7


Бұйрық рай

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бекітемін: Келісемін:О. І. М: Қ. Зейнуллин Тәлімгер ұстаз: Г. МалдуоваКүні: 31. 01. 2015жСыныбы: 7 классПәні: қазақ тілі Тақырыбы: Бұйрық райМақсаты:Білімділігі: рай категориясы туралы оқушылардың түсінігін дамыту, бұйрық райдың өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.Дамытушылық: оқ
предварительный просмотр материала

Бекітемін: Келісемін:

О. І. М: Қ. Зейнуллин Тәлімгер ұстаз: Г. Малдуова

Күні: 31. 01. 2015ж

Сыныбы: 7 класс

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Бұйрық рай

Мақсаты:
Білімділігі: рай категориясы туралы оқушылардың түсінігін дамыту, бұйрық райдың өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.
Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: етістік түрлерін қолдану жолдарын үйрету,
грамматикалық категориялардың мәнін түсініп пайдалануға, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, т.б
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау және салыстыру.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих.


Барысы:

Ұйымдасыру бөлімі (2 мин)

  • Амандасу;

  • Түгендеу;

  • Оқушы назарын сабаққа аудару.


Сынып оқушылар үш топқа яғни үш ауылға бөлінеді. Олар:

  1. «Қазыбек» ауылы

  2. «Әйтеке» ауылы

  3. «Төле би» ауылы

Берілген әріптерді таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді,

ол «Ә», «Қ», «Т» әріптері


Өткен тақырып арқылы жаңа сабаққа дайындық (10 мин)

Алдымен баалалар экранға назар аударайық.

Бұл кімнің және қандай өлең шумақтары?

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.

Осы үзіндіден етістіктерді тауып көрелікші? Тапқан етістіктерің қалай қолданып тұр, сөйлемде қалай жұмсалған?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар, бұйыру мағынасында қолданып тұр.


Ендеше күннің жадын мен жаңа тақырыпты жаза қояйық.


Жаңа білімді меңгерту (15 мин)

Мұғалім:

Рай - іс-әрекеттің көбіне тыңдаушыға не болмаса бөгде біреуге бағытталып, орындалуын талап ету мағынасында айтылады. Яғни, талап ету, бұйыру мағынасы осы I, IIIжақтарда анық байқалып тұрады да, ал Iжаққа бағытталғанда, ол жай мағынасында беріледі.

Бұйрық райдың ерекшеліктері:
1/ бұйрық рай жұрнақ арқылы жасалмай, етістік түбірлерінің ерекше жіктелуі арқылы, жіктік жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Етістіктік негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістік тұлғаларына бірдей жалғана береді.
2/ бұйрық райдың II жақ анайы түрінің қосымшасы болмай, сырттай ғана тұлғасы жағынан етістіктің негізгі, туынды, етіс және болымсыз етістік тұлғаларымен сәйкес, ұқсас келеді.
Бұйрық райдың III жағы етістік түбіріне -сын, -сін жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Бұйрық райдың I жағы етістік түбіріне -айын,-ейін,-йын,-йін, көпше -айық,-ейік,-йық,-йік жалғаулары жалғану арқылы жасалады.

Жаңа білімді бекіту (15 мин)

Сынып оқушылар үш топқа яғни үш ауылға бөлінеді. Олар:


«Қазыбек» ауылы

«Әйтеке» ауылы

«Төле би» ауылы

Берілген әріптерді таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді, ол «Ә», «Қ», «Т» әріптері


«Тапқырлық кілті - даналық »

Топтық жұмыс


«Қазыбек» ауылына тапсырма:


«Суреттерді сөйлету» бұйрық райлы етістіктерді қолдана отырып постер қорғау


«Әйтеке» ауылына тапсырма:

Көрініс - бата беру


«Төле» ауылына тапсырма:

Инсценировка - учителя с учениками используя слова глаголы в повелительном наклонений.

Сергіту сәті

Оқушыларды аз уақыт ішінде сергітіп, бойларын жазу


«Балық аулау» ойыны


Ойынның шарты: теңізде бірнеше балықтар бар, соның қалағанын алып, берілген мақалдың жалғасын табау керек, дұрыс тапсан жағдайда шелекке балықты салау арқылы балық ауланады.


  1. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

  2. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

  1. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла

  2. Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,

Бітірген ісін сұра.

  1. Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

  1. Мыңның түсін танығанша,

Бірдің атын біл.

  1. Айырылмастай досыңа, қайырылмастай сөз айтпа.

  2. Алтын алма, алғыс ал.


Семантикалық карта орыс тілі және қазақ тіліндегі сәйкестік

Сабақты қорытындылау.


Сабақты қорытпас бұрын сабақтан қандай әсер алдыңдар, алдарыңыздағы смайликтер арқылы көрсетсеңіздер?!


Сабағымды мына бір даналы сөзбен қорытындылағанды жөн көріп отырмын.

Бүгінгі сабақта не үйрендім, не білдім?
Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле.
Ж. Баласағұни.


Үйге тапсырма:

Көркем әдебиеттен бұйрық райға байланысты 5 мысал жазу

Ереже жаттау.

Бағалау

Әр топтың үлестірме қағаздары саналады. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал