- Учителю
- Урок Кітап асыл қазына 7 класс
Урок Кітап асыл қазына 7 класс
Сыныбы: 7 Пәні: қазақ тілі күні:
Сабақтың тақырыбы: Кітап - асыл қазына.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: қазақ тілінде сауатты сөйлеу мақсатында екпін қойып оқуды меңгерту. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу.
Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, түсіндірмелі талдау, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,карточкалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сыныпта кім кезекші?
-Сабақта кім жоқ? -Сынып сабаққа дайын ба?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
Жаңа сабаққа даярлау:
-Сыйлық дегеніміз не?
-Сыйлықты қай уақытта беру керек?
-Сендер көбінесе кімге сыйлық бересіңдер?
-Өздерің кімнен сыйлық аласыңдар?
-Көбінесе сыйлыққа не аласыңдар?
Жаңа тақырып:
Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
асыл - драгоценный (-ая,-ое) жинақ - сборник
қазына - сокровище байлық - богатство
Мәтінмен жұмыс:
-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу
-мәтінді аударту
Кітап - асыл қазына
Кітап - асыл қазына. Кітапты ең жақсы сыйлық ретінде қабылдайтын адамдар қазір де кездеседі. Кітапты туған күнге де, мерекеге де, балаға да, үлкенге де сыйлауға болады. Қазіргі таңда сыйға беретін полиграфиялық туындыларды да таңдап алуға болады. Балаларға қазақша, орысша немесе үш тілді энциклопедиялар сыйлауға болады. Үйінде бай кітапханасы бар адамдардың коллекциясына әйгілі авторлардың шығармалар жинағын сыйға тартуға болады. Кітап қай заманда да болсын ең жақсы сыйлық болып қала бермек.
Жеке жұмыс.
-Мәтіннен Сапалық және қатыстық сын есімдерден тұрған сөздерді тауып, талдау.
-Мәтін ішіндегі етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою.
Топпен жұмыс.
-Әр топ мәтінге 3 сұрақтан дайындап, қарсы топтарға қою, қатесін түзету.
-Сызба бойынша сөйлемдер жазу.
....
Кітап ....
...
Кітапты ... сыйлауға болады.
...
...
Балаларға ... сыйлауға болады.
...
Сабақты қорытындылау:
-Сонымен бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-Қандай жаңа сөздермен таныстық?
-Не туралы мәтін оқыдық?
Үйге тапсырма:
-Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.
-
Кітап - білім бұлағы.
-
Кітап - алтын қазына.
-
Күш - білімде, білім - кітапта.
-
Кітап - ғылым, тілсіз мұғалім.
Бағалау.