- Учителю
- Бұйрықты сөйлем
Бұйрықты сөйлем
Пән мұғалімі: Талғатова Айгүл Талғатқызы
Үшағаш негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыныбы: 8 класс
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Бұйрықты сөйлем.
Мақсаты:
А) оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту.
Ә) тақырыпты күнделікті өмірде қолдана білу, ауызша және жазбаша тілде қалыптастыру.
Б) берілген тапсырмалар мен жаттығулырды өз беттерімен орындауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, ізгілендіру.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: кесте, топшама қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: (3 мин) амандасу, сыныпты түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.
Үй тапсырмасын тексеру: 38, 39 - жаттығу. (10мин)
Көркем әдебиеттен мысалдар жазу.
Жаңа тақырыпты меңгерту: ( 10 мин)
Бұйрықты сөйлем - біреуге немесе өзге адамға бұйыру мағынасында айтылатын сөйлем түрі. Оның түрлері: ма, ме, ба, бе, па, пе жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: болма, келме, қақпа, төкпе, созба, кезбе т.б. бұйрықты сөйлемдер кейде өсиет, ғибрат түрінде де келеді. Мысалы:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттан ба...
Қызығушылықты ояту. (20 мин)
-
Бұйыру мағынасындағы мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар.
1.Жауыңа жаныңды бер,сырыңды берме!
2.Ойнап сөйлесеңде,сөйлеп сөйле.
3.Талайлымен таласпа.
4.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Әкеңе ауыр жүк артпа.
5.Су ішкен құдығыңа түкірме.
6.Білмегеніңді кісіден сұра,
Кісі болмаса кішіден сұра.
2. Мына өлең жолдарынан көп нүктелердің орнына керекті сөзді жаз.
Ғылым таппа ................
Орын таппай ................
Құмарланып ................
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен ...............
Бес нәрсеге ...
Адам болам десеңіз.
3. Сәйкестендіру.
1.Көзің ауырса ............ Жауыңа табынба
Ішің ауырса ............
2.Ауруды Кісіден сұра,
Кішіден сұра.
3.Шапшаңдықтан қашпа Жан иесінен сұра
4.Өз білмегеніңді …………. Аптығуға баспа
Үлкен болмаса …………..
5.Жаманға жалынба Қолыңды тый,
Аузыңды тый.
4. Берілген сөздерге мысалдар құра.
Сөз
Мысалдар
Кел
Сен ертең ауылға кел!
Арала
Алматының көшелерін арала!
Үй
Үйден сыртқа шықпаңдар!
Есім
Есімін ел ардақтасын!
5. Көркем әдебиеттен бұйрықты сөйлемдер табайық!
Мысалы:
Әжі сұлтан хан ордасына оралсын!
(І.Есенберлин)
Жылай жырлай өлгенде,арттағыға сөз қалсын!
(Абай)
Бахтияр бағындағы ағашқа ешкім тиіспесін!
(Ш.Мұртаза)
Бақтығұлға айт,Жарасбай болыстың аулына келсін!
(М.Әуезов)
Қорытынды бөлім.
Үйге тапсырма: (2)
41, 44 - жаттығу.
Көркем әдебиеттен 5 мысал жазу.
Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушылар бағаланады.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.