ала отырып,түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметті сараптай білді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал