7


  • Учителю
  • Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары.Фонетикалық талдау

Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары.Фонетикалық талдау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың тақырыбы : Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары.Фонетикалық талдау

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Студенттерге ұлттық тіл, тіл мен сөз мәдениеті арасындағы байланысты түсіндіру. Қазіргі қоғамдағы тілдің дамуы, дұрыс сөйлеу мәдениетін ұғындыру.

Б) дамытушылық: Оқушылардың пікірі мен көзқарасының қалыптасуына, ойын дәл айтуға ықпал ету;

В) тәрбиелілігі: Сезімталдыққа, сөз астарын ұғуға, ата - баба дәстүрін сақтауға, туған тілін қадір тұтар азамат қалыптасуына әсер ету;

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих,әдеп, әдебиет

Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелесу - сұхбат, ой тастау, жүйелеу, миға шабуыл, практикалық және шығармашылық ізденіс тапсырмаларымен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: пікір парақшасы, плакат, кеспе қағаз, үш бидің суреттері

Сабақтың барысы :Сабақ / оқу кезеңі



Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

-Студенттермен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

-Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

-Студенттердің зейінін сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)

1.Тіл туралы ақындардың өлеңін жаттау

2.Оларға талдау жұмыстарын жүргізу

1.Тіл дегеніміз не?

2.Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?

3. Қандай мәселелер қарастырылған?

4.Мемлекеттік тіл дегеніміз не?

5.Қаза тіліне тән белгілер?

3

Жаңа сабақты түсіндіру

Сөз мәдениеті дегеніміз - оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым - қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі,әдеби норманы сақтау.

Жалпы сөздік құрамдағы сөздер 2 топқа бөлінеді: актив(күнделікті өмірде жиі кездесетін сөздер) және пассив(көнере бастаған сөздер).

Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас - сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсіінісу дегенді нақтылай келіп, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір - бірімен пікір алмасуы».Адамдардың қарым қатынасы 2 топқа бөлінеді:

1.Тілдік қатынас(вербалді)

2. тілсіз қатынас (вербалсіз)

Тыңдаушыға сөзін анық, дәл, айқын дауыстың әсерлі еркін, жігерлі шығып жеткізе білуі.

Бет жүз қимылдары мен дене қимылдары: баз изеу, жұдырық түю , шапалақтау, иығын өтеру, бас шайқау, бармағын тістеу.

Ашу ыза: тісін қайрау, ернін жымқыру

Қуаныш: қолын шапалақтау, бөркін аспанға ату.

Шарасыздық: алақанын жаю, желкесін қасу

Жеңілу: бас ию, қол қусыру

Тілді бір адам ғана жасамайды және әркім өз білгенінше сөйлей бермейді. Тіл өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға ортақ тілді әдеби тіл дейді. әдеби тілдің түрақты нормалары болады. Сол нормалар арқылы да әдеби тіл көпшілікке түсінікті әрі бәріне ортақ болып келеді. Көркем әдебиет тілі, ғылыми әдебиеттер тілі, баспасөз тілі - бәрі де әдеби тілде жазылады. Тілді әдеби етіп тұратын нормалар әр түрлі. Лексикалыц норма - сөзді мағыналарына сәйкес қолдану, грамматикалыц норма -грамматикалық түлғалардың орынды жүмсалуы, фонетикальщ норма - дыбыстардың дұрыс қолданылуы.

Әдеби тіл екі түрде өмір сүреді. Оның бірі- ауызша тіл, екіншіс! - жазбаша тіл. Ауызша тіл үй іші, отбасында ғана емес, телерадио хабарларында, жиын-жиналыстарда сөйлеу, адамдардың бір-бірімен бетпе-бет сөйлесуі, диалог арқылы, мүғалімнің сабақ түсіндіруі, оқушының жауабы және т. б. арқылы көрінеді. Жазбаша тіл ойды қағазға жазу арқылы көрінеді. Әр түрлі кітаптар, көркем шығармалар, оқулықтар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер және т. б. жазбаша тіл арқылы беріледі. Ауызша, яғни сөйлеу тілінің өз нормалары болады. Ауызша тілдің нормалары орфоәпиялық нормалар деп аталады. Онда сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуындағы бірізділік, үндестік сақталып отырады. Мысалы, Ақ үйден шыга келді әнші жігіт деген сөйлем орфоәпиялық норма бойынша: Аг үйдөн шыга гелді әнші жігіт болып айтылады. Екінші сөздегі бірінші у дауысты дыбысының әсерінен алдыңғы ак сөзінің соңғы қатаң қ дыбысы үяңданып, ғ болып, үйден деген сөздің бірінші буынындағы у деген еріндік дауысты дыбыстың әсерінен шығыс септіктің жалғауындағы (-ден) езулік дауысты е еріндік ө дыбысына айналып, үйдөн болса,

келді деген сөздің бірінші к дыбысы алдыңғы сөздің соңғы дауысты а дыбысының әсерінен ұяңданып, г болып (гелді) айтылады. Ал жазуда олар ескерілмейді, орфографиялық норма негізінде жазылады. Сөздердің дұрыс айтылу нормалары орфоәпиялық сөздіктерде беріледі де, дұрыс жазылу нормалары орфографиялық сөздіктерде көрсетіледі.



4

Өтілген сабақты бекіту





















18-жаттығу .Фонологиялық талдау жасату





Кестені толықтыру





Оргр

норм

ОРф.э норм

Мұғалім

Студент













«Автор орындығы»ойыны

Үш бидің ұлағатты сөздерін оқу арқылы сөйлеу кезінде қолданылатын әртүрлі бет - жүз, дене қимылдарын көрсету.





5

Қорытынды

БББ стратегиясы бойынша қорытынды жасау





6

Үйге тапсырма

1.Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары тақырыбын оқып, түсінік айту

2.Қысқаша баяндама жазып, бет - жүз, дене қимылдары арқылы көрсетіп, оқу

7

Бағалау

«5» - өте жақсы

«4»- жақсы

«3» қанағаттанарлық деген бағалармен студенттерді бағалау



Пән оқытушысы: Ертасова Гүлдана



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал