7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс іс-шара Мемлекеттік тіл-менің тілім

Сыныптан тыс іс-шара Мемлекеттік тіл-менің тілім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл-менің тілім»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің

көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі

маңызын ұғуға үйрету. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана

тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін

көтеруге ат салысуға шақыру. Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке,

ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,

Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді

ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд

Сабақтың барысы:

-Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар! Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Ой қозғау:

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

- ҚР - ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» болып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін біз нені сақтаумыз керек?

-Тәуелсіздігімізді, тілімізді сақтау керекпіз .т.б

- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?

- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі -атаңның , анаңның тілі, тауған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі , білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығамасын анатілінде жазып қалдырады. Халыңтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл - халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дәстүрі.Біздің тіл туралы заңымыз 1997 ылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының « Тіл туралы» жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан- балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жылға ақау болған. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - қазақ халқының тілі. Оның ьнегізігі мекені -Қазақстан. 14 желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттіктіл күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу- ізгілік пен мәдениеттің белгісі.

- Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзеу қараймын,

Ана тілім сені егер білмесем-дегендей енді балалр қазір біздер топтық сайыс жүргіземіз. Мен әулеі сіздерге сайыстың жүрісімен таныстырып өтейін.

Жүрісі: 1.Топ атымен , ұранымен таныстыру

2. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру

3.Ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу

4. Даналар сөзінің сырын аш! Тіл туралы айтылған ой-пікірлерді мағынасын түсіндіру.

5. Тіл туралы берілген тақырыпқа шығарма жазу.

6. Өз өнерін көрсету.( Өлең айту, би билеу, көрніс көрсету)

7. Ұйқасын тап. Өлең шумақтарын құрастыру.

- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. ( Әділ қазылар алқасымен таныстыру)

1. Әр топ өздерін таныстару.

2. Кім көп біледі? бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.

Сұрақтар:

1.Қазақ тілі туралы заң қашан қабылданды?

2.21қандай мереке? 3.Мәтіндегенімізне? 4.Туған тілім тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сөз ойдағы- деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Ары қарай жатқа айт.

5.Буын үндестігі дегеніміз не?

6.Ең бірінші бақытым-халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін- деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Ары қарай жатқа айт.

7.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

3. Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!

Жан-дүниең жарқырап сала берер,

Ағарып келе жатқан атып таңдай- деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту.

4. Мәңгі өлмес, мейлі , заулап көшер заман, Жиреншедей дария шешен бабам.

Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,

Екі ауыз сөзбен шешкен шешен бабам -деп сайысымыздың келесі кезеңіне өтеміз. Бұл кезең

₺ Даналар сөзінің сырын аш₺ деп аталады. Бұл жерде әр топқа еліміздің белгілі ақын-жазушыларымыздың тіл туралы айтылған пікірлері беріледі. Сол пікірлерді сіздер түсіндіруіңіз керексіздер.

1. Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов

2.Ана тілін білмейтін адам- бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ.Мұстафин

3. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесіннің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ж.Аймуытов

4. Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ. Мағжан Жұмабаев

5. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б. Момышұлы

5. Тіл туралы берілген тақырыпта шығарма жазу.

Тақырыптар:

1.Жасай бер , ана тілім, қазақ тілім!

2.Тіл біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.

3. Анамның тілі -ардақтым менің!

Оқушылар шығармаларын жазып болғанша, көрермендер арасынан жарыс өткізу. Әуелі үш мақал айтып, жалғасын тез табу. Тез тапқан үш оқушыны ортаға шығару. Оларға тапсырма;

1.Тіл туралы мақал-мәтел айту. 2.Берілген суреттегі затты жұмбақтап айту.

3. Мағынасын ашу.

6. Өз өнерін көрсету. Әр топ өздері дайындалып келген өнерлерін көрсету.

7.Берілген өлең жолдарына ұйқас құрастыру. Тез айту.

а) Ана тілім-бала шағым өркенім,

Ана тілім -болашағым, ертеңім, ...

ә) Ана тілім- бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

б) Ана тілін білмеген

ақылы жоқ желік бас.

в) Бұл жанды тіл- менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.

- Ал, балалар, тіл туралыкөптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Халқымыздың

бай тілін меңгеру, көркейту, қыр-сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние

Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!



































АСыныптан тыс іс-шара Мемлекеттік тіл-менің тілімкмолинская область Ерейментауский район

КГУ «Торгайская средняя школа»













Қазақ тілі апталығында орыс сыныптар аралығында өткізілген сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл-менің тілім»



Өткізген Қазақ тілі мұғалімі:

Абдрахманова Т.Д.













-



2015-2016 оқу жылы









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал