- Учителю
- ХІХ ғасыр әдебиеті. Махамбет Өтемісұлы. «Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық»
ХІХ ғасыр әдебиеті. Махамбет Өтемісұлы. «Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық»
</ Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ әдебиеті
2. Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиеті.
Махамбет Өтемісұлы.
«Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерін талдауға баулу.
2. Тәрбиелік: Махамбет жырларымен оқушыларды ұлтжандылыққа, елді қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: тіл, тарих, география
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
` 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін қайталау.
ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Асқақ ақын, жаужүрек батыр Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмында дүниеге келген.
Ескіше де, орысша да сауатты Махамбет туралық-әділдігімен аты жойылып, халық арасында ерекше беделге ие болған. Оның ақындық, батырлық даңқының көпшілікке айрықша мәшһүр болуы сол кезеңнің ұлы оқиғасы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне (1836-1838) тікелей байланысты болды. Қайсар, әділдікті сүйген, озбырлықты жек көрген Махамбет халық Жәңгір хан тепкісіне шыдамай, көтеріліске шыққан кезде, Исатай батырдың қасынан табылып, өмірінің соңына дейін осы көтерілістің ұйымдастырушыларының бірі әрі жалынды жырларымен дем берушісі бола білді. Исатай қазасынан кейін көтеріліс басылып,
Махамбет Жәңгір хан мен патша өкіметі тарапынан қатты қуғынға ұшырайды. Ел арасында жасырынып жүріп, ақын көтерілісті жалғастыруды армандайды. Бірақ ол арманы орындалмай, елін сүйген ер, жауынгер ақын аңдаусызда аңдыған дұшпандарының қолынан қаза табады.
Махамбет жырларының басты тақырыптары да, айтпақ идеясы да өз өмірін арнаған осы көтеріліс шындығын, халықтың арман-тілегімен, Исатай батырдың ерлігін дәріптеу, үлгі ету мақсатымен тығыз байланысып жатыр.
Бүкіл ғұмырын күрес, арпалыс үстінде өткізген ақынның жырлары кек пен жалынға, арман мен үмітке, өр рухқа толы. Ақын жырларын көтеріліс айнасы деп бағалау орынды. Өйткені, ол өлеңдерінде өз басынан бар қиындығын өткерген көтерілістің барлық кезеңінің көркем суретін береді. Мәселен, «Ереуіл атқа ер салмай өлеңі - жауынгер ақынның көтерілістің алдыңғы кезеңінде ізінен қалмай қуған патша әскерімен кезектен шайқастан кейін шаршап - шалдыққан, тіпті кейбірі күрестің болашағына күдікпен қараған кезде, сарбаздарға рух беріп, намысын қайрау, ұлы мақсаттан айнымауға шақырған әйгілі туындысы. Ел үшін еңіреген ердің сипаты қандай болуы керек, теңдік жолында ол қандай қиындықтарға төзуі қажет, міне, осы жайларды ақын барынша өткір, шымбайға батыра толғаған. Ал «Бұл дүниенің жүзінде» өлеңін ақын көтеріліс жалыны басылып, өзі жалғыздықта, қуғында жүргенде шығарған. Арманының орындалмайтынын сезген ақынның көңіл күйі оның жалғыздық жайлы («Қаумалаған қарындас, қазақта бар да, менде жоқ»), заманы, өмірде әділдіктің жоқтығы туралы, күн мен ай, дәулет хақында философиялық толғанысынан танылады. Өлеңде синтаксистік егіздеу өте ұтымды қолданылған.
-
Өлеңдердің мазмұнымен таныстыру.
Ереуіл атқа ер салмай
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку - еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Жалғыздық
Бұл дүниенің жүзінде
Айдан көркем нәрсе жоқ,-
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ,-
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ,-
Бірде бар да, бірде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ,-
Еріккен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды -
Тура әділдік биде жоқ.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да, менде жоқ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқушыларға өлеңдерді мәнерлеп оқыту.
2. Оқушыларға әдебиет теориясы тарапынан білім беру.
Элегия- лириканың бір жанры, мұнда ақын өмірді торығу, өкініш, мұңлы сезім тұрғысынан бейнелейді.
Мұң мен өкінішке толы өлең элегия деп аталады.
3. Сұрақтарға жауап беру:
1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі не туралы?
2) «Жалғыздық» өлеңінде ақын неліктен «заманым менің тар болды» дейді?
Ақын өзін неліктен жалғыз сезінеді?
V. Үй тапсырмасын беру.