- Учителю
- Тіл дамыту сабағы. Табиғат және біз.
Тіл дамыту сабағы. Табиғат және біз.
Қазақ тілі мен ағылшын тілінен кіріктірілген ашық сабақтың жоспары
Жубашева Б.Е.- вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Королевская Е.Л.-вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының бірінші санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: тіл дамыту сабағы. Табиғат және біз.
Сабақтың мақсаты: көплингвистикалық, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың әңгімелеу, презентация дайындау, жобалау әдістері арқылы алған білімдерін ауызекі сөйлеу тілінде қолдануға жаттықтыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын арттыру, білімдерін тереңдетуге талпындыру.
Дамытушылық: табиғат, экология жайлы ұғымдарын дамыту, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасау және қойылған мәселеге шығармашылықпен қарау дағдыларын, қарым-қатынас мәдениеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды туған жердің табиғатын қорғауға насихаттау, туған елдің мәдениетіне, әдет - ғұрпына сүйіспеншіліктерін арттыру
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Өткізу формасы: топтық жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс, жобалау, презентация дайындау
Сабақтың жоспары
1 Амандасу. Топқа бөліну.
2 Балалардың психологиялық дайындығы.
Көңіл-күй сөздігі. Шеңберге тұрып, балалар өздерінің көңіл - күйлеріне сәйкес сын есімдерді айтып, түсіндіреді: жайлы, көтеріңкі, бақытты, қуанышты, көңілді...
3 Түпкі ойға енгізу. Аңыз.
( Күйдің үні)
Алла тағала жарық дүние: аспан мен жерді, мұхиттар мен теңіздерді, барлық елдер мен құрлықтарды жасаған кезде Қазақстанды есінен шығарып алыпты. Есіне түскенде, қолында ешқандай материал қалмапты. Әр түрлі жерлерден кішкене бөліктер алып, Қазақстанның тұрақталған мекеніне қондыра бастады: бір бөлікті америка елінен қиып алды, Италия елінің орта бөлігін, африканың шөл даласын, Кавказ тауларының құрышын да кесіп алып, Еуразия құрлығының қақ ортасына орналастырды. Бұл аңыздың шындығына сенбеу мүмкін емес, себебі біздің ғажайып елімізде дүние жүзінің әдемі жерлерінің барлық сипаттарын табуға болады. Осындай кең-байтақ еліміздің табиғаты да әр алуан. Бұл жерде жазық дала да, тоғай-орман да, асқар тау да, өзен-көлдер де, шөл - шөлейттер де жеткілікті. Бірақ осындай табиғатты қорғау - баршаның міндеті. Табиғатты қорғау - қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол - еліміздің болашағы, халқымыздың байлығы.
4 Ағылшын тілінде аңыздың мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру.
5 Тақтада 2 оқушы «табиғат», «экология» тақырыбына ағылшын және қазақ тілдерінде кластер толтырады. Сосын орындарын ауыстырып, екінші тілге аударады. Қалғандары осы тапсырманы өздері орындайды.
Табиғат, өзен, көл, жануар, өсімдік, тал-теректер, мұхит, теңіз,шөл, шөлейт, тау, мұздақ, орман, бұлақ...
6 Мәтінмен жұмыс. Топпен жұмыс. 1- топ - 1 абзацты қазақ тілінен ағылшын тіліне аударады. 2-топ - 2 абзацты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударады. 3-топ - мәтінге қазақ және ағылшын тілдерінде сұрақтар (үш-үштен) құрастырады.
-
Табиғатты қалай қорғаймыз
Бүгін экология адамзаттың ең үлкен проблемасына айналды. Табиғи ресурстар азайып барады. Қоршаған орта ластанған. Үлкен қалалардың ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар кездеседі.Мұның бәрі-өнеркәсіп өндірістерінің қалдықтары мен автокөліктердің пайдаланылған газы.
Б ұл келешекте зор апатқа әкелуі мүмкін. Табиғат- тірі дүние. Біз табиғаттан тек алуды білеміз. Оның бар байлығын пайдаланып жатырмыз. Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз. Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөледі. Олар ормандарын күтеді.
Орман - оттектің жер бетіндегі бірден-бір көзі. Ол-атмосфералық ауаны тазартушы. Бір гектар жерді алып жатқан қарағай жыл сайын он тонна оттек шығарады екен.
8 Презентация. Быков А., Перов И. «Батыс Қазақстан облысы. Жер көлемі.. Ауа-райы. Табиғаты»
*Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батысында,Жайық өзенінің бойында,Еуропа және Азия дүниежүзі бөліктерінің аралығында орналасқан. Солтүстікте Ресей мемлекетінің Самара,Орынбор,Саратов облыстарымен, солтүстік-шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау, батыста Астрахань және Волгоград облыстарымен шектеседі. Жер көлемі 151,2 мың шаршы шақырым. Облыс 1932 жылы 10 наурызда «Батыс Қазақстан облысы» деген атауымен құрылған. 1938 жылы Орал облысы деп өзгертілді. 1992 жылы облысқа бұрынғы атауы қайта берілді. Облыс орталығы - Орал қаласы. Облыс құрамында 12 әкімшілік аудан бар. Облыс жері Ресейдің басқа көршілес облыстарымен шекаралас жерлерде кейбір кеден бекеттері орналасқан. Климаты континенталдық: жазы ыстық, қысы суық, жауын-шашын мөлшері аз. Жер бедері жазықты. Топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі әр түрлі.
9 Презентация. Тушканова Е. «Батыс Қазақстан облысы. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі»
-
Батыс Қазақстан облысының табиғаты солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай өзгеріп отырады. Облыстың солтүстігінде, Жайық бойы орман алқабында: талдар, қайың, терек, үйеңкі, шегіршін, шетен сияқты ағаштар кездеседі. Осы орманға өзінше көрік беретін емен ағашы сирек кездеседі. Орман ішінде бұғы, қабан, қасқыр, түлкі, қоян кездеседі. Оңтүстікке қарай ауа райының өзгеруіне байланысты өсімдік және жануарлар түрлері азайып, сирей бастайды. Негізінен шөлге төзімді жан-жануарлар мекендейді. Олар: жылан,кесіртке, саршұнақ, қосаяқтар. Кейбір өсімдіктер және жануарлар түрлерінің сиреп кетуіне байланысты облыс көлемінде бірнеше қорықшалар ұйымдастырлылған. Олар: Краснов, Дарьинск, Бударин, Көшім, Сары-Қамыс. Облыс жерінде 240 көл, өзен, су қоймалары бар.Ең ірілері: Жайық, Шаған, Деркөл өзендері, Шалқар көлі.
10 Ағылшын тілінде бейнеролик
11. Тапсырма: сөйлемдерге тиісті сөздерді қосыңыз.
12.Жобамен жұмыс.
-
1 - топ - фотосуреттермен жұмыс.Шағын әңгіме.
Біздің мектеп жыл сайын облысымыздың көрікті жерлеріне экскурсияға барады. Соңғы рет Теректі ауданы Федоровка ауылына бардық. Сол жерде түсірілген фотолармен таныстырғым келеді.
2 - топ - глоссарий құрастыру (ағылшын, қазақ тілдерінде)
3 - топ - мақал-мәтелмен жұмыс. Медеуова Л.
-
Қазақ халқы ежелден сөзге шебер, шешен халық болған. Халқымыздың рухани байлығы - мақал-мәтелдер. Соның ішінде туған жерге, табиғатты қорғауға арналған мақал-мәтелдер:
Жасыл желек жердің көркі.
Жер -қазына, су - алтын.
Жерді алдаған аш қалар.
Екпесең, жер қысырайды, күтпесең, көл қысырайды.
Жер еткен жақсылық жерде қалмас.
Жердің тілін білсең, тілдей жерден жылдық өмір аларсың,
Елдің тілін білсең, елге сыйлы болып жағарсың.
13 Қорытындылау. Рефлексия. Бата - тілектер
Аспанымыз ашық болсын!
Суымыз мол болсын !
Ақ мол болсын!
Еліміз берекелі болсын!
Жеріміз игілікке, молшылыққа толы болсын!
14 Үй тапсырмасы: эссе «Табиғат және біз»