- Учителю
- конкурс 'Көктем аруы' 9 класс
конкурс 'Көктем аруы' 9 класс
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі
А.М.Горький атындағы гимназия
«Көктем аруы» сайысы
9 сынып
Мұғалім: Ақышева Балайым Жансейітқызы
Тақырып: «Көктем аруы» сайысы
Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру; қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Барысы:
1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші. Бүгінгі "Көктем аруы" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
"Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші.
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
1-жүргізуші.
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
2-жүргізуші.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
9 а сынып қыздары өнерлі
Бойға өнер жиған қыздар.
9 б сынып қыздары білімді
Меңгерген бар ілімді
9 в сынып қыздары елгезек
Алады тез тіліңді.
9 г сынып қыздары үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
Гауһардай қыздар шығады
Бұрымдары желбіреп.
2-жүргізуші.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Әділ-қазы мүшелері:
Жиналдық наурыз тойға бәріміз де,
Үлкен-кіші,жасымыз кәріміз де.
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері,
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршаңызға ашайық.
Көрерменге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді,жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу-маржан шашайық.
Ата жолын қуайық,
Салт-дәстүрді сыйлайық.
Наурыз келсе,құт келгені халайық,
Шашу шашып,ел боп қарсы алайық.
1-жүргізуші. Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1 тур: Өзін- өзі таныстыру.
2 тур: Сән үлгісі.
3 тур: Қазақтың салт - дәстүрін білесің бе?
4 тур: Мақал- мәтел сайысы
5 тур: Өз өнерін көрсету .
2-жүргізуші.
Кел, достар, бастайық,,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
1-жүргізуші.
Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін -ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.
Қарсы алайық ду қол шапалақпен ......................... тобын.
Келесі сахнаға ................. тобы шығады.
Сахнаға ....................... тобын шақырамыз.
Қарсы алыңдар: .......................... тобы шығады
2-жүргізуші.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-
Сән үлгісі сайысы.
Қарсы алайық ду қол шапалақпен ......................... тобын.
Келесі сахнаға ................. тобы шығады.
Сахнаға ....................... тобын шақырамыз.
Қарсы алыңдар: .......................... тобы шығады
2-жүргізуші
Үшінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Үшінші сайысқа қатысу үшін сахнаға барлық топтарды шақырамыз.
Берілген сурет бойынша кезекпен салт - дәстүрдің түрін айтып беру .
Бірінші топ үшін фотосурет, бұл қандай салт-дәстүр?
Екінші топ үшін фотосурет, бұл қандай салт-дәстүр?
Үшінші топ үшін фотосурет, бұл қандай салт-дәстүр?
Төртінші топ үшін фотосурет, бұл қандай салт-дәстүр?
1-жүргізуші.
Әдет-ғұрып, салт -дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
Мақал-мәтел-сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі.
Қарапайым қазақ тілі-өз тілім,
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.
Келесі сайысымыз: «Мақал - мәтел- сөз мәйегі».
Экранда фотосуретке қарап сған байланысты мақал - мәтел айтып беру .
Сайысқа қатысу үшін сахнаға барлық топтарды шақырамыз. Әділқазылар, қай топ көп мақал біледі екен, санайық!
Бірінші топ үшін фотосурет, бұл суретке байланысты қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Екінші топ үшін фотосурет, бұл суретке байланысты қандай мақал - мәтел білесіңдер ?
Үшінші топ үшін фотосурет, бұл суретке байланысты қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Төртінші топ үшін фотосурет, бұл суретке байланысты қандай мақал - мәтел білесіңдер?
2-жүргізуші.
Бесінші сайыс-өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық
Қарсы алайық ду қол шапалақпен ......................... тобын.
Келесі сахнаға ................. тобы шығады.
Сахнаға ....................... тобын шақырамыз.
Қарсы алыңдар: .......................... тобы шығады
1-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.
1-жүргізуші.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
2-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт -береке , бірлік әкелсін.