7


  • Учителю
  • 'Батырлар жыры' сабақ жоспары

'Батырлар жыры' сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Трааз қаласы №47 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Р.К. Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры Сабақтың мақсаты: а) батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
предварительный просмотр материала

Трааз қаласы

№47 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Р.К.

Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры

Сабақтың мақсаты:

а) батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елінің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.Батырлар елінсүйген,ата мекенін,намысын қорғау,елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған,көзсіз батырлық,ерлік көрсеткен.

Ең алдымен оның басты қаһарманы -батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді.

Батырлық дастандардағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты ерен ерлер бойынан осы қасиеттерді айқын танимыз.

Қазақтың батырлар жырының көбі Шоқанның айтуынша, "Алтынорда дәуірлерінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда XIV, XV-XVI ғасырларда жасалған сияқты".

Батырлық дастандарда батырлар тек ерен ерлігімен ғана емес, адамгершілік қасиеттерімен де, жан ізгілігімен де көрінген. Олардың ата-анасына, бауырларына деген мейірімінен, жарына деген адалдығынан мұны айқын аңғарамыз.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан батырлар жыры туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?

2. Қандай батырларды білесіңдер?

3. Батырлар жырының лиро-эпостық жырдан айырмашылықтары қандай?

4. «Ер Тарғын» жырын оқығансыңдар ма?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Батырлар жырын оқып , кез-келген батырдың суретін салып келуге беремін.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал